Пән: Сакральды Маңғыстау
Тақырыбы: Қола дәуіріндегі маңғыстаулықтар
2022 жыл
Маңғыстауархеологиясы
Маңғыстау түбегінің археологиясы әлі күнге дейін түбегейлі нақты зерттелмеген. Дегенмен, бүгінгі таңда қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, жалпы суреттеу арқылы өте ертеде мекендеген адамдардың өмір сүруі, олардың айналысқан шаруашылық түрлерін білуге болады. Маңғыстау түбегі мен Үстірт жазығына адамдардың қоныстану ерекшелігінің басты себебі олар мекендеген жерлерде су көздерінің болуы еді. Археологлиялық зерттеулерге сүйенсек, тұщы су көздері жақын орналасқан жерлерде немесе оның айналасында адамдар ежелден қоныстанған.
Қоладәуірініңескерткіштері
ҚоладәуіріндеАрал – Каспий аймағында қуаңшылық басталып, оның табиғи-климаттық ландшафты күрт өзгерді. Мұндай күрделі өзгеріс адамзат өмірінде шаруашылықтың жаңа түрі – көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына әкелді. Жергілікті тұрғындар қысқы мезгілде тастардан қаланған мекен орындарды қыстап, жаз айларын малдың қоректенуіне қолайлы дала жайылымдарында қоныстанған. Осындай көшпелі өмір салдарынан Маңғыстау өңірінде мекен-үйлер тұрғызу тиімді болмағандықтан, қола заманына тиісті тұрақтар өте аз. Қазіргі таңда бұл дәуірдің бірен-саран тұрақтары, көбінесе құмды массивтермен шекаралас азды-көпті тұщы су көздері бар аумақтарда кездеседі. Табылған барлық тұрақ орындарында металл өңдеудің іздері кездеседі: олар құрамында мыс бар рудалар, отқа төзімді балшықтың қалдықтары. Ал қоладан жасалған бұйымдар өте сирек кездеседі. Маңғыстау мен Үстіртте қақпан тәрізді орасан күрделі тастан жасалған, аңдарды қуып «қалтаға» түсіріп аулайтын – арандардың пайда болуын ғалымдар осы қола дәуіріне жатқызады. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 13 – 9 ғасырлар) жергілікті ұлутасты кеңінен пайдаланып тұрғызылған қабірлер жиі кездеседі. Мұндай ескерткіштер жазық жиектеріне, ойпаттарға, теңіз террасаларына жақын орналасқан. Мәйіттер тас жәшіктерде тізелері бүгіліп, бір бүйіріне жатқызылып, тас бөгеттермен қоршалған. 1990 – 1994 жылдары Ақтауқаласының аумағында, б.з.б. 13 – 11 ғасырларға тиісті жерлеу кешені зерттелді. Онда күн және жұлдыздарды бақылау, жылдың маусымдары мен календарьлық мерекелерді белгілеу мақсатында пайдаланылған астроном. бақылаудың қарапайым элементтері анықталды. Маңғыстауда дала және жартылай шөл дала аумақтарында өте сирек кездесетін мәйітті өртеу рәсімі кездеседі. Бұған мысал ретінде 1990 жылы қазып зерттелген Қызылөзен елді мекеніне жақын жерде орналасқан Сақақұдық ескерткішін атауға болады. 2005 жылы Шопаната қорымынан 1,5 км жерде орналасқан Үлкенқұдық діни қабірлеу орнында археол. зерттеу жұмыстары өткізілді. Кешен екі қабір орнынан тұрады. Бірінші қабірдің диаметрі 6 м болатын дөңгелек пішіндегі тас қоршауы болған көрінеді, тастары шашылып, бүгінгі таңда құрылысы бұзылған. Тас қоршаудың ішіне ерекше қабір орналасқан. Барлығы 12 тасты тігінен қойып тұрғызған қабірдің пішіні жұмыртқаға өте ұқсас болып келеді. Қабірдің беті плиталармен жабылған. Уақыттың өтуімен бұл плиталар сынып, төменге құлаған. Қабір түбінде егде әйел адамның қаңқасы сақталған. Дене бір қырынан жатқызылып, басы шығысқа қарай, тізелері бүгіліп жерленген. Мүрденің артқы жағынан ішіне ұсақ жануардың қабырғалары салынған кішкене құмыра ыдыс табылған. Екінші қойылымның қабір құрылысы және жерлеу дәстүрі күрделі. Қабір дөңгелек пішінді, іргетастары сақталған күмбезді құрылыс. Бұл қабірде де жасы үлкен әйел адам жерленген. Дененің басы шығысқа бағытталып, қырынан жатқызылған. Моланың қабырғалары тастан қаланған, төменгі бөлігі жұмыртқа тәрізді, жоғарғы бетіне күмбез тіктелген. Жерленген дененің үстінен сексеуіл бұтақ-шыбықтарынан тор жасалынған. Бұл ағаш тордың үстіне құмыра ыдыс қойылған. Қоршаудың диаметрі 10 м, биіктігі 1,5 м етіп тастан қаланған қабырғамен қоршалған.