Мансап құру жоспары



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата15.11.2023
өлшемі1,09 Mb.
#122523
  1   2   3   4   5   6   7


 2-дәріс
Мансап құру жоспары
ЖЕКЕ ҚАРЖЫ 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Дәріс:
Жеке қаржы 
Мансап құру жоспары
2
 Сұрақтар:
1. Мансапты құрудың негізгі кезеңдерін анықтау
2. Қаржылық және заң аспектілерін анықтау
3. Тиімді мансап құру бойынша негізгі стратегияларды анықтау
Ішкі өзгерістер қаржылық жағдайды жақсартуға әкелуі мүмкін бе? Ақшасы жоқ адам-энергиясы аз 
адам. Ақшасы жеткілікті адам өзіне сенеді және қалаған нәрсеге қол жеткізе алады. Бірақ, ақша – басты 
мақсат емес, ол тек мүмкіндік беретін құрал.
Қазір біз өзіміз үшін жеткілікті ақша таба бастадық деп есептейік, яғни біздің жеке қаржылар 
графигіндегі табыс қисығы шығыстар қисығынана асып түсіп отыр. Біз жұмсауға қарағанда көбірек 
табыс табуға үйрендік, яғни осылайша бізде артық ақша пайда бола бастайды. Бірақ бұл әрдайым және 
баршаға бірдей бола бермейді. Адамдардың табысы, оны жұмсау мақсаты және ең негізгісі қаржылық 
сауаттылығы әртүрлі болып келеді. Адам өмірінің қай кезеңі болса да қажеттіліктер болады, және сол 
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін әрине қаржы қажет. Біз кішкентай бала кезімізде де ақша жұмсадық, 
бірақ өз ақшамызды емес. Біздің ата-аналарымыз бізді тамақ, тұрғын үй, киім, ойыншықтар, техника, қалта 
шығындары және т. б. қажеттіліктерімізді қамтамасыз етті. Есейген шақта біз өз қаржымызды жинақтап, 
жұмсап үйрендік. Біз қартайып, ақша табу мүмкіндігін жоғалтсақ та, шығындар бізде әлі де болады. 
Сонымен қатар, зейнетақы, еңбек ақы туралы заңдар, банк ставкалары, инфляция, девальвация деңгейлері 
уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Бірақ осы өзгерістерге тәуелді болмау үшін, қазіргі өмірімізді 
қаражатпен қамти алу үшін және қарттығымызды қамтамасыз ету үшін қаржылық сауаттылыққа қазір
үйренуіміз керек. 
Бұл үшін не қажет?
1. 
Өз табыстарымыз бен шығындарымызды нақты білуіміз керек.
2. 
Өз табыстарымыз бен шығындарымызды жоспарлауды үйренуіміз керек. 
3. 
Капитал жинақтауды дағдыға айналдыруымыз қажет. 
Әр адамның жиынтық капиталы 3 құрамдас бөліктен тұрады:
• ағымдағы тұтыну;
• шығындарды өтеу;
инвестициялық, яғни жинақ және болашақты қамтамасыз ету.
Ағымдағы капитал-бұл біз қазір табатын және біздің ағымдағы қажеттіліктерімізге жұмсайтын қаражат.
Ағымдағы капиталдың міндеті-біздің ағымдағы қажеттіліктерімізді (тұрғын үй, тамақ және басқа да 
тұрақты және ауыспалы шығыстарды) қамтамасыз ету.
Резервтік капитал — бұл жинақталған және кейінге қалдырылған ақша немесе өзге активтер, 
олардың міндеті-егер кірістер қандай да бір себеппен болмай қалса, біздің ағымдағы қажеттіліктерімізді 


3
Кітап:
Дәріс:
Жеке қаржы 
Мансап құру жоспары
қамтамасыз ету. Мысалы, егер сіз ауырып қалсаңыз немесе жұмыстан айырылсаңыз, онда сізде тұрақты 
табыс болмайды. Бұл жағдайда Сізге қаржылық шұңқырға түспеуге және шамамен бұрынғы деңгейде 
өмір сүруге мүмкіндік беретін резервтік капитал қажет.
Инвестициялық капитал - бұл бізге жинақтау керек артық қаражат. Ол қолма-қол ақшадан, депозиттерден, 
материалдық және материалдық емес активтерден тұруы мүмкін. 
Мансап пен жеке қаржылардың байланысы неде? Мансап-бұл адамның кәсіби және лауазымдық өсуге 
байланысты еңбек қызметіндегі жетістіктерінің нәтижесі. Сонымен қатар, мансапты жоспарлау кадрлар 
саясатының бағыты, персоналды басқарудың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Мансапты 
жоспарлау процесімен фирманың қызметкері немесе персонал жөніндегі менеджер тікелей айналыса 
алады.
Мансапты жоспарлау мен оны іске асырудың негізгі кезеңдері тек атқаратын қызметтерге ғана емес, 
сондай-ақ белгілі бір өмір кезеңдеріне де қатысты. Мансапты жоспарлау кезеңдерін шартты түрде 
төмендегідей кезеңдер бойынша атап өтуге болады:
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет