Мазмұндамалар жинағы Құрастырған Кеңбидайық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кизатова Бағдат Даниярқызы Алғысөз



бет1/4
Дата11.12.2023
өлшемі8,55 Mb.
#137851
түріМазмұндама
  1   2   3   4
  • Мазмұндамалар жинағы

Алғысөз

  • Алғысөз
  • Ұстаздардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі-Отанын сүйетін, еңбексүйгіш, кез-келген жағдайда шешім тауып шыға алатын жеке тұлға тәрбиелеу. Мұның бәрі тіл арқылы жүзеге асады. Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан баланың тілін байытып, ой-өрісін кеңейте түсу үшін, өз ойын жазбаша жеткізе білудің маңызы өте зор.
  • Оқу мен жазуды жаңа меңгерген 1-сынып оқушыларына мазмұндама, шығарма жазып кету бірден оңайға түспейтінін кез-келген бастауыш сынып мұғалімі жақсы біледі. Бұл жинаққа 1- сынып оқушыларына шағын әңгіме, мазмұндама жазуға арналған материалдар енгізілген. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі –түсті суреттермен толықтырылған.
  • Жинаққа қосымша жасалған диск мазмұндама материалдарын экраннан көрсетуге мүмкіндік береді.
  •  

Мазмұндама.

  • Мазмұндама.
  • Мазмұндама дегеніміз-белгілі бір шығарманың (мәтіннің) мазмұныны ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру. Бұл оқушылардың алғын білімін тиянақтап, тілін дамыту мақсатын көздейді.
  • Мазмұндама 1-сыныпта оқу жылының екінші жартысында басталып,
  • 2-4 сыныптарда бірте-бірте күрделендіре жүргізіледі.
  • Оқушылар ауызша мазмұндауға толық төселіп болғанға дейін жазуға кірісер алдында оқушылармен ауызша әңгіме өткізіліп, жазу жұмысына дайындау міндетті түрде қажет болады.
  • Мәтіннің көлемі 1-сынып үшін - 40-50 сөз, 2-сынып үшін -50-60 сөз, 3- сынып үшін-60-80 сөз, 4-сынып үшін 80-90 сөз болғаны дұрыс.
  • Мазмұндамаға екі баға қойылады:1)сауаттылығына, 2)мазмұн-дылығына.
  • Бастауыш сыныптарда мазмұндаманы мына сияқты материалдар бойынша жаздыруға болады:
  • дайын мәтін бойынша
  • сурет бойынша
  • шығармашылық жолмен
  • кино, бейнефильм бойынша
  • Есіңе сақта


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет