Таным философиялық мәселе ретінде. Таным теориясы.
Таным дегеніміз адамның дүниені рухани тұрғыдан меңгеру процесі,оның мақсаты-ақиқатқа қол жеткізу. XIX ғасырға дейін таным теориялық-философияның шеңберінде онтологиямен бірлікте қарастырылады. Өткен ғасырларда, таным процесін зерттеу гнесеология (грек тілінен аударғанда-таным) атты өз алдына дербес ғылымға айналды.Соңғы он жылдықта философтар шет елдерде эпистемология ұғымын қолданып жүр,бұл ұғым (грек тілінен аударғанда episteme-білім). Эпистемология-бұл біздің әртүрлі пәндер жөнінде қалай білімге ие болатындылығымен,біздің білімдеріміздің шегі туралы,адамзат білімінің қаншалықты дұрыс екендігін анықтайтын философияның бір бөлігі. Философия тарихында бұл сұраққа берілетін жауаптың екі түрлі тәсілі қалыптасты. Олар :гностицизм және агностицизм.
Гностицизм– танымның бүгiнi мен ертеңiне оптимистiк түрде қарайды. Олардың пiкiрiнше, әлемдi тануға болады. Адамның дүниенi танудағы мүмкiндiгi өте зор. Танымның жалпы мәселелерi: оның табиғаты, бiлiм мен нақтылықтың қатынасы, оның ақиқаттылығының шарты, философияның негiзi зерттеу тарауында таным немесе гносеология (гр. gnosis – бiлiм, logos – iлiм, сөз) деп аталады. Гносеология – бiлiм туралы iлiм ретiнде әлемдi тануға болатындығына күмән келтiрмейдi.
Агностицизм (гр. agnostos – а – жоқ, терiске шығару, gnosis- бiлiм) – танымның нақты екендігіне күмән келтіреді, тану мүмкіндігін толық немесе ішнара теріске шығаратын ілім. Оның тарихы ұзақ.