Логопедиялық жұмыстарда массаждық зондтарды қолдану


, 4, 5. Үлкенді, ортаңғы, кішілі « Шаналар » зондтары



бет2/3
Дата02.05.2023
өлшемі91,21 Kb.
#89059
1   2   3
3, 4, 5. Үлкенді, ортаңғы, кішілі « Шаналар » зондтары тілдің бұлшықеттерін, жақты, бетті, ерінді, жұмсақ таңдайды әр түрлі бағытта жылжи отырып, белсендіреді.
Зондтың ұштары кез келген жағымен жұмыс істеуге икемді етіп жасалған. Егер де бір жағымен екі нүктелі жылжымалы үйкеліс жасалса, ал екінші жағынан үш нүктелі жылжымалы үйкеліс жасауға болады. Массаж жасау барысында зондтың жоғарғы бөлігімен де бұлшықеттерді басуға болады.
« Шаналар » зондымен біркелкі массаждар жасалғанымен, бірақ массаж жасайтын ауқымда қарқындылығы әр түрлі болады. Сонымен қоса, № 5 зондының (келесі бетімен) бұрылмалы және секірмелі қимылдар жасалады.
6 « Балта » зонды ауқымды жерді алып және қарқынды ықпал жасай отыра, тілдің бұлшықетіне, жаққа, бетке, ерінге, жұмсақ таңдайға массаж жасауға пайдаланады.
Бұл зонд екі қимыл жасауға арналған : бұлшықетті қатты басу және бұлшықетпен жылжыту.
Бұлшықетті басу арқылы оның тонусының тартылғанын, қимылының белсенділік қабілетін байқаймыз. Басу дәрежесі бұлшықеттің тонусына байланысты : тонус төмен болса, сол ғұрым басу қарқынды болады. Басу қимылы жиірек, ал арақашықтығы қысқа болады. Басу қимылы 5 секунд жасалады.
Жылжыту әдісі бұлшықетке икемділік пен беріктілік беріп, бұлшықеттің ширығуын жояды.
7 « Айқастырылған табан » зонды бұлшықеттерге әсерін тигізіп, тілдің жоғары көтерілуін қамтамасыз ете отырып, жақ сүйектеріне, бетке, ерінге, ортаңғы және тілдің тамырларына массаж жасауда қолданамыз. Бұлшықеттің белгілі жерлеріне ғана жаттығу жасау керек : тілдің үстін басып және кері ығыстыру және мәжбүрлеп тілді жиыру.
« Айқастырылған табан » зондымен 30 секунд ішінде тілдің бұлшықетін жиыруға болады. Оның көмегімен мына қимылдар жасалады :

  • Басып шаншу қимылдары, қимыл уақыты - 5 секунд.

  • Секірмелі алға-артқа қайтармалы қимылдар. 5-6 қимыл жасап болған соң , орнын ауыстырып жалғастырамыз.

  • Шеңберді бойлай оңға-солға басу әдісі ( бұлшықетті зонды арқылы бұрау ) . Қимыл уақыты – 5 секунд.

  • Бұл зонд Г, К, Х және Ш, Ж, Щ, Ч, Р дыбыстарын қоюға қолайлы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет