Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоғалтпаған асыл қазына



бет1/8
Дата11.04.2023
өлшемі162,5 Kb.
#81674
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8



Түсінік хат

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоғалтпаған асыл қазына.


Оқыту тілі қазақ тілінде емес мектептің 9 сыныбына арналған «Абайтану» курсының бағдарламасында оқушыларға ақыннын өмірі мен шығармашылығы, Абайды зерттеушілер, Абайды білмек парыз, ойлы жасқа, Абай және орыс әдебиеті, жылдың төрт мезгіліне, өнер-білімге арналған өлеңдерін және әншілік өнердің қыр-сыры, қара сөздің қаймағын қара сөздерін оқыту көзделген.
Курстың мақсаты – ақын шығармашылығы арқылы жан-жақты дамыған толық адам қалыптастыру.
Кіріспе. Адамзаттың Абайы – 1 сағат. Пән туралы түсінік, мақсат-міндеттері. Абайтанудың өзектілігі.
Абайды білмек парыз, ойлы жасқа – 5 сағат. Ақынның рухани мұрасы, афоризмдері, «Асыл сөзді іздесең Абайды оқы ерінбе...» - жастарды оқу білімге шақыру мен өзіне деген сенімділікке шақыратын өлеңдекрімен таныстыру.
Абайдың өмірі – 2 сағат. Ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып –өскен ортасы, алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы, Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері.
Ақынның халық даналығын тануы – 2 сағат. Абай ақындығының бастаулары, ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары, ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы, қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерін әжесі Зереден, халық ақындары Дулат, Шөже, Байкөкше, Балталардан есітіп, жадына тоқуы.
Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар – 1 сағат. Абайдың араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгеруі, шығыс әдебиеті Абайдың нәр алған рухани мектебі, Абайдың алғашқы шығармашылығына тән шығыстық сарындар, Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеудің бүгінгі бағыт-бағдары, Абай шығармаларының шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерудегі Мұхтар Әуезовтің еңбегі, Абай шығармашылығына шығыс әсерінің М.Мырзахметұлының еңбектерінде жаңаша зерттелуі, Абай шығармашылығының шығыс әдебиетімен және шығыс мәдениетімен байланысын қарастырудағы жаңаша көзқарастар мен тың бағыт-бағдар.
Абай және орыс әдебиеті – 1 сағат. Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануы, «Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі екендігі, аударманы түпнұсқамен салыстыра оқығанда көрінетін ерекшеліктер;
Абай және орыс әдебиеті – 2 сағат. Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануы, «Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі екендігі, аударманы түпнұсқамен салыстыра оқығанда көрінетін ерекшеліктер;
Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы – 1 сағат. Абай өлеңдерінің шет тілдерге аударылуы, өзге тілге тәржімаланған ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері.
Жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдері – 2 сағат. Қазақ ақындары ішінде жылдың төрт мезгіліне өлең арнаған Абай екендін даралап көрсету, табиғаттың өзіне тән құбылысы бар екендігін таныту.
Ғылымға көңіл бөсеңіз – 3 сағат. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің басты идеясы – жастарды ғылым, білімге үндеу, халықтың болашағы үшін ғылым-білімнің маңызын, мақсат-міндетін айқындауы, ғылым, білімді уағыздаған ағартушы ақынның ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы; «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба»,
Қара сөздері – 3 сағат. Абай қарасөздерінде көтерілген негізгі мәселелер және даналық ой-пікірлері, ақынның халқына айтқан өсиет-насихаттары.
Абай әндерінің таралуы – 1 сағат. Ән мен күй, өнер құдіреті туралы толғанысы, жақсы әннің көкейге ой салатын эстетикалық мәні, Абай әндерінің мазмұны, халық арасына таралуы турасында, Абай әндерінің халық әндерімен ұқсастықтары және айырмашылықтары, Абайдың музыкалық туындыларындағы әуен мен ырғақтар
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» - 5 сағат. «Құлақтан кіріп бойды алар», «Өзгеге, көңілім, тоярсың» өлеңдері мен күйлері, «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қалам қас» әні, ән мен күйдің халықтың өмірінде алатын орны, ақынның ән және күй өнері туралы пікірі, Абайдың қазақ музыка өнеріне енгізген жаңалығы хақында, Абай әндерінің көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері.
Қорытынды сабақ – 3 сағат.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет