Мазмұны кіріспе І тарау. ««ҚТЖ» ҰК» АҚ «босағА» станса жұмысының техника-экономикалық КӨрсеткіштері



бет1/7
Дата06.03.2023
өлшемі89,31 Kb.
#72157
  1   2   3   4   5   6   7

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..................................................................................................................4


І ТАРАУ. ««ҚТЖ» ҰК» АҚ «БОСАҒА» СТАНСА ЖҰМЫСЫНЫҢ
ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
1.1««ҚТЖ» ҰК» АҚ «Босаға» стансасының тағайындалуы мен мінездемесі...............................................................................................................6
1.2 Станса жұмысының көлемдік көрсеткіштерін есептеу.................................9
1.3 Станса жұмысының сапалық көрсеткіштерін есептеу.................................12
1. 4. Жүк тасымалдау жұмысының көлемі және сандық көрсеткіштері.........15


ІІ ТАРАУ. ««ҚТЖ» ҰК» АҚ «БОСАҒА» СТАНСАСЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ
2.1. Еңбекақы және оның түрлері мен формалары.............................................18
2.2. ««ҚТЖ» ҰК» АҚ «Босаға» станса жұмысының еңбек
бойынша жоспары.................................................................................................20


ІІІ ТАРАУ. СТАНСА КІРІСІ МЕН ТАБЫСЫН, РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН ЕСЕПТЕУ.
3.1. Пайдаланушылық шығындарды есептеу.....................................................26
3.2. Станса кірісі мен табысын, рентабельділі....................................................28
3.3. Өнімнің өзіндік құнын есептеу.....................................................................30


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................31
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................................................25


КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымның тақырыбы - ««ҚТЖ» ҰҚ» АҚ «Босаға» станса жұмысының жоспар-болжауы». Курстық жұмысымның мақсаты- осы станса бойынша станса жұмысының көлемдік және сапалық көрсеткіштерінің есебін, еңбек бойынша, пайдаланушылық шығындар бойынша есептемелерін жүргізу болып табылады.


Жалпы стансалар дегенiмiз – темiржолдың тұтынушыларымен тiкелей байланысты жүзеге асыратын аса маңызды өндiрiстiк-шаруашылық бiрлiктер. Тасымалдау процесiнiң бастапқы және ақырғы операциялары, пойыздар жүрiсiн қамтамасыз ететiн қыруар жұмыстар стансаларда атқарылады.
Арналуы мен жұмыс сипатына қарай стансалар аралық (оның iшiне айырықтар мен озба бекеттерi кіреді), телiмдiк, сұрыптау, жүк және жолаушылар станциялары деп бөлiнедi.
Станса жұмысын реттейтiн негiзгi құжаттарға:
Теміржол станциялары туралы ереже;
Стансаның техникалық - жарлық актiсi (ТЖА);
Стансаның технологиялық жұмыс үрдісі (ТЖҮ) жатады.
Даму стратегиясы.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы активтерінің құрамына кіретін, мемлекеттік маңызы бар ірі көлік-логистикалық холдинг болып табылады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «ҚТЖ» ҰК» АҚ негізінде активтер мен құзыреттердің толық спектрі бар ұлттық логистика операторын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін компанияның басқаруына Ақтау теңіз порты, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамы және «Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағы, әуежайлар желісі берілді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ ұлттық логистика операторы ретінде «Қазақстан-2050» стратегиясының транзиттік әлеуетті дамыту және Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдарды 2020 жылға қарай 2 есе, 2050 жылға қарай 10 есе ұлғайту жөніндегі міндеттерін орындап жатыр.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының экономикасындағы жекеше сектордың рөлін дамыту үшін Үкімет мемлекеттік активтердің бір қатарын жекешелендіру бағдарламасына бастама білдірді. Бағдарлама «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның және тұтастай саланың активтер портфелінің құрылымын айтарлықтай өзгертеді.
Президент алға қойған міндеттер шеңберінде Үкімет және «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жалғыз акционері Қызметін трансформациялау бағдарламасын әзірлеп, іске асыруда. Қызметін трансформациялау бағдарламасы бойынша міндеттерін «ҚТЖ» ҰК» АҚ ел ішіндегі және ЕАЭО бойынша әріптес елдердегі экономикалық құлдырау жағдайында шешіп жатыр.
Сыртқы ортаның өзгергенін және компания қызметі спектрінің кеңейгенін ескере отырып 2015 жылғы 26 қарашада «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясын бекітті.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ МИССИЯСЫ
Жүйе құраушы инфрақұрылымдық компания бола тұра, экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы көліктік негізді қамтамасыз ету, Акционер үшін құнды құру және қажет және бәсекеге қабілетті көлік-логистикалық қызметтерді көрсету жолымен тұтынушыларға және тұтастай қоғамға пайда келтіреді.
Алға қойылған стратегиялық мақсаттарды іске асыру, сондай-ақ бар мүмкіндіктер мен шектеулерді ескере отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ стратегиялық бастамалардың 8 блогына көзделеді:
Ішкі нарықта сату функциясын дамыту.
Өз вагондарымызды кәдеге жаратуды арттыру.
Контейнерлік транзитті дамыту.
Жолаушылар тасымалдау тиімділігін арттыру.
Операциялық тиімділікті арттыру.
Жобалық офисті дамыту (стратегиялық бастамалардың тиімділігін арттыру және іске асыру мерзімін қысқарту үшін).
Мемлекеттік реттеу жүйесін өзгерту.
Қазақстан арқылы транзитті Қытайдың қолдауы.
2025 жылға қарай «ҚТЖ» ҰК» АҚ міндеттерінің қатарына, акционерлік құнын өсіруден басқа, көлік-логистикалық қызметтерді ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік стратегияны іске асыру кіретін ықпалдастырылған көлік-логистикалық компания болуы тиіс. Бұл ретте компания EVA көрсеткішін ~ 359 млрд. теңгеге дейін көтеру міндетін 2020 жылға қарай орындамақ. Компания өз клиенттеріне сапалы қызмет көрсету бойынша өзіне қабылдаған барлық міндеттемелерді орындауды жалғастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет