Пән: Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі пәні Дене шынықтырудың жалпы және кәсіби қызметтері



бет1/21
Дата24.06.2023
өлшемі53,29 Kb.
#103294
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Пән: Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі пәні


1.Дене шынықтырудың жалпы және кәсіби қызметтері.
Дене тәрбиесінің мәнін түсіну үшін алдымен оның мағыналық мазмұнын анықтап алу керек. Дене тәрбиесіне тән қасиет қоғам өмірінде барлық уақытта адамның дене күштерін арнайы өмірге қажетті қозғалыс дағдылары мен ептілік, іскерлік, шеберлікті дамыту үшін пайдаланады және пайдаланылып келген. Бұл мағыналық ерекшеліктері дене тәрбиесіне салыстырмалы дербес тәрбие түрі ретінде білуге мүмкіндік береді.
Адамның денесін жетілдірудің жалпы заңдылықтарын ашу үшін жаратылыстану және қоғамдық ғылымдары, жекелеген физиология және биохимия, жалпы педагогика және арнайы педагогикалық гимнастика, жеңіл атлетика т.б. пәндердің мәліметтері кең ауқымда қолданылады.


2.Дене шынықтыру саласында осы қағидаттарды нақтылай түсетін басты ерекшеліктер.
Дене тәрбиесінің көмегімен біріншіден, қазіргі өмір жағдайыңда пайда болатын қозғалыс-қимыл белсенділігіңдегі кемістіктерді өтеу, екіншіден, ағзаның қызмет атқару мүмкіндігінің жұмыс қабілеттілігін арттыру және оның қолайсыз күштердің әсерлеріне қарсылығын жетілдіруді айқындайды.
Бұл принциптер төмендегі негізгі талаптарды орындағанда ғана жүзеге асады: 1. Сауықтыру бағалылығы бар ғылыми негізделген дене тәрбиесінің құралдары мен әдістерінің қолданылуы керек. 2. Денеге түсетін жүктеме оқушылардың орындау мүмкіндігіне байланысты жоспарлануы тиіс. 3. Дәрігерлік-педагогикалық бақылау кез келген оқу-тәрбие жүйесінде міндетті қызмет болуы тиіс. 4. Санитарлық-гигиеналық талаптарын үнемі сақтау, күнді, ауа мен суды тиімді пайдалану - міне мұның бәрін дене жаттығуларымен шұғылданғанда еске алып отыру керек.
Мысалы, көпшілікті қамтитын "дене шынықтыру шараларын жалпыхалыктық дүниеге айналдырамыз", - деген үран қажетті материалдық база, спорттық құрал жабдықтар болмаған жағдайларда дене шынықтыру саласындағы қызметкерлерді көзбояушылыққа итермелейді. Ал мұндай жұмыстан нәтиже болмайтыны ақиқат.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет