4
АДАМ
Адам – тіршілік иесі (ор
ганизм). Адам организмі
жеке бөліктерден –
мү
шелер
мен
ағзалардан
тұрады.
Көз, жүрек, асқазан, бауыр,
өкпе – мүшелер. Әр мүшенің
құрылысы бөлек және ол
белгілі бір қызмет атқарады.
Мәселен, адам көзімен төңі
регінің бәрін көреді. Көз – кө
ру мүшесі. Асқазан арқылы
адам қоректік заттарды қа
былдайды. Асқазан – ас қоры
ту мүшесі. Ал өкпе арқылы
тыныс алады. Өкпе – тыныс
алу мүшесі. Жүрек арқылы
Адам организмі
Адам – тірі табиғаттың бір бөлігі. Басқа да тіршілік иелері
сияқты ол тыныс алады, тамақтанады, өседі, дүниеге ұрпақ
әкеледі. Өсімдіктер мен жануарлар сияқты адамға да ауа, су,
жарық, тамақ және жылу қажет. Адамның жануарлардан
ерекшелігі – адам ойлай алады, сөйлейді, тік жүреді, еңбек
етеді. Осының арқасында ол қалалар, жолдар, фабрикалар
мен зауыттар салады, автомобильдер мен ұшақтар, телефон,
теледидар, компьютерлер жасайды. Адамдар кітап жазады,
музыка шығарады, мүсіндер жасайды, картиналар салады.
Адамның қолынан бәрі келеді. Не істегісі келіп талпынса,
соның бәрін істей алады. Бірақ бұл үшін білім керек. Білімді
болу үшін оқу керек.
Ми
Асқазан
Жүрек
Ішек
Өкпе
Бауыр
5
қанмен дененің барлық бөліктеріне қоректік заттар тарайды.
Жүрек – қан айналым мүшесі.
Ми – аса маңызды ағза. Адамның ойлауы және басқа
мүшелердің дұрыс жұмыс істеуі мимен байланысты.
Бастағы миға жұлын жалғасып жатады. Ми мен жұ
лыннан бүкіл мүшелерге ақ жіпке ұқсас жүйке тарайды.
Олар арқылы миға әртүрлі сигнал түседі, ал мидан дененің
барлық мүшелеріне кері сигнал тарайды.
Дененің барлық мүшелері үйлесімді жұмыс атқарады. Біз
адам организмінің құрылысын және қалай жұмыс істейтінін
білуіміз керек. Ол денсаулықты сақтау және нығайту үшін
қажет.
1. Адам тірі табиғаттың бір бөлігі екендігін дәлелде.
2. Адам жануарлардан несімен ерекшеленеді?
3. Адам денесінің мүшелері туралы айт. Ол мүшелер қандай
қызмет атқарады?
Адам неге өз денсаулығын сақтауы тиіс?
22
Қысқа мерзімді бақы
лаулар да бола ды. Сен
гүлге қонған араны көрдің.
Үлкейткіш шыныны ал
да, аса сақтықпен араның
өсімдік шырынын қалай
жинайтынын бақыла.
Құмырсқа илеуі шыбықтар мен топырақтан жасалған.
Кіріпшығатын тесіктері барлық жағында бар, көбіне
күнгейінде. Теріскей жағы тік, ал күнгейі – көлбеу.
Сен шөпшалам, жән
діктерді көтеріп алып, бір
ізбен ағылып бара жатқан
құмырсқаларды көрдің.
Жол ды бой ла й жү ріп,
құмырсқалардың өз ол
жасын қайда алып бара
жатқанын байқа. Сен құ
мырсқа илеуін көресің. Ол
қайда орналасқан, оның
беткейлері қандай?
Өз бақылауыңды жазып
қоюды ұмытпа.
23
Нөсерді бақылауыңа болады. Нөсердің алдында аспанның
түсі қандай, нөсер қалай басталды? Алдымен күн күркірей
ме, әлде найзағай жарқылдай ма? Нөсер қалай аяқталды?
Нөсерден кейін табиғатта қандай өзгерісті байқадың?
Қардың жауғанын бақылауыңа да болады. Қар жа
уар алдындағы аспанға қара. Қар ұлпасын үлкейткіш
Томардың түбіндегі құмырсқа илеуі
32
1. Дене деп нені айтамыз?
2. Қандай денелер табиғи деп аталады?
3. Қандай денелер жасанды деп аталады?
4. Қатты, сұйық және газтәріздес денелерді ата.
Тапсырма
Дәптеріңе қатты, сұйық және газтәріздес денелердің аттарын
жаз.
Жасанды дене, табиғи дене.
Заттар
Дене заттардан тұрады.
Бір тамшы су – бұл дене, ал
оны құрайтын су – зат. Сызғыш – дене, ал ол жасалған
ағаш немесе пластмасса – зат. Бір түйір қант – дене, ал
қанттың өзі – зат.
Көптеген денелер бір емес, бірнеше заттардан түзіледі. Оған
ауа жатады. Ауаның құрамында оттегі, азот, көмірқышқыл
газы болады.
Тірі денелердің құрамы күрделі. Мысалы, өсімдікте су,
қант, крахмал және басқа заттар бар.
Денелер
қатты, сұйық
және
газтәріздес
болуы мүмкін.
Тас, сызғыш, бір тамшы су,
бір тамшы сүт, судағы ауаның
көпіршігі қайсысына жататы
нын түсіндір.
33
Жануарлар мен адамның денесі сан алуан заттардан
тұрады.
Сенің партаңда әртүрлі денелер жатыр. Олар қандай зат
тардан жасалған? Кітап пен дәптер – бұл дене. Олар қағаздан
жасалған. Қағаз – бұл зат. Сен жазу жазатын қалам да – дене,
ол пластмассадан жасалған. Пластмасса – бұл зат.
Суретті қара. Денелерді ата. Олардың қандай заттардан
тұратынын айт.
Сыныпта бар денелерді ата. Олар қандай заттардан
тұрады?
1. Зат деп нені айтады?
2. Бір заттан тұратын денелерді ата.
3. Бірнеше заттан тұратын денелерді ата.
Денелердің қандай заттан тұратынын білу адамдарға не үшін
керек?
Тапсырма.
Өз үйіңде бар бірнеше денені ата. Олар қандай заттардан жасалған?
Оны дәптеріңе жаз.
Зат, дене.
40
Жазда ауаға су буы жинақ
талады. Түнде жер беті ауаға
қарағанда тезірек салқындайды.
Жылы ауа салқын жер бетімен
жанасқанда, одан су тамшылары
бөлініп шығады. Су тамшылары
шөпке, топырақтың бетіне түседі.
Ол –
шық.
Күздің соңы мен қыста
қырау
пайда болады.
Жаңбыр, қар, бұршақ, шық,
қырау
– жауыншашынның
түрлері.
бірге су буын ала жүреді. Жоғарыда су буы мұздың өте
майда түйіршіктерімен ұшырасады. Олар мұз түйіршіктеріне
жабысып қатады да, бұршақ пайда болады. Бұршақтың
мөлшері әртүрлі. Жекелеген түйіршіктері көгершіннің
жұмыртқасындай бұршақ жауған кез болған.
Бұршақ адамға зиянды. Ол бақ пен бақша өсімдіктерін,
даладағы егісті құртып кетеді.
Шық
Қырау
41
Бұлттар көшіп жүреді.
Оларды жердің бетімен жел
айдайды. Ең биікте жүретіні
және ең жеңілі –
шарбы бұлт.
Ол жер бетінен 6 километр
ден 18 километрге дейінгі
биіктікте түзіледі. Ондай
бұлттан жауыншашын жау
майды.
2ден 6 километрге дейінгі
биіктікте
будақ бұлт
пай
да болады. Будақ бұлттың
түсі сұрдан қараға дейінгі
аралықта. Одан мол жауын
шашын түседі.
Ең ауыр және төмен ор
наласатын бұлт –
қабатты
бұлт.
Олар жер бетінен 2 ки
лометрдей биіктікте пайда
Будақ бұлт
Шарбы бұлт
Қабатты бұлт
болады. Қабатты бұлт бүкіл аспанды торлап алады және
одан ұзаққа созылатын жауыншашын жауады.
1. Тұман мен бұлт неден тұрады?
2. Жаңбыр мен қар қалай пайда болады?
3. Бұршақ қалай түзіледі?
4. Бұлттың қандай түрлері бар?
Бұлттар неге әр түрлі болады?
44
Өзен ағысымен жүзсек, оң жақта оң жағалау, ал сол
жақта сол жағалау болады. Өзен ағатын орын
арна
деп
аталады.
Жерасты суы
– жер қойнауындағы бос орында және
жарықтарда болатын су. Олар жаңбыр немесе еріген қар
суының жерге сіңуінен пайда болады. Су құмды, шағыл
тасты, тастақ жер арқылы оңай өтеді де, әрі қарай тереңге
өткізбейтін қалың қабатқа келіп жиналады. Бұл
су
өткізбейтін қабат
деп аталады. Ол саз бен граниттен тұрады.
Су осы жерде тоқтап, жинала береді. Көп жиналған кезде бұл
су еңіс жақтан жер бетіне шығатын жол іздейді. Жол тапқан
су жер бетіне
бұлақ
болып ағып шығады.
Салалар
Сол жағалау
Арна
Бастау
Оң жағалау
Саға
45
Жер бетіне шыға алмай
тын су да болады, ондай
жерден құдық қазады. Құ
дықтардың тереңдігі әр
түрлі: 2 м, 4 м, 8 м болуы
мүмкін.
Су қабаты тым терең
жатса, бұрғылау машина
сымен жерге тесік жасап,
оған құбыр түсіреді. Су
құбыр бойымен сыртқа
шығады. Бұл
артезиан
құдығы
деп аталады.
Жердің бетінде суға толы әртүрлі шұңқырлар болады,
бұл – көл. Көлеміне қарай үлкен және кіші көлдер бар. Көлдің
суы кейде тұщы, кейде ащы болады. Көлге тұз өзенмен ке
ліп түсіп, түбінде шөгіп қалады. Қазақстанда тұзды көлдер
көп.
Өзен, көл, құдық суын егістерді, баубақшаны, малдарды
суаруға пайдаланады.
1. Қандай суқоймалар болады? Сызбаны дәптеріңе толтыр.
2. Өзеннің бөліктерін ата.
3. Жерасты суы дегеніміз не?
4. Құдық туралы не білесің?
Топырақ
Құм
Тастар
Су
Саз
Суқоймалар
Өзендер
54
Гранит жер бетінде немесе жердің терең қабатында
жатады. Қазақстанда гранит тауларда, өзен арнасы мен
жағалауында кездеседі. Оны өндіру үшін машинамен гранит
жартасты теседі де, оған қопарғыш салады. Тек күшті қопару
арқылы ғана гранитті жеке кесектерге бөлуге болады. Кейін
арнаулы машинамен оны ұсақ кесектерге бөледі де, тегістейді
(бетін жылтыратады). Жасыл және қызыл граниттің бағалы
жыныстары Жамбыл облысында өндіріледі.
Гранит берік материал ретінде құрылысқа қолданылады.
Одан көпір тірегі, үйдің іргетасы, ескерткіш немесе олардың
тұғыры жасалады. Өзен жиегіне төсейді. Гранитпен үйлер
және метро стансалары қапталады, баспалдақ жасалады.
Астана қаласындағы Есіл өзенінің жағалауы гранитпен
қапталған.
Граниттен жасалған заттар
55
1. Граниттің қасиеттері туралы айт.
2. Гранит неден тұрады?
3. Гранит қайда қолданылады?
Граниттің бір кесегін ал. Оны сипатта.
Гранит, дала шпаты, кварц, слюда.
Құм, саз және әктас
1. Құм мен сазды қайдан көруге болады?
2. Құм мен саздың қандай қасиеттерін білесің?
Құм
– сусымалы тау жынысы, табиғатта жиі кездеседі.
Ол сары, ақ, сұр және басқа түстес жеке түйіршіктер
ден тұрады.
Құм көбінесе жер бетінде немесе таяз жерде жатады.
Сондықтан оны ашық әдіспен, карьерден өндіреді. Құмға
дейінгі жоғарғы топырақ қабатын сыдырып алады. Содан
кейін экскаватор ожауымен құмды көсіп алып, өзі аударғыш
машинаға тиейді. Олар құмды зауыттарға және құрылыс
алаңдарына тасиды.
Құм Саз Әктас
Достарыңызбен бөлісу: |