Логопедия



Дата03.05.2023
өлшемі76,64 Kb.
#89269
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
1 тапсырма

Логопедия

«Дефектология» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білім негізіндегі күндізгі оқу түрінің қысқартылған оқу мерізімдері бойынша 1 курс студенті

Абдигамитова Мадина Мухтаркызы

Логопедия– сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым. 

  • Логопедия – логос (сөз және пайдео) тәрбиелеймін, үйренемін деген грек сөздерінің түбірінен алынған. Логопедия арнайы педагогиканың (дефектологияның) бір бөлігі болып есептеледі. Логопедияның зерттеу объектісі – сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам. Қазіргі логопедия мектеп жасына дейінгі, мектептегі логопедия және жеткіншектермен ересектер логопедиясы деген бөлімдерден тұрады.

Логопедияның негізгі мақсаты сөйлеу тілі бұзылған адамды оқытуды, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеуді, сонымен бірге сөйлеу тілінің кемістіктерінен алдын-ала сақтандыру жолдарын ғылыми негізде жете зерттеу


 Логопедия ғылымының анықтамасына сүйене отырып, мынандай міндеттерді белгілеуге болады:
*Әртүрлі тіл кемістіктеріндегі сөйлеу тілі қызметінің дамуын зерттеу.
*Сөйлеу тілі бұзылуның таралуын, оның симптоматикалық белгілерін анықтау.
*Сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу қабілетінің өздігінен белгілі бір бағытпен дамуын, сөйлеу кемістіктерінің адамның жеке басының қалыптасуына, психикасының дамуына тигізетін ықпалын анықтау.
*Әртүрлі ақаулары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктері мен кездесетін тіл кемістіктерін зерттеу.
*Сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтайтын, ажырататын педагогикалық тәсілдерді жетілдеру, дамыту.
*Сөйлеу тілі бұзылуының себептерін, белгілерін, құрылымын, механизмдерін анықтау.
*Сөйлеу тілі кемістіктерін жүйелеу.
*Тіл кемістіктерінің ерекшеліктеріне байланысты қолданатын түзету әдістері мен амалдарын жетілдіру.
*Қазақ тіліне тән дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін және түзету тәсілдерін анықтау.
*Сөйлеу тілі кемістіктерінен алдын-ала сақтандыру тәсілдерін толық жетілдіру.
*Логопедиялық жәрдемді ұйымдастыру мәселесін жете зерттеу.
ЛОГОПЕДИЯНЫҢ БАСҚА ҒЫЛЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ 
Медицина ғылымының ішіндегі логопедиямен тығыз байланыстылары: патофизиология, анотомия, физиология және есіту мен сөйлеу тілі мүшелерінің патологиясы, олигофрения клиникасы, психопатология, педиатрия. Бұл ғылымдар, сау баланың даму заңдылығын зерттеумен бірге, баланың дене бітімі мен психикалық дамуының мөлшерден ауытқуын да зерттейді. 
Логопедия лингвистика ғылымымен және психолингвистикамен тығыз байланысты. Бала тілінің жүйелі түрде даму заңдылықтарын білу логопедиялық қорытынды дұрыс анықтауға және оған сәйкес дәйекті логопедиялық ықпал жасау үшін қажет.
Логопедия жалпы және арнайы психологиямен, психодиагностикамен тығыз байланысты. Логопед баланың психикалық дамуының заңдылығын және әртүрлі жастағы баланы психолого-педагогикалық тәсілдермен тексеруді пайдалана білу қажет.
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет