«Математикалық сауаттылық- заман талабы»



бет1/6
Дата06.01.2022
өлшемі27,21 Kb.
#14902
  1   2   3   4   5   6

Қызылорда облысы

Арал ауданы

№81 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі



«Математикалық сауаттылық- заман талабы»

Бағыты: жаратылыстану-математика

Секторы: математика

2018-2019 оқу жылы

Қаралды: Сараптамалық кеңестің №_____ хаттамасы

Оқу әдістемелік кеңестің №____ хаттамасы

Педагогикалық кеңестің кеңесте қаралып, мектеп директорының

№ ______ бұйрығымен бекітілген.



Құрастырған : Математика пәнінің мұғалімі

Қуанышова Н.С

Кімдер үшін: 11-сыныптар үшін

Факультативті курс: Математика 11-сынып

Тақырыбы: «Математикалық сауаттылық- заман талабы»

Түсінік хат

Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір тиімді тәсілі ол – оқытудағы математикалық сауаттылық.

Математикалық сауаттылық – математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну, әр түрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру, дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту, есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру, математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелелерді шешуде еркін қолдану болып табылады.

11 сынып оқушыларына ұсынылып отырған бағдарламада білім саласының жаңаша міндеттері айқын көрініс тауып, атап айтқанда, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытуға, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуге, яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйретуге бағытталады.

Курста қарастырылатын сұрақтар негізгі курспен тығыз жанасады және оқушылардың танымдық белсенділігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталмыш таңдау курсы мектеп бағдарламасында көрсетілген маңызды математикалық білім мен дағдыларын жетілдіруге және дамытуға әсер етеді, математикадан мүмкіндіктерін бағалауға және болашақтағы оқу бейінін дұрыс сезініп таңдауға көмектеседі.

Сонымен қатар курс мазмұны әрбір оқушыға оқу-танымдық үдеріске белсенді түрде енуге, сын тұрғысынан ойлауға және функционалдық сауаттылықтарын нығайтып, өзін-өзі жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді. ҰБТ-те математикалық сауаттылық пәні бойынша келетін тапсырмаларды жылдам шешуге көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет