Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер


Эмоционалды-экспрессивті сөздердің негізінде пайда болған дисфемизмдер



бет36/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69
2.4 Эмоционалды-экспрессивті сөздердің негізінде пайда болған дисфемизмдер

Тілімізде эмоционалды-экспрессивті сөздердің негізінде пайда болған дисфемизмдер де аз емес. Сөздік құрамның осы бір қомақты саласы туралы тіл мамандары сан алуан пікір білдірген.

“Тілдің сөздік құрамындағы бір алуан сөздерді эмоционалды-экспрессивті лексика деп атау бар. Олардың саны басқа сематикалық топтардай көп болмағанымен, тілде белгілі бір дәрежеде орын алатындығы белгілі. Бірақ күнделікті практикамызда эмоция мен экспрессивтікті беру тек түбір сөздер арқылы берумен шектелініп қалмайды. Тіпті эмоция мен экспрессивтік қосымшалар арқылы да, сөздердің мағына шекарасынан шығып, сөйлем арқылы берілетіндігі де, сөздердің стильдік қолданылуы арқылы берілетін жағдайының бар екендігі де ғылымда жасырын емес. Жалпы сөздердегі эмоция мен экспрессивтік төрт түрлі жол арқылы беріледі.

1. Сөздердің тура номинативті мағынасы ретінде.

2. Көп мағыналы сөздердің бір мағынасы ретінде.

3. Түбірге қосымша қосу арқылы.

4. Тұрақты сөз тіркестері арқылы”, - деп жазады семантикамен арнайы шұғылданған ғалым М. Оразов [47, 65 б.].

Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев одан әрі толықтырып: “Айтушы я сөйлеуші бір заттың, құбылыстың, істің атын айтқанда, кейбір жағдайда соған өзінің жақсы қарайтынын я жек көретінін (қатынасын) білдіре сөйлейді. Сөздер зат, құбылысты, олардың белгілі қасиетін, болмаса іс-әрекетін ғана атап білдіріп қомайды, сонымен бірге сезіміне әсер ететін стильдік мәнге ие болады. Сөздің экспрессивті сипаты оның бейнелі, мәнерлі айтылуынан, ал эмоционалдығы оған қоса қасиеті тығыз байланысты. Эмоция бар жерде экспрессивтік болады. Ол эмоционалдық бояуы бар сөздері арқылы білдіреді. Әсіресе сүйіспеншілік, масаттанушылық, мақтанушылық, есіркеушілік, ерлік, таңырқаушылық, жағымпаздылық, қошеметшілік, өшпенділік, үрейлендіру, сес көрсету сияқты адамның жағымды-жағымсыз қасиеттерін білдіруде жиі кездеседі. Экспрессивті-эмоционалдық сөздер барлық стильде бірдей қолдана бермейді, олар негізінен сөйлеу тілі мен көркем әдебиетке тән”, - деп сипаттайды [3, 179 б.].

Тіл қатынас құралы қызметін атқарып, ойды жарыққа шығарып қана қоймайды, ол сонымен қатар адамның әр қилы көңіл-күй толқындары мен жан-дүние тебіренбестерін де реттеп отырады. Жақсы көру мен жек көру, ашулану мен рахат сезімге бөлену, таңырқау мен бейтарап күйге түсу, қуану мен қайғыру сияқты адам баласының ішкі әлемінде толып жатқан құбылыстар тіл арқылы жүзеге асып, тілдегі сөздер арқылы сыртқа шығады, тыңдаушыға яки оқушыға беріледі. Бұл жөнінде В.А. Звегинцев: “Сөз логика-предметтік мазмұнға ие емес, ол ойды жарыққа шығарып қана қоймайды, сонымен қатар оның эмоцияналды және экспрессивті қасиеттері де бар, осылардың көмегімен адам өз эмоциясын (сезім-күйін) білдіреді” - деп түйіндейді [50, 167 б.].

Қазіргі көрнекті орыс тілі мандарының бірі Н.М. Шанский тілдегі сөздердің әр қилы тілдік стильдерге жататынын айта келіп, оларды эмоцияналды-экспрессивті жағынан топтастырудың қиын екенін, әрбір стильдің әрқайсысына тән экспрессиясының болатынын дәлелдейді [51, 131 б.]. “Қазіргі қазақ тілінің” авторлары да: “Қазіргі қазақ тілінде, басқа тілдегі сияқты, сөйлеушінің бір затқа немесе құбылысқа эмоционалды лексика немесе эмоционалдық мәні бар сөздер” - деп түйіндейді.

Және бұлар эмоцияналды сөздерді классификациялап, оларды эмоционалдық мәні бар сөздер және грамматикалық форма арқылы эмоцияналдық лексика жасау деп екіге бөлінеді де, әр топты өз ішінен тағы да топтарға жіктейді [52, 182-189 бб.]. В.Н. Телия: “Экспрессивтілік тіл бірліктерінің эмотивтікті білдіру қасиеті, яғни объективтік мағына сақталып қалатындығы тілдік, субъектінің эмоционалдық бағалық қатынасы. Тілдік бірліктердің эксперссивтілігі мынадай субъективтік модальдылықты білдіре алу қабылеттілігінен көрінеді. Жағымды не жағымсыз эмоционалды қатынасымен, квалификативтік бағалық қатынасымен және әлеуметтік жауабымен…” [53, 128-129 бб.]. “Мәселен экспрессия эмоционалдық пен бағалаушылыққа (оценночность) қарағанда кеңірек ұғым әрқалай, әртүрлі амалдар арқылы, дәлірек айтсақ сөздердің ауыспалы мағынасы негізінде қалыптасады” [54, 315 б.]. “Эмоционалды элементтер адамның сезімін білдіруге қызмет етеді. Ал экспрессивті амалдар (средства) ойды, сезімді білдірудегі көркемдіктің, суреттемеліктің, бейнеліктің күшейе түсуіне қызмет етеді [55, 108 б.]. Л.М. Болдыреваның экспрессивтілікке берген анықтамасын түп-нұсқа бойынша келтірсек: “Экспрессивность - это оформленное эксплитцитным или сообщенное имплицитным способом свойство языковых средств осуществляеть изобразительно выразительную функцию при передаче денотативного значения в парадигматическом и синтагматическом плане” [56, с. 436]. Сонымен тіл мамандарының бәріде тіл-тілде эмоционалды-экспрессивті сөздердің бар екенін, ол сөздердің жазушының яки айтушының суреттелміш оқиғаға көзқарасын білдіретін сөздер екенін бір ауыздан мойындайды.

Эмоциялық мағына сөздердің тура мағынасы да, кейде сөздердің ауыспалы мағынасының бірі болуы да мүмкін. Мұны этимологиялық ізденістер негізінде анықтауға болады. Салыстырыңыз. Егер шын ағайынды көргенде, кірер жерін таба алмайтұғын дарақы, жұртты сөзімен ойландырайын, мына кәпірден кісі шошитұғын екен дегізіп айқындайын деп айтып отырған гұр домбытпасы болып, босқа қамтып отырса, оны не дейміз (Абай). Осы мысалдағы дарақы сөзінің шығу төркініне көңіл бөлелік. Дарақы. Бұрынырақ шыққан екі томдық “Қазіргі қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде” - жеңілтек, ұшқалақ, өзін-өзі ұстай алмайтын, бейбастақ мағынасында түсіндіріледі. Сүйегі тым бос емес, іске тәуір, барықсыз, дарақы-ау, бойы бұлғаң (С. Торайғыров).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет