Мазмҧны кіріспе


Мұхамеджан  Сералин  (1872-1929)



Pdf көрінісі
бет54/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Мұхамеджан  Сералин  (1872-1929).  Қостанай  облысында  туып  ӛскен. 
Мұхамеджан  Сералин  –  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  халқының  үлкен  қоғам 
қайраткері,  белгілі  санаткері,  кӛрнекті  ақыны,  танымал  кӛсемсӛзшісі. 
Қазақша-орысша  білімді  болған.  Оның  (“Топ  жарған”  (1900),  “Гүлкәшима” 
(1903))  поэмалары  қазақ  жазба  әдебиетіне  елеулі  үлес  болып  қосылды. 
М.Сералин  ӛлеңдері  қазақ  ӛмірінің,  әлеуметтік  тұрмысының  шындығын 
танытады (“Бай, патша һәм кедей”, “Бай, қасқыр, аңшы” т.б.). 
“Топ  жарған”  поэмасында  Кенесары  бастаған  ұлт-азаттық  кӛтерілістің 
нақты  шындығы  кӛрініс  табады.  Поэманың  басты  кейіпкері  Адай  жігітінің 
бостандықты  кӛксеген  ой-арманы  Кенесары  кӛтерілісімен  желілес  беріледі. 
Поэмада  Кенесары-Наурызбай  кӛтерілісін  қалың  бұқараның  жақтауы  жеке 
кейіпкерлер  сӛздері  арқылы  беріліп,  шындықты  ашудың  жақсы  тәсілі 
қолданыс  тапқан.  “Топ  жарған”  поэмасында  Кенесары  кӛтерілісінің  қазақ 
бұқарасының  мүддесін  қорғаған  кӛтеріліс  екендігі  қилы  тағдырлар  тоғысы 
арқылы  кӛрініс  табады.  Адай  жігіті  бейнесі  –  кӛтерілісті  жүрек  қалауымен 
жақтаған ерлер бейнесінің жиынтық образы. 
Поэманың  композициялық  құрылымының  ерекшелігі  –  ақынның  орыс 
классикасынан  үйренуінің  дәлелі.  “Топ  жар-ған”  поэмасында  тіл  сонылығы 
бар. Тарихи шындықты, нақты ӛмірді тың теңеу, кӛркем суреттеулермен бере 
білген ақын поэмасының тарихи мәні ӛте зор. 
М.Сералиннің  “Гүлкәшима”  атты  шығармасы  (1903)  –  қазақ  ӛмірінен 
алынып  жазылған  лирикалық  поэма.  Поэманың  негізгі  идеясы  бас 
бостандығын  аңсаған  жастар  мен  әйел  теңсіздігін  жырлау  болып  табылады. 
“Гүлкәшима”  поэмасы  –  махабатты  жырлауда  жазба  кәсіптік  әдебиет 
деңгейінде  жазылған,  ӛмір  шындығын  нақты  кӛрсететін  шынайы  кӛркем 
туынды. Поэмада жекеленген бӛлімдердің жүйелігі мен тұтастық желісі бар.  
Ақын  ескілікті  әдет-ғұрыптарға  және  қазақ  қоғамының  кертартпа  күйіне 
бас  кейіпкердің  (Баймағамбет)  ӛлімі  арқылы  наразылық  білдіреді.  Поэмада 
еркіннен  айрылған  адал  жардың  сезім  тазалығы  жырланады.  Шығарма 


144 
 
сюжеті  авторлық  шешім  арқылы  жаңа  жүйеде  құрылған.  Оқиғаның  ӛрбуі 
кӛбіне  хат  арқылы  беріліп,  авторлық  кӛзқарас  арқылы  түйінделіп  отырады. 
Поэманың  публицистикалық  сипаты  басым.  Онда  ауыз  әдебиеті  дәстүрінің 
белгілері  де  кездеседі.  Поэмада  қазақ  тұрмыс-салты  кең  кӛрініс  тапқан. 
М.Сералиннің  “Гүлхашима”  поэмасы  ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  қазақ 
поэзиясының  ірі  табысына  саналды.  М.Сералин  “Рустам-Сухраб”  дастанын 
орыс  тілінен  аударған  (Жуковский).  Шығыстың  классикалық  шығармасы 
“Шаһнаманың”  тұңғыш  рет  қазақ  тіліне  аударылуының  тарихи  маңызы  ӛте 
зор.  
М.Сералиннің журналистік қызметі  “Айқап” журналын шығарумен тығыз 
байланысты. Журналдың бас редакторы ретіндегі идеялық кӛзқарастарының 
қазақ ұлтының санасын оятуда мәдени-эстетикалық маңызы бар. М.Сералин 
– кӛсем-сӛзші ретінде ӛзіндік қолтаңбасы қалыптасқан қаламгер. Журналдың 
қазақ  мәдениеті  мен  әдебиетін  дамытудағы  іс-әрекеттерінде  М.Сералиннің 
басшылық қызметінің әсері мол болды. Ӛзінің жеке мақалаларында (“Аштық 
хаһында”,  “Ке-лешек  заманымыздың  қамы”,  “Қазақ  халқының  мұң-
мұқтаждығы”,  “Қазақ  жастары”,  “Отырықшы  болған  қазақтар  туралы”  т.б.) 
қазақ  қауымын”  жоғын  жоқтап,  отырықшылдық,  оқу-ағарту  секілді  басты 
мәселелерді  нақты  кӛтерді.  Мақалаларында  тілдік  тұрғыдағы  жетістіктер  де 
кездеседі. М.Сералин жалпы ұлттық сананы ояту тұрғысында еңбек етіп, ХХ 
ғасыр  басындағы  қазақ  қоғамының  кӛрнекті  санаткерлерінің  қатарына 
кӛтерілді.  
 


145 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет