Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет51/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69
3.1 Дисфемистік метафора

Ана тілімізде таза поэтикалық метафоралармен қатар дисфемистік мағынада жұмсалатын метафоралар да кездеседі. Айырмашылығы мән-мазмұны, коммунативтік қызметі жағымсыз сипатта қолданылатындығында ғана. Жалпы алғанда, метафора заңы бойынша, белгілі бір зат немесе құбылыс ұқсастықтарына қарай екінші бір заттың немесе құбылыстың атауымен аталады. Алайда біз ұқсастықты кең мағынада түсінеміз: кейде түрі, түсі, пішіні, көлемі ұқсас болып келсе, кейде дәл бірдей ұқсамауы да мүмкін. Бұл туралы В.Н. Телия: “При существенном различии структурно-семантического строения составных названи специфической и общей их черто является такое обозначение нового объекта, которое осуществляется за счет выделения в нем постоянного для него признака, называемого переосмысляемым значением слова” - деп түсіндіреді [77, с. 57]. Кейде деректі заттың атауы дерексіз заттың атауына ауысып кетуі ықтимал т.б. А. Байтұрсыновтың айтуынша: “Қиял ісі - меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау” [78, 147 б.].

Кезінде А.А. Реформатский метафора туралы былай деген еді: “Метафора буквально “перенос” т.е. самый типичный случай переносного значения. Перенос наименования при метафоре основан на схотстве вещей по цвету, форме, характеру движения и т.п.” [79, с. 54].

Қазақ тіл білімінде метафораны жан-жақты зерттеген ғалым Б. Хасанов метафора туралы ұғым-түсінікті былайша кеңейтеді: “Метафора – дәстүрлі процесс, тарихи элемент. Тілдің даму дәрежесіне қарай олар да сапалық өзгеріске түсе береді. Көне жазба нұсқалардағы метафораларды қазіргі метафоралармен қатар қоюға болмайды, сапасы төмен, сан жағынан да көп емес. Бірақ қазіргі қазақтың метафоралық желісінің басы ертедегі көне түркі жазба нұсқаларынан басталады. Метафора - халықтың тұрмысының, кәсібінің, ой-өрісінің көрсеткіші. Біздіңше, кейбір жазба нұсқалардың метафораларына қарай отырып, қай дәуір, қай заманның туындысы екендігін толық білуге болады. Немесе шығармадағы метафоралардан сол халық мекендеген жердің жаратылысын, экономикалық жағдайы мен шаруашылық жайларын әбден анықтауға болады” - дейді [80, 61 б.].

Тілші Н.В. Черникованың пікірін келтірейік: “Оперирование образно-ассоциативными сущностиями привносит в новое значение следы того вспомогательного образа, который ассоцируется с исходным значением переосмысляемого слова. Образ, лежащий в основе метафоры, играет роль внутренней формы с характерными именно для данного образа ассоциациями. Любая метафора на стадии формирования представляет собой образ, так как образным является принцип ее формиравания и способ выражения [81, с. 22].

Адамзат метафораны дүниенің барлық саласын ойлау мен танып білудің ғажайып құралы ретінде жұмсайтыны белгілі. Бұл туралы: “…метафора возникает не потому, что она нужна, а потому, что без нее невозможно обойтись, она присуща человеческому мышлению и языку как таковая” - деген болатын тілтанушы В.Г. Гак [82, с. 12].

Әдетте тіл білімінде қай топтаманы алсақ та, тура мағынадан басқа кез келген келтірінді мағыналардың тууы көбінесе метафораның негізінде пайда болатындығы айтылады. Тіліміздегі дисфемистік метафора да осы жолмен жасалады, өзгешелігі, жоғарыда айтылғандай, тұрпайы қолданысында. Көбінесе, көркем шығармаларда кейіпкерлер бейнелі, әсерлі тілде сөйлейді. Оны жазушы әдетте дисфемистік метафора арқылы жеткізеді. Бұл тәсіл жағымсыз кейіпкер бейнесін сомдауда таптыртпайтын құрал. Дисфемистік метафорадан халқымыздың ұлы ақыны Абай өлеңдері де кенде емес. Мысалы:

1. Ел бұзылса табады шайтан өрнек,



Періште төменшіктеп қайғы жемек.

Өзімнің иттігімнен болды демей,

Жеңді ғой деп болар көмек.

2. Естілер де ісіне қуанбай жүр,



Ел азды деп надандар мұңаймай жүр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет