Математикалық жаттығулар жүйесі



бет1/2
Дата28.01.2023
өлшемі18 Kb.
#63449
  1   2

Математикалық жаттығулар жүйесі


Есеп

Мысал

Теңдеу

Бұл бірнеше мәнді белгілері бар математикалық жаттығулардың ерекше бір түрі

Сандардың, амалдардың, кейде жақшалардың көмегімен жазылған жазу.
30 ∙ 5 + 60 ∙ 8
(18 + 14) : 8 ∙ 9 : 6

Сандардың, амалдардың және әріптердің көмегімен берілетін теңдік

  • есеп мәтінмен беріледі;

  • сол мәтіннің мазмұнында өмірдегі нақты өмірлік жағдай (жағдаят) сипатталады;

  • есептің міндетті түрде сұрағы болады;

  • сол сұраққа жауап беру үшін ең болмағанда бір арифметикалық амал орындалады.

Мектеп кітапханасына 5 қораппен оқулықтар және жұмыс дәптерлері әкелінді. Әр қорапқа 30 оқулық және 60 жұмыс дәптері салынды. Кітапханаға барлығы неше оқулық және жұмыс дәптері әкелінді?

Есеп, оны енгізу, есеппен байланысты терминдер


Асанда 3 асық бар еді. Оған атасы тағы 1 асық берді. Асанда неше асық болды?
- Асанда неше асық бар еді? (3)
- Тағы атасы неше асық береді? (1)
- Балалар, асықтар артты ма, кеміді ме?
- Артты. Онда қандай амал қолданамыз?
3 + 1 = 4. Бұл – есептің шешуі 
- Сонда қанша болды (4)
- Асанда неше асық болды? 
- 4 асық, бұл – есептің жауабы.
Әрбір жаңадан енгізілген термин тақтаға ілініп отырады.
Асанда 3 асық бар еді. (Асықтар көрсетіліп, қоржынға салынады). Оған атасы тағы 1 асық берді. (олар да көрсетіледі де, қоржынға салынады). Асанда неше асық болды?
«Балалар, бұл – есеп» - деп хабарланады


Жай есеп дегеніміз – бір амалмен шығарылатын есеп

Есепті шешу кезеңдері:


  • есеп мәтінін шапшаң және түсініп оқу.

  • есептің шешуін іздестіру немесе шешу жоспарын құру.

  • есептің шешуін жазу.

  • жауабын бөліп көрсету және тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет