Мансап құру жоспары



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата15.11.2023
өлшемі1,09 Mb.
#122523
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
zheke-arazhat 2 lecture

Алдын ала.
25 жасқа дейін. Бастауыш, орта және жоғары білім алуды қамтиды. Әдетте, адамдар 
бұл кезеңде өз амбицияларына сай жұмыс іздейді.
2. 
Қалыптасуы.
25-30 жаста. Таңдалған мамандықты меңгеруді, білім, білік, дағды алуды, 
біліктілікті қалыптастыруды қамтиды. Жеткілікті, көбірек табыс әкелетін жұмыс іздеумен ерекшеленеді. 
Танымал писохолог Мэг Джейдің “Важные годы. Почему не стоит откладывать жизнь на потом» атты 
кітабында 20 мен 30 жас арасы әр адам үшін мансапты жоспарлау мен болашақ мамандық үшін ең маңызды 
кезең екенін жақсы дәлелдеп кеткен. Осы жас аралығында адамдар білім алып, манадық таңдап, мансапты 
жоспарлап, жанұя құрып, белгілі бір әлеуметтік топтарға мүше болып өз болашақ омірінің фундаментін 
қалыптастырады екен. Сондықтанда 20-30 жас ең маңызды жылдар! 
3. 
Мансаптық өсу.
30-45 жаста. Біліктілікті арттыру, қызметтік саты бойынша жоғарылау, 
практикалық тәжірибе жинақтау. Жоғары жалақы мен тиімді әлеуметтік қамтамасыз етуге жарайтын 
жұмыс іздеу.
4. 
Мансапты дамыту және сақтау.
45-60 жастағы. Біліктілікті жетілдіру, белсенді қызмет
арнайы оқыту, жас буынға білім беру, үйрету. Шығармашылық өзін-өзі көрсету үшін жұмыс атқарумен 
ерекшеленеді.
5. 
Мансапты аяқтау.
60-65 жасында. Зейнетке шығуға дайындық.
6. 
Зейнетақы кезеңі.
Мансап аяқталды, өзін-өзі көрсету ретінде басқа қызмет түрлерінде өзін 
сынауға мүмкіндік бар кезең.
Мансап мақсаты мен оны жоспарлау міндетін нақтылау әрбір жеке тұлға үшін ерекше болады. Мансаптың 
негізгі мақсаттары өзін-өзі жетілдіру және қаржылық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады. 
Ал міндеттерді жоспарлау және анықтау үшін мансаптың қай кезеңінде сіз және қайда жылжығыңыз 
келетінін түсіну қажет. Осыдан кейін өзінің күшті және әлсіз жақтарын сыни бағалау, оларды қалай 
пайдалану керектігін анықтау және өзінің жаңа қызметінің жолын салу керек. Мансапты жоспарлау – оны 
табысты орындаудың абсолюттік кепілдігі емес, дағдыны және қабілетін дамытудың, сондай-ақ беделін 


Кітап:
Дәріс:
Жеке қаржы 
Мансап құру жоспары
4
арттырудың жақсы тәсілі екенін есте сақтаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет