Мапенова маятай рамазановна



бет1/5
Дата27.10.2022
өлшемі24,39 Kb.
#45835
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасы.


ҚР СҚО ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
КМҚК «САЛТАНАТ» БАЛАБАҚШАСЫ
ОРТАҢҒЫ ТОП БАЛАЛАРЫН (3 – 4 жасарлар)
ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
ҚҰРАСТЫРҒАН:
МАПЕНОВА МАЯТАЙ РАМАЗАНОВНА
ТӘРБИЕШІ.

Балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасы
Тәрбиешінің ортаңғы топ /3-4 жастағы / балаларымен бірнеше жылдық іс-тәжірибесін жинақтау негізінде құрастырылып, ұсынылып отыр.
Бағдарлама мазмұны:
1. Балаларды табиғаттың ерекшеліктерімен таныстыру:қар ,аяз, қардың қасиеттері/ол жұмсақ,одан мүсін жапсыруға болады/;мұз /ол қатты, тайғақ/.Қатты аязда су мұзға айналып, жылы жерде мұз бен қар суға айналады/.
2.Балаларды өсімдік түрлерін ажыратуға үйрету,жергілікті жердің кең тараған құстары мен жануарларын танып, дұрыс атауға үйрету.
3.Балалардың санасында табиғат пен адам еңбегі арасындағы байланыс туралы түсінік қалыптастырып, табиғат аясында еңбекке баулу/гүл суару, құстарға жем шашу, үй жануарларына қамқорлық етуге тәрбиелеу/.
Балаларды табиғатпен таныстыру әдістері:
1.Көрнекілік әдісі
2. Практикалық әдіс
3. Элементарлы тәжіибелер
4. Сөздік әдіс
Балаларды табиғатпен таныстыру тәсілдері:
1. Ойын – сабақтар.
2.Топсеруендер және ондағы бақылаулар.
3.Күнделікті еңбек /бөлмеде және аулада/.
Балаларды табиғатпен таныстыру шарттары:
1. Балабақшада балаларды табиғатпен таныстыру жұмысының басты шарты – табиғат мүйісінің болуы.Әр топта бөлек немесе барлығына ортақ./Тірі жәндіктер болмағанда суреттері мен макеттерін қолдану/.
2.Топ учаскесінде еңбек етуге жасалынған жағдайлар./гүлзарлар, жемсалғыштар,т.б./.
Балаларды табиғатпен таныстыру талаптары:
1.Аймақтық компоненттерді, яғни жергілікті жер материалдарын қолдану.
2. Күтімге қарапайым, балалардың шамасына сай болуы.
3.Көз тартарлық әдемілігі.
4. Экспонаттар қауіпсіз, балалардың денсаулығына зиянсыз болуы.
5.Балалар еркін жақындап, қызыға қарауына мүмкіндік болуы.
Қарапайым мысал — бөлме өсімдіктерін күтіп баптау
Мысалы, герань немесе кактус.
Олар күн көзін сүйеді.Сондықтан күн жақсы түсетін жерге қойып, жиі суару қажет.
6. Табиғат бұрышының бөліктерін «уақытша» және « үздіксіз» деп топтау.
Үздіксіз ұстауға ыңғайлы / бөлме өсімдіктері мен аквариум/, уақытшалық деп маусымдық ерекшелігі барларын атаймыз /мысалы, бәйшешектер тек көктемде біраз күнге шыдайды, Көбелектерді көктем мен жаз басында көрсетіп, қайта ұшыру/.
7.Құстарды ұстау әдемі, сонымен қатар күтімі қиын және оларды ұстаудың бала денсаулығына әсерін ұмытпау абзал.
8. Бауырымен жорғалаушылардан тек тасбақа түрлерін ұстау тиімді.
9. Сүтқоректілерден күтімінің қарапайымдығы мен бала денсаулығына қауіпсіздігі жағынан кеміргіштерді ұстау тиімді /мысалы, үй қояны, тиін,кірпі, т.б./.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет