Математика пәні бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 5 сынып Жұмыс уақыты: 90 минут



бет1/3
Дата14.03.2023
өлшемі83,01 Kb.
#74171
  1   2   3

Математика пәні бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
5 сынып
Жұмыс уақыты: 90 минут.

  1. ұ паймен бағаланатын есептер

1. Суретте 2020 жылдың қараша айының күнтізбесі көрсетілген. Бір бағаннан көрші тұрған үш сан таңдалып алынды. Келесі сандардың қайсысы осындай үш санның қосындысы болуы мүмкін?
A. 21 B. 50 C. 37 D. 39 E. 53


2. Қыры 6 см-ге тең боялған куб қыры 1 см-ге тең кішкентай кубтарға бөлінді. Кем дегенде екі жағы боялған қанша кішкентай куб болады?
A. 108 B. 56 C. 48 D. 24 E. 72
3. Бүтін санның оң жағына 4 цифры жазылды. Жаңа шыққан сан мен бастапқы санның қосындысы 499. Бастапқы санды табыңыз.
A. 34 B. 48 C. 45 D. 42 E. 39
4 . Берілген фигуралар белгілі бір заңдылықпен тізбектелген:

2019-шы орында қандай фигура болады?


A. B. C. D. E.
5. Арманда көк, қызыл, ақ және сары қарындаштар бар. Көк қарындаштардың саны қызыл қарындаштар санынан 2-ге артық, қызыл қарындаштардың саны ақ қарындаштар санынан 4-ке артық, ал ақ қарындаштардың саны сары қарындаштардың санынан 6-ға артық. Арманда ең кем дегенде қанша қарындаш болуы мүмкін?
A. 22 B. 26 C. 28 D. 44 E. 32
6. Барлық цифрлары әртүрлі ең үлкен және ең кіші бес таңбалы сандардың қосындысы неге тең? (Бірінші санның барлық цифрлары әртүрлі және екінші санның да барлық цифрлары әртүрлі.)
A. 108999 B. 111110 C. 111105 D. 108899 E. 111100
7. Кем дегенде алтауының туған күні бір айда болу үшін, мерекелік кешке қанша адам шақыру керек?
A. 35 B. 41 C. 61 D. 55 E. 50
8. Үш жерқазушы 4 күнде 1 шұңқыр қазады. 6 жерқазушы сондай шұңқырды қанша күнде қазады?
A. 1 B. 2 C. 8 D. 3 E. 6
9. Гүл шоғында саны 16-дан артық және 61-ден кем тақ сан гүл бар. Егер барлық гүлдердің -і ақ, ал -і сары гүл болса, гүл шоғында барлығы қанша гүл бар?
A. 18 B. 25 C. 35 D. 45 E. 60


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет