Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Педагогика және психология институты
СӨЖ
Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диогностикасы
Дайындаған:6В01901 «Арнайы педагогика»
мамандығының 2 курс студенті Серік Назерке
Қабылдаған: Балнұр Ержанкызы
Алматы 2023
ЖОСПАР;
1.Тәрбие жүйесінің мақсаты
2. Тәрбие жүйесінің диагностикасы
3.Сынып жетекшісі жұмысындағы диагностика
4.Диагностикалау жұмысының мазмұнына
5.Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тәрбие жүйесінің диагностикасы
Мақсаты: Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға жағдай жасау, студенттердің шығармашылық белсенділігін, туындаған мәселелерді өздіктерінен шешу және үздіксіз өзін жетілдіріп отыру қабілеттерін дамыту.
Тәрбие – қоғамдық құбылыс, оның негізгі қозғаушы күші, өркениетті елді қалыптастыратын берік құрылыс материалы. Сондықтан адам баласы қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесін жетілдірудің тиімді үрдісін жасауды басты назарда ұстаған.
Тәрбие – педагогикалық жүйеде өзіндік бағыты, мазмұны, ұйымдастырылу ерекшелігі, формалары, әдіс-тәсілдері бар өте маңызды процесс. Сол себепті педагогикада тәрбиені ұйымдастырудың негізгі жүйесін, жолдарын, бағыттары мен ұстанымдарын, заңдылықтарын белгілейтін, педагогтің тәрбиелік функцияларын айқындайтын – тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі қалыптасқан.Диагностика-объектіге алынған тұлғаға, педагогикалық жүйеге талдау, оның дамуына, жетілу және қалыптасу үдерісін бақылай отырып, нәтижесін айқындау.Педагогикалық диагностика тұлғаның даму үдерісін зерттеу, білімге деген қатынасын, тәрбиелік деңгейлерін мінез-құлқын, іс-әрекетін, тұлғаралық қарым-қатынастарына талдау жасау. Тәрбие диагностикасы дегеніміз тұлғаның білімдік және тәрбиелік деңгейлерінің сапалық және сандық деңгейде жетілуіне, дамуына сипаттама бере отырып, өсу деңгейлерін айқындайды.Мектепте диагностика жүргізудің негізгі мақсаты тұлғаның өсуі мен жетілуін айқындау. Тұлғаны диагностикалауда біз оның әлеуметтенуін,тәжірибесін,зиялылық және туа біткен қасиеттерін негізге аламыз. Әлеуметтенуі-дүниетанымы, адамгершілігі, эстетикалық құндылықтары,еңбекке қатынасы, ұйымдастырушылығы, қоғамдық белсенділігі; тәжірибелік–ғылымилық, шеберлік, зиялылық - қабылдауы, ақылы, есте сақтауы, ерік-жігері,туа біткен қасиеттер - жүйке жүйесі, мінезі, бейімділік қасиеттері. Мақсаты: Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға жағдай жасау, студенттердің шығармашылық белсенділігін, туындаған мәселелерді өздіктерінен шешу және үздіксіз өзін жетілдіріп отыру қабілеттерін дамыту. Тәрбие – қоғамдық құбылыс, оның негізгі қозғаушы күші, өркениетті елді қалыптастыратын берік құрылыс материалы. Сондықтан адам баласы қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесін жетілдірудің тиімді үрдісін жасауды басты назарда ұстаған. Тәрбие – педагогикалық жүйеде өзіндік бағыты, мазмұны, ұйымдастырылу ерекшелігі, формалары, әдіс-тәсілдері бар өте маңызды процесс. Сол себепті педагогикада тәрбиені ұйымдастырудың негізгі жүйесін, жолдарын, бағыттары мен ұстанымдарын, заңдылықтарын белгілейтін, педагогтің тәрбиелік функцияларын айқындайтын – тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі қалыптасқан. Тәрбие үдерісі (бұдан әрі – ТҮ) – бұл тұлғаның тәрбиелілік деңгейі, ол оқушының қоршаған әлеуметтік ортамен және жалпы қоғаммен әрекеттестікке дайындығымен сипатталады.
2. Тәрбие үдерісі тиімділігін зерттеу бойынша сынып жетекшісі іс – әрекетінің
қағидалары.
Мектептегі әр мұғалім балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен қатар оларды тәрбиелейді. Яғни, мектептегі барлық педагогикалық қызметкерлер тәрбиелеу қызметін атқарады. Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет: Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал. Тәрбие –халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және оған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы. Тәрбие көптің ісі. Тәрбиеге табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсаты түрде ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасай отырып, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай жасау. Сынып жетекшісінен өз оқушыларын және сынып ұжымын жүйелі түрде зерттеп білу талап етіледі. Ол үшін сынып жетекшісі ең алдымен оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне назар аудара отырып, сыныптағы балалар құрамын мұқиат тани білгені жөн. Сынып жетекшілері жаңа оқу жылының басында немесе тоқсан соңында оқушылар мен бірге атқарылған жұмыстарына талдау жасайды және ары қарай не істеу керектігін ойластырады. Олар күнделікті балалармен қарым –қатынас жасай отырып оқушыларымды жақсы білеміз деп есептейді. Дегенмен, бұл үнемі ойлаған мен жанаса бермейді. Мұғалімге балалармен қатынасы жақсы, олар барлығын дұрыс орындайтын сиақты болып көрінеді, ал оқушылдардың мұғалімдер мен қарым –қатынасқа көңілдері толмайды, олар өздерін тереңірек түсінуді, олармен санасуды, сабақтарды басқаша формада өткізуді, мұғалімдермен өзара қатынасқа өзгеріс еңгізуді қажет етеді. Сабақтағы қателіктер және тәрбие жұмысындағы сәтсіздіктердің көпшілігі мұғалімнің өз оқушыларын жетік білмеуінен болатыны белгілі жайт, демек, бұл сынып жетекшісі жұмысының диагностикалық маңызын арттырды. Сынып жетекшісі жұмысындағы диагностика (тұтас топты және оқушыларды кешенді зерттеу) ‑бұл педагогикалық диагностиканың жаңа бағыты. Педагогикалық диагностика оқыту мен тәрбие процесін және оның нәтижесін зерттеу. Диагностикалық жұмыстар – бұл термин медицинада қолданылады. Ал сынып жетекшісі үшін алдын-ала бұрын болған нәрсемен, бүгінгі күнгі жағдайы жоспарлау үшін, сыныптың қазіргі деңгейін салыстыра отырып озат мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне арқа сүйеу.
Мұғалім диагностикалық әдістемелердің көмегімен педагогикалық процесс жағдайы, оқыту және тәрбиелеу жұмысының сапасы, оқушылардың алған білімі мен тәрбиелік деңгейі туралы мәліметтер алады, осы мәліметтерді өңдейді, талдайды, оларды бағалайды, педагогикалық процесс пен оқушылар дамуын түзетеді және болжайды. Қазіргі ғылым зерттеудің мынандай міндеттерін көрсетеді: бақылаушы, түзетуші, болжаушы, тәрбиелеуші. Мұның алғашқысы-мәліметтер алу және тәрбие процесіне түзету енгізуден тұрады, екіншісі-болашақтағы оқушылар дамуындағы өзгерістерді болжау, күні бұрын көре білу, үшіншісі-мұғалім диагностикалау процесінің нәтижесіне сүйеніп, оқушыларға тәрбиелік ықпал жасайды.Сынып жетекшісі диагностика нәтижелерін өз сыныбындағы оқушылармен бірігіп талдайды, соның талдау нәтижесімен алдағы уақыттағы тәрбиелеу жұмысы құрылады. Сынып жетекшісі әр оқушыны, оның отбасын, оны қоршағандарды, ол оқитын сыныпты зерттеу қажет. Диагностикалау жұмысының мазмұнына: оқушы және оның отбасы туралы жалпы мәліметер, баланың дене дамуы және денсаулық жағдайы туралы мәліметтер, танымдық процестерінің деңгейі, оқу мотивтері, жеке бастың бағыттылығы (қызығуы, қатынасы, бағалауы, мен-концепциясы), оқушының тәртібі жатады. Бұдан басқа сынып жетекшісі ұжымды зерттейді: сыныптың құрамы, сыныптағы бірлік, ұйымшылдық, қоғамдық пікір, жеке өзара қатынастар, педагогикалық ұжыммен байланыс т.б.
Тәрбие жұмысының формасы.
Тәрбие жұмысының формасы – педагогтер мен оқушылардың белгілі бір қарым – қатынас құрылымы арқылы тәрбиелеу жұмысы мазмұнының көрінісі.Сабақтан тыс тәрбиелік іс - шараны ұйымдастырудың барлық формасын төмендегідей топтарға біріктіруге болады: тәрбиелік шаралар; ұжымдық шығармашылық; тәрбиелік ойындар. Шаралар – педагогтардың немесе тәрбиеленушілер үшін оларға тікелей тәрбиелік әсер ету мақсатында ұжымда ұйымдастыратын оқиғалары, сабақтары, жағдайлары. Ұжымдық шығармашылық – білім алушылардың шығармашылық әрекетін қалыптастыру жолындағы бірлескен әрекет ету ұйымдары, өзінің ұйымға жататынын саналау, атқарылатын жұмыстарды бірлесе белгілеу, міндеттерді бөлісу, қорытындыларын шығару.
Тәрбиелік ойындар – тәрбиеленушілер ұжымында демалыс, көңіл көтеру және үйрету мақсатында мақсатты түрде ұйымдастырылатын қиялдағы немесе шынайы әрекеттер.
Тәрбиелік ойындар – тәрбиеленушілер ұжымында демалыс, көңіл көтеру және үйрету мақсатында мақсатты түрде ұйымдастырылатын қиялдағы немесе шынайы әрекеттер. Әрекет түрлері бойынша: ОҚУ; СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ; ЕҢБЕК; КӨРКЕМ; ЭСТЕТИКАЛЫҚ; ЭКОЛОГИЯЛЫҚ; ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ Т.Б. Педагогтің әсер ету әдісі бойынша: Тікелей; Жанама. Тәрбие – қоғамдық құбылыс, оның негізгі қозғаушы күші, өркениетті елді қалыптастыратын берік құрылыс материалы. Сондықтан адам баласы қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесін жетілдірудің тиімді үрдісін жасауды басты назарда ұстаған.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. //Егеменді Қазақстан, 2011 жыл. 2. ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. // Егеменді Қазақстан, 14 желтоқсан, 2010 жыл. 3. Педагогика. Дәріс курсы. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003. – 368 б. 4. Педагогика: Оқу құралы. /Жалпы ред. басқарған А.М.Құдиярова. – Алматы: Дарын, 2004. – 448 б. 5. Педагогика. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. – Алматы, 2004 – 412 б.6. Педагогика. Оқулық. 2-басылым. /Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Ильясова Р. – Астана: Фолиант, 2010. – 656 б. 7. Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика. Учебник для вузов. – СПб.:Питер, 2001. 8. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы ментехнологиясы. – Алматы, 2005. 9. Подласый И.П. Педагогика: Новый курс.-В 2-хкн. КН 1.Процесс обучения. –Москва: ВЛАДОС, 2003. –276с 10. Подласый И.П. Педагогика: Новый курс.-В 2-хкн. КН 2.Процесс воспитания. –Москва: ВЛАДОС, 2000. – 256с.
Достарыңызбен бөлісу: |