М.Вебердің әлеуметтанулық ілімдері және маркстік әлеуметтану
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Тарих факультеті
Тарих және дінтану кафедрасы
Орындаған: Хабитқызы П
Тексерген:Бегімбаева Ж
Жоспары
М.Вебердің өмірі
М.Вебердің әлеуметтанулық ілімдері және маркстік әлеуметтануға қосқан үлесі
М.Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуы
Макс Вебер Макс Вебер (21 сәуір 1864, Эрфурт — 14 маусым 1920, Мюнхен) — неміс әлеуметтанушысы,әлеуметтік философ, тарихшы. Вебер 1864 жылы 21 сәуірде Эрфурт қаласында дүниеге келген. 1893—1896 жж. Фрайбург университетін, 1896—1898, 1902—1918 жж. Гейдельберг университетін, 1919—1920 жж. Мюнхен университеттерінде дәріс берген. Теориялық әлеуметтану, әлеуметтік дін, саяси әлеуметтану, ұйымдастыру әлеуметіне арналған еңбектері бар.
М.Вебердің әлеуметтанулық ілімдері және маркстік әлеуметтану. Әлеуметтанудың дамуына ХІХ ғасырдың соңы мен ХХғасырдың басында маңызды үлес қосқан немістің ойшылы Макс Вебер (1864-1920) болды. Оның әлеуметтануы қазіргі кезде қайта өркендеуде. М.Вебердің әлеуметтанулық көзқарастары мен пайымдаулары қайтадан ой елегінен өткізіліп тұжырымдалуда. Оның дайындаған таным методологиясы, түсіну концепциясы, идеалдық типтер тұжырымдамасы, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері өмірде қолданылып жүр.
М.Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына Г.Риккерт, К.Маркс, Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Ф.Ницше сияқты ойшылдар ықпал етті. Вебер көптеген ғылыми еңбектер жазды, соның ішінде «Протестанттық этика және капитализм рухы», «Шаруашылық және қоғам», «Әлеуметтік-ғылыми және әлеуметтік-саяси танымның объективтілігі», «Түсінуші әлеуметтанудың кейбір категориялары туралы», «Негізгі әлеуметтанулық ұғымдар» сияқты. М.Вебердің көзқарасы тұрғысынан қарасақ, әлеуметтану ең алдымен адамның топтарының мінез-құлқын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс.