Математикалық сауаттылық Егержәне болса, онда мен мәні



Дата26.10.2022
өлшемі71,76 Kb.
#45551

Математикалық сауаттылық
1. Егержәне болса, онда мен мәні
A) , B) ,C) , D) ,E) ,

2. 30%-і 60 санының 90% ін құрайтын санды табыңыз
A) 162 B) 18 C) 16,2 D) 54 E) 180

3. 1, 3, 7, 15, .... Тізбектің жетінші мүшесін табыңыз
A) 113 B) 255 C) 127 D) 32 E) 63

4. «Астана-Павлодар» жолаушылар пойызы Астанадан 30 маусым күні 22 сағ 45 минутта шығып, Павлодарға 1 шілде күнгі 6 сағ 50 минутта келді. «Астана-Павлодар» жолаушылар пойызы Астанадан Павлодарға дейін қанша уақыт жолда болғанын анықтаңыз
A) 7 сағ 55 мин B) 7 сағ 5 мин C) 8 сағ 50 мин D) 7 сағ 50 мин E) 8 сағ 5 мин

5. Осыдан үш жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы 12 жас болды. Жеті жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше жас болады?
A) 30 B) 22 C) 32 D) 27 E) 25

6. Төменде берілген фигуралар тізбегіндегі 24-ші орында қандай фигура тұрғанын анықтаңыз

A)

B)

C)

D)

E)


7. 8; 23; 48; 83; 128; . . . сан тізбегі берілген. Келесі санды анықтаңыз
A) 153 B) 183 C) 143 D) 163 E) 173

8. Толқын және оның ата-анасы, бәрі бір күнде, 1 қаңтар күні туылған. 2015 жылдың қаңтарында Толқын анасынан 6 есе кіші болды, ал 2016 жылдың қаңтарында әкесінен 6 есе кіші болды. Әкесі анасынан неше жас үлкен екенін анықтаңыз
A) 5 B) 3 C) 6 D) 4 E) 2

9. Астана қаласына қыдырып келген Әмір төмендегі кестені пайдаланып, екі күнге автомобильді жалға алу үшін ең тиімдісін (арзанын) есептеп алды. Егер Әмір күніне 100 км жүрген болса, онда қанша ақша төлегенін анықтаңыз

Автомобиль тұтынатын жанармай

1 л жанармайдың бағасы (теңгемен)

Әр 100 километрге жұмсалатын жанармай (литрмен)

1 тәулікке жалға алу бағасы (теңгемен)

Дизель

108

5

19500

Бензин

125

11

18500

Газ

55

16

19000

A) 39760 теңгеB) 39700 теңгеC) 38970 теңгеD) 39750 теңгеE) 39720 теңге

10. Екі санның қатынасы 2 : 3 қатынасына тең. Егер бірінші санға 10 санын қосса, осы екі санның қатынасы 4 : 5 қатынасына тең болады. Бірінші санды табыңыз.
A) 50 B) 75 C) 125 D) 25 E) 100

11. Кестеде әр жылдардағы Шкода және Шевролет автомобильдерінің бағаларының графигі берілген. Тік осьте көліктің бағасы, көлденең осьте жылдар көрсетілген. Жыл бойы екі автомобильдің де бағалары 4000000-нан кем емес болған жылдарды көрсетіңіз.


  1. 2009ж., 2010ж., 2011ж., 2012ж.

B) 2011ж.,2012ж.
C) 2009ж., 2010ж., 2011ж.
D) 2009ж., 2010ж., 2012 ж.
E) 2009ж., 2009ж.

12. А және В бағандарын салыстырыңыз.

А

В

20 санының бөлгіштерінің саны

20 санының 130 санынан кіші еселіктерінің саны

A) AB D) 2A=B E) A=B



13. Амина 4 жаста, оның апасы Назеркенің жасы одан 3 есе үлкен. Назеркенің жасы Аминадан 2 есе үлкен болған кезде, Амина қанша жасқа толады.
A) 12 B) 9 C) 10 D) 8 E) 16



14. Марат және Жанат кітап сатып алғылары келді. Маратқа 70 теңге керек, ал Жанатқа - 10 теңге керек.Олар кітапты бірігіп сатып алмақшы болды, бірақ ақшаларын қосқанда да жетпеді. Кітаптың бағасы бүтін сан болса, оның бағасын табыңыз.
A) 60 тг B) 70 тг C) 35 тг D) 40 тг E) 50 тг



15. Cуреттегі үйдің жоспарын пайдаланып, осы үйдің жалпы ауданын анықтаңыз.

A) 70 м2 B) 75 м2 C) 76 м2


D) 74 м2 E) 72 м2

16. А – 1 = В + 2 = С – 3 = Д + 4 = Е – 5 шарты орындалатын болса
А, В, С, Д, Е сандарын cалыстыр.
A) Д > В < А < С < Е B) Д > В > А > С > Е C) Д > В > А < С < Е
D) Д < В < А < С < Е E) Д < В< А < С > Е



17. Әсемнің сағаты әрбір бір сағатта 4 секундқа қалып қалады. Әсемнің сағаты бір тәулікте қанша уақытқа қалып қалатынын анықтаңыз.
A) 1 мин 12 с B) 1 мин 48 с C) 1 мин 24 с D) 48 с E) 1 мин 36 с



18. Бір қатарда бір бірінен 5 м қашықтықта 16 ағаш отырғызылған. Шеткі ағаштың жанында құдық орналасқан. Әр ағашты суару үшін бір шелек су қажет. Бір ғана шелекпен барлық ағашты суаруға кететін жолды табыңыз.
A) 1200 м B) 1400 м C) 600 м D) 1500 м E) 1300 м



19. Сұрақ белігісінің орнындағы санды табыңыз.
A) 56
B) 63
C) 42
D) 49
E) 28



20. Тік бұрышты параллелепипедтің бір төбесі ортақ үш жағының аудандары: 35 см2, 21 см2, 15 см2. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табыңыз.

A) 205 см3


B) 125 см3
C) 145 см3
D) 105 см3
E) 245 см3

21. Бір аптада кассадан киноға сатылған билеттер диаграммасы көрсетілген. Бір күнде 500 билет сату жоспарланған. Қай күндері жартысынан көп, бірақ 300-ден аспайтын билеттер сатылды?
A) сәрсенбі, бейсенбі
B) сейсенбі, дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі
C) сейсенбі, жексенбі
D) дүйсенбі, бейсенбі
E) дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі
22. Әсем пойыздың басынан есептегенде жетін­ші вагонға отырды. Мадина пойыздың со­ңы­нан есептегенде жетінші вагонға отыр­ды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Пойызда неше вагон бар?
A) 13 B) 15 C) 11 D) 12 E) 14
23. Гүлдананың осыдан үш жылдан кейінгі жасы осыдан үш жыл бұрынғы жасынан үш есе артық. Гүлдана қазір неше жаста?
A) 9 B) 6 C) 4 D) 10 E) 86. 
24. Егер тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігі­нің 60%-ына тең болса, қазір сағат неше бола­тынын табыңыз.
A) 14 сағ
B) 14 сағ 40 мин
С) 15 сағ
D) 7 сағ 20 мин
E) 3 сағ
25. Сымды 18 бірдей бөлікке бөлді. Егер сымды 12 бірдей бөлікке бөлетін болса, онда бөліктің ұзындығы 8 см-ге артады. Сымның ұзындығын анықтаңыз.
A) 312 см 
B) 272 см 
C) 288 см
D) 256 см 
E) 264 см
26. Саматтың үйі мен тоғанның арасын қосатын жолдың жиегінде 17 ағаш өседі. Самат олардың кейбіреулерін қызыл таспамен мына ережеге сүйеніп белгіледі: тоғанға бара жатып ол бірінші ағашты, сонан соң әрбір екінші ағашты белгіледі. Үйге қайтып келе жатып, ол тағы да бірінші ағашты, сонан соң әрбір үшінші ағашты белгіледі. Белгіленбей қалған ағаштардың санын көрсетіңіз.
A) 7 B) 6 C) 5 D) 8 E) 4
27. Көк базарда салмағы бойынша екі қауын үш асқабаққа, ал үш асқабақ бір қар­быз­ға тең болса, онда бір қарбыз неше қауын­ға тең екенін анықтаңыз.
A) 2 B) 3 C) 4 D) 5 E) 6
28. Футбол алаңындағы бір команданың ойыншыларының орташа жасы 29 жас. Бір ойыншыны ойыннан шеттеткеннен кейін қалған он ойыншының орташа жасы 30 жас болды. Шығып қалған ойыншының жасы нешеде екенін анықтаңыз
A) 28 B) 25 C) 20 D) 26 E) 19
29. А, В, С, D нүктелері бір түзудің бойында жатыр. АВ ара қашықтығы 100 см, АС арасы 12 см, ал В-дан D-ға дейін 35 см. D-дан С-ға дейінгі қашықтық 123 см болса, В-дан С-ға дейінгі ара қашықтықты табыңыз.
A) 88 см B) 112 см C) 51 см D) 135 см E) 75 см
30. Кітап беттері 559 цифрмен нөмірленген. Егер кітап беттері оның үшінші бетінен бастап нөмірленсе, кітапта барлығы неше бет болғаны?
A) 222 B) 225 C) 224 D) 221 E) 223
31. Балауса мен Жансезім төмендегі тоғыз санды өзара бөлісіп алды:1, 3, 7, 8, 9, 11, 14, 25, 32Әркім өзіне төрт сан алды және бір сан артық қалды. Балаусаның сандарының қосындысы Жансезімнің сандарының қосындысынан үш есе көп болса, артық қалған санды анықтаңыз.
A) 3 B) 11 C) 14 D) 8 E) 9
32. Сымнан қабырғасы 16 см тең қабырғалы үшбұрыш құрастырылды. Егер осы сымды жазып, одан квадрат жасаса, онда оның ауданын табыңыз.
A) 144 см2 B) 100 см2 C) 81 см2 D) 36 см2 E) 64 см2
33. 5, 8, 4 және 1 төрт цифрымен жазылған ең үлкен және ең кіші төрт таңбалы сандардың айырмасын табыңыз.
A) 4393 B) 7056 C) 4356 D) 7083 E) 4383
34. Сандар белгілі бір заңдылықпен берілген. Бесінші санды табыңыз:22; 202; 2002; ...
A) 20002 B) 200000 C) 200002 D) 22000 E) 20000
35. Сыныпта математикадан 10 есептен құралған олимпиада өткізді. Әрбір дұрыс шығарылған есеп үшін 5 ұпай қосылатын, ал әрбір қате шығарылған есеп үшін 3 ұпай алынып тасталатын. Оқушылардың біреуі барлық есепті шығарып (дұрыс немесе қате) 26 ұпай жинады. Ол қанша есепті дұрыс шығарғанын анықтаңыз.
A) 5 B) 8 C) 6 D) 7 E) 4

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет