Маркетинг жүйесіндегі тауар
және тауар саясаты
Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға
назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа
ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық обьект, қызмет,
адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін. Тауарды
жасарда оны дайындаушы үш деңгейлі идеяны қабылдауы
керек. Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша, тауарды
зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі
пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы осыған
тікелей байланысты. Сондықтан зетртеудің негізгі мақсаты
– нарықтағы тауардың шынайы сұранысын анықтау, оны
ұтымды өлшемде шығару үшін не қажеттігі, оның
техникалық сипаттамасы, экономикалық негізделген баға
саясаты.
Тауар және оның жіктелуі.
ЖІКТЕЛУІ
1. Пайдалану мерзімі бойынша
тауарлар ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕ және ҰЗАҚ
МЕРЗІМДЕ қолданылатын тауарлар деп
бөлінеді.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕ
қолданьілатын
тауарларды бір немесе бірнеше рет
пайдалануға болады. Оған материалдық
бұйымдар (сабын, нан, сыра, т.б.)
жатады.
Ал
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІК
тауарлар бірнеше
жылдар бойына қолданылады. Мысалы,
тоңазытқыш, автомобиль, кір жуғыш
машиналар жэне т.б
2.
ТҮПКІ ТҰТЫНЫЛУЫНА ҚАРАй
тауарлар
А) тұтыну тауарлары
Күнделікті сұраныс
Алдын ала таңдалатын сұраныс
Пассивті сұраныс
Б) өндіріске арналган тауарлар
ТАУАРЛЫҚ АССОРТИМЕНТ
дегеніміз
функционалды жэне тұтынушылық
сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары
бойынша ұқсас тауарлардың тобы.
ТАУАР НОМЕНКЛАТУРАСЫ
- нақты
сатушылардың сатып алушыларға
ұсынатын тауарлар мен тауар
бірліктерінің барлық ассортименттік
топтарының жиынтығы.
ТАУАР САЯСАТЫ
ТАУАР САЯСАТЫ ДЕГЕНІМІЗ
- тауар
ассортимент қалыптастыру бойынша
олардың жаңа түрлерін жасау, сапа және
бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өмірлік
циклін талдау, тауарлық белгілерді
пайдалану, буып-түю, орау, таңбалау жэне
сервистік қызмет көрсету бойынша шешім
қабылдауды қажет ететін фирманың көп
факторлы қызмет көрсету аумағы
Жаңа тауар түсінігі жэне оны
жоспарлау.
Жалпы маркетингтік жоспарды қызметтің әрбір бағытына, тауарға және тауар маркасына
арнап жасау қажет. Тауарға маркетингтік жоспар жасау кезеңдері компанияның жалпы
маркетингтік жоспарының кезеңдері сияқты болып келеді. Өнімнің маркетинг жоспары бір,
үш, бес жылға жасалады. Өнімді жоспарлау процесі бірнеше кезеңдерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |