Сабақ барысы: I. "Ой қорыту"кезеңі. II."Сөзжұмбақ " шешу ІІІ. «Мені жалғастыр» ойыны ІV. «Бәйге» ойыны



бет1/4
Дата04.04.2023
өлшемі52,84 Kb.
#79122
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
темекі


Тақырыбы:“ Темекі- денсаулық дұшпаны

Мақсаты: Темекінің адам өміріне зиянды және улы екенін түсіндіре отырып, студенттерді саналылыққа, тазалыққа, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, темекі туралы бейнетаспа, «Денсаулық» сөзжұмбағы
Түрі: Ашық тәрбие сағаты
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, видео көрсету

Сабақ барысы:
I. "Ой қорыту"кезеңі.
II.“Сөзжұмбақ ” шешу
ІІІ. «Мені жалғастыр» ойыны
ІV. «Бәйге» ойыны
V. “Уланбасын өмірің” көрініс
VI. Тренинг: «Қолшатыр»
VII. Қорытынды.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздер ме қадірлі ұстаздар мен білімге құштар жас достар! Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып, жүрек жылуын сыйлайық.
Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жер!
Армысың, көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым!
Денсаулық- бірдің емес мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық. Болашақ ұрпағымыздың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым- біліммен жақсы қаруланған болуы тиіс. Қазіргі кезде адам ағзасын улайтын бірнеше зиянды заттар бар. Төмендегі статистикалық мәліметтерге көңіл аударыңыздар.

  1. Дүние жүзінде 1 млрд. адам темекі шегеді.

  2. Темекі зардабынан күніне 10 000 немесе 3,5 млн. адам қайтыс болады.

  3. Қазақстан бойынша 3,2 млн. яғни 33 пайыз адам темекі тартады.

  4. Темекі зардабынан жылына 25 000 адам қайтыс болады.

  5. Темекі түтінінің улылығы автомобиль шығаратын газдан 4 есе, тұрмыстық газдан 250 есе артық..

  6. Адам ағзасын улайтын қандай заттарды білесіндер?

Темекі, шылым, анаша, насывай.
Темекі- денсаулық дұшпаны”- атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда “Саламатты Қазақстан” атты жүрдек жолаушылар поезымен бірнеше аялдамаларға тоқтаймыз. Аялдамаларда сіздерді көптеген тапсырмалар күтіп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет