Марғасқа жырау (XVII)



Дата18.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94479

Марғасқа жырау (XVII)

Құрманғали Сымбат

ДҚТЖ 22-01

Марғасқа жырау (туған және өлген жылдары белгісіз) (XVII ғ.)– ақын, жауынгерлік рухтағы жырларды шығарушы, қазақ поэзиясындағы көне дәстүрді жалғастырушы. Жалпы жыраудың өмірі, шығармашылығы туралы бізге жеткен деректер тым аз. Дегенмен қолда бар деректерге қарағанда Марғасқа жырау Есім ханның жорық жырауы, қол бастаған батыры болған. Қилы замандарда шапқыншылықтар мен жорықтардан халықтың жанын сақтап, малын қорғау ханмен қатар осы тұлғалардың да жауапкершілігінде болған. Есім ханның жорық жырауы ретінде елдің тыныштығы үшін аянбай еңбек еткен ол халықты жəбірлеген мейірімсіз хандарды аяусыз сынаған.

  • Марғасқа жырау (туған және өлген жылдары белгісіз) (XVII ғ.)– ақын, жауынгерлік рухтағы жырларды шығарушы, қазақ поэзиясындағы көне дәстүрді жалғастырушы. Жалпы жыраудың өмірі, шығармашылығы туралы бізге жеткен деректер тым аз. Дегенмен қолда бар деректерге қарағанда Марғасқа жырау Есім ханның жорық жырауы, қол бастаған батыры болған. Қилы замандарда шапқыншылықтар мен жорықтардан халықтың жанын сақтап, малын қорғау ханмен қатар осы тұлғалардың да жауапкершілігінде болған. Есім ханның жорық жырауы ретінде елдің тыныштығы үшін аянбай еңбек еткен ол халықты жəбірлеген мейірімсіз хандарды аяусыз сынаған.

Ғалым-жазушы М.Мағауин Марғасқа жырау жөнінде былай депті:

  • «XVII ғасыр әдебиетінен қалған нұсқалар өткен дәуірлермен салыстырғанда біршама аз. Бұл кезде жасаған қазақ ақын-жырауларынан біздің заманымызға шығармалары жеткені – Жиембет, Марғасқа жыраулар. Бұл екеуінің де аты XVII ғасырдың алғашқы жартысында билік құрған хан «Еңсегей бойлы Ер Есіммен» байланыстырылады.

Бізге Марғасқа жыраудың бір ғана қысқа толғауы жеткен. Бұл толғау Қазақстан Ғылым академиясы Әдебиет институтының қолжазбасынан алынып, 1967 жылы «Ертедегі әдебиет хрестоматиясына» енгізілді. Ол төмендегідей:

  • Бізге Марғасқа жыраудың бір ғана қысқа толғауы жеткен. Бұл толғау Қазақстан Ғылым академиясы Әдебиет институтының қолжазбасынан алынып, 1967 жылы «Ертедегі әдебиет хрестоматиясына» енгізілді. Ол төмендегідей:
  • Ей, Қатағанның хан Тұрсын,
  • Кім арамды ант ұрсын.
  • Жазықсыз елді еңіретіп,
  • Жер тәңірісіп жатырсың.
  • Хан емессің қасқырсың,
  • Қара албасты басқырсың,
  • Алтын тақта жатсаң да,
  • Ажалы жеткен пақырсың!
  • Еңсегей бойлы Ер Есім
  • Есігіңе келіп тұр:
  • Алғалы тұр жаныңды,
  • Шашқалы тұр қаныңды!

Тұтқиылдан шауып, бейқам жатқан жауды қолға түсірген кезде озбыр сатқын Тұрсынға жырау айтқан үкім — осы. Асылы, Есім ханның халық алдында беделінің артуы осы оқиғаның жеңіспен аяқталуы болса керек. Ерлер мен хандар елде жоқта жазықсыз, панасыз халықты шапқан Тұрсынға жазасын бергені үшін халық Марғасқадай даңқты жырауы арқылы Есімге алғыс айтқанға ұқсайды. Әрине, Марғасқаның жырлары көп болған. Ел есінде жүрсе де, біздің қолымыз жетпей жатқаны да бар шығар.

  • Тұтқиылдан шауып, бейқам жатқан жауды қолға түсірген кезде озбыр сатқын Тұрсынға жырау айтқан үкім — осы. Асылы, Есім ханның халық алдында беделінің артуы осы оқиғаның жеңіспен аяқталуы болса керек. Ерлер мен хандар елде жоқта жазықсыз, панасыз халықты шапқан Тұрсынға жазасын бергені үшін халық Марғасқадай даңқты жырауы арқылы Есімге алғыс айтқанға ұқсайды. Әрине, Марғасқаның жырлары көп болған. Ел есінде жүрсе де, біздің қолымыз жетпей жатқаны да бар шығар.
  • Марғасқаның Есім ханның өмірі мен ерлік істерін баяндайтын «Еңсегей бойлы Ер Есім» атты тарихи жырды жеткізушілердің бірі болғандығы мәлім.
  • Мұнда тәуелсіз әмірші болғысы келген Тұрсын Есімнің қалмақтарға қарсы жорыққа кетуін пайдаланып қазақ ауылдарын шабады. Көп жұртты харап қылады. Бұл оқиға халық санасында үлкен із қалдырған. Бұл оқиға Абылғазы баһадүр ханның айтуынша, 1627 жылы болған. Аталмыш жырдан Марғасқаның от тілді, өжет, аса талантты ақын екендігі аңғарылады. Жырау шығармалары халық әңгімелерінде айтылатындай шынында да Марғасқаның жауынгер, жорықшы ақын болғандығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет