Мазмҧны кіріспе


Әбубәкір (Кердері) Шоқанов (1958-1912)



Pdf көрінісі
бет29/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   144
Әбубәкір (Кердері) Шоқанов (1958-1912). Ақтӛбе облысында туып ӛскен. 
Әбубәкірдің  1903  жылы  “Әдебиет  қазақия“  деген  кітабы  шыққан.  Бұл 
кітаптың  ӛз  кезеңіндегі  маңызы  зор.  Ондағы  ӛлең-толғаулардың  тақырыбы 
әркелкі.  Ақынның  заман  жайы,  қазақтың  бұрынғы  хал-жайы,  қоғам,  адам 
жайлы  ӛзіндік  ой  түйіндері  ӛте  мол.  Дін  жолына,  ғылым-ӛнерге  үндеуде  ӛз 
дәуірі  тұрғысынан  алғанда  ілгершілдік  кӛзқарастары  бар.  Ол  ӛз  тұсындағы 
қазаққа  тән  емес  жат  құбылыстарды,  ел  арасындағы  жағымсыз  мінез-
құлықтарды  аяусыз  сынайды.  Ӛлеңдерінің  кӛбі  отаршылдық  озбырлыққа 
қарсылықты  са-рында  жазылған.  Кӛбіне  ӛткен  ӛмірдің  жақсылықты 
жақтарын  поэзиясына  арқау  етіп,  бүгіннен  түңілгендей  сипат  танытады. 
“Сырқау  болып  жатқанда“  ӛлеңіндегі  ӛмір,  адам  туралы  толғаныстары, 
ақындық  ой-топшылаулары  ӛте  мәнді.  Адам  ӛмірінде  ғылымбілімнің  алар 
орны  туралы  ақын  орнықты  ой-пікірлер  айтқан.  “Заманның  опасыз  халінде 
айтқан  ӛлеңінде“  ӛз  заманының  келбетін  кеңінен  суреттейді.  Ӛсиет-терінің 
ӛмірмен  тығыз  байланыстылығы  бар.  “Әубәкір  молланың  ноғай  халқына 
насихат  қылып  айтқаны“  толғауында  түркі  тектес  халықтарды  бірлікке, 
ынтымақтыққа шақырып, діндес, тілдес ұлттардың бірлігін жақтайды. Жалпы 
алғанда,  Әубәкір  шығармашылығындағы  ӛмір  ӛзгерісін,  қайшылықтарды 
сынау, ең алдымен, діни ұғыммен астасып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет