Математика есептерін шығаруды ұйымдастыру



Дата16.05.2023
өлшемі93,22 Kb.
#93900

Математика есептерін шығаруды ұйымдастыру.

Дайындаған : Неталиева Ж.С.

Тексерген : Айтенова Г.М.

Жоспары :

1. Есепті жаппай шығару.

Есепті жаппай шығару деп бір есепті барлық оқушылардың бір уақытта шығаруын түсінеді. Жаппай есеп шығаруды ұйымдастырудың алуан түрі болуы мүмкін


а) Есепті жаппай ауызша шығару әсіресе орта кластарда кең тараған. Мұндай есептер негізінен ауызша орындауға болатын есептеулерді, тепе-тең түрлендірулерді және т.б. жаттығуларды қамтиды. Тәжірибелі мұғалімдер, бүгінгі таңда, қысқа ауызша жаттығуларды жиі пайдаланады. Мұның өзі ойша шапшаң есептеуге машықтандырады. Сондықтан математиканы оқытудың барлық қажетті кезеңдерінде ауызша есептеулерге жүгінген жөн.

Ауызша орындайтын жаттығулар:


1) теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар
2) тепе-тен түрлендіруді орындау, қарап
3) зерттеуге арналған сұрақтар
АУЫЗША ШЫҒАРАТЫН ЕСЕПТІҢ БЕРІЛУІ
ТАБЛИЦА
КӨРНЕКІ МАТЕРИАЛ
АНЫҚТАМА
СХЕМА

ә) Есепті жазбаша шығару. Мұғалім берілген есепті тақтаға жазады. Оқушылар оны дәптерлеріне көшіріп алады да жаппай шығарады. Тақтадағы есепті мұғалім өзі, не оның жетекшілігімен бір оқушы шығарады.

  • ә) Есепті жазбаша шығару. Мұғалім берілген есепті тақтаға жазады. Оқушылар оны дәптерлеріне көшіріп алады да жаппай шығарады. Тақтадағы есепті мұғалім өзі, не оның жетекшілігімен бір оқушы шығарады.

Класта есепті жазбаша шығарудың басты мақсаты
  • жаңа теориялық материалды қолдану үлгісін көрсету;
  • оқушылардың бәрі бірдей шығара алмайтын есептің шығару жолын көрсету;
  • берілген есепті әр түрлі тәсілмен шығару және оның ең тиімдісін таңдауға үйрету;
  • оқушылардың өздігінен шығарған есептерінде жіберген қателерін талдау

  • болып табылады.

б) Есеп шығаруға үйрету мақсаттарының бірі — оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, жұмыс істеу дербестігін тәрбиелеу. Бұл тұрғыдан алғанда оқушылардық есепті өздігінен шығару жұмысын одан әрі өрістетудің маңызы зор.

  • б) Есеп шығаруға үйрету мақсаттарының бірі — оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, жұмыс істеу дербестігін тәрбиелеу. Бұл тұрғыдан алғанда оқушылардық есепті өздігінен шығару жұмысын одан әрі өрістетудің маңызы зор.
  • Оқушылардың өздігінен есеп шығаруының бірсыпыра артықшылықтары бар. Атап айтқанда, есепті өздігінен шығару арқылы оқушылар төл шығармашылық белсенділіктерін жандандырып, ынталандырады, ойлау қызметін дамытады. Есеп шығару арқылы теориялық материалдарды қолдануға үйренеді. Сонымен бірге өздігінен есеп шығару оқушылардың білімін, іскерлігі мен машықтарын бағалауға мүмкіндік береді. Жеке оқушылардың жіберетін қателерін анықтауға, олардың алдын алу шараларын ұйымдастыруға көмектеседі.
  • Оқушылардың өздігінен есеп шығаруын өрістетіп, олардың дербестігін одан әрі дамыту әр мүғалімнің міндеті. Сондықтан оқушыларға қажетті нұсқаулар беріп, оқулықтағы тиісті тақырыптарды, анықтама материалдарды көрсетіп отырғаны жөн.
  • Өздігінен шығарылатын есептердің сапасын арттыру үшін жұмыс алдында нүсқау беру, қолданылатын формулалар мен сөйлемдер тізбегін, орындалу ретін, мерзімін атап көрсетіп, орындалған жұмыстарды ұдайы класта талдап отырған пайдалы.

в) Есептің шығару жолын түсіндірудің мәнісі мынадай: барлық оқушылар берілген есепті өздігінен шығарады, ал бір оқушы шешуін түсіндіріп, нұсқау беріп отырады. Мұнда түсінік беруші оқушы орындалатын түрлендіруді, жасалатын талдауды, салуды қандай негізде жүргізетінін айтуы тиіс. Басқаша айтқанда, есеп шығарғанда бұрыннан мәлім математикалық сөйлемдерге сілтеме жасауы керек.

  • в) Есептің шығару жолын түсіндірудің мәнісі мынадай: барлық оқушылар берілген есепті өздігінен шығарады, ал бір оқушы шешуін түсіндіріп, нұсқау беріп отырады. Мұнда түсінік беруші оқушы орындалатын түрлендіруді, жасалатын талдауды, салуды қандай негізде жүргізетінін айтуы тиіс. Басқаша айтқанда, есеп шығарғанда бұрыннан мәлім математикалық сөйлемдерге сілтеме жасауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет