«Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы



Дата28.10.2022
өлшемі7,95 Kb.
#45902

«Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы
«Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы
Тақырып: Доплер эффектісі және оның фармакобиологиялық зерттеулерде қолданылуы
Орындаған: Дүйсенбай Алмасхан
Топ: В-ФӨТҚА 02-21
Қабылдаған: Абдрахманова Жаныл
Жоспар:

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

    • Доплер эффектісі дегеніміз не?

    • Доплер эффектісіне не мысал бола алады?

    • Доплер эффектісінің медицинада қолданылуы

  • Қорытынды

  • Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Доплер эффектісі – бұл 1803 жылы австриялық физик Кристиан Доплер анықтаған құбылыс. Судағы толқындарды бақылай отырып, дәл осындай құбылыс ауада да болып жатыр деген тұжырым жасады. Толқындық теория негізінде, 1842 жылы ол жарық көзінің бақылаушыға жақындауы толқынның жиілігі жоғарылайтынын, ал алыстаған кезде ол азаятынын байқады. Доплер бақылаушы қабылдайтын дыбыс пен жарық тербелістерінің жиілігінің толқындар көзі мен бақылаушының бір-біріне қатысты қозғалыс жылдамдығы мен бағытына тәуелділігін теориялық тұрғыдан негіздеді. Бұл құбылыс кейін оның атымен аталды.
Негізгі бөлім
a) Доплер эффектісі дегеніміз не?
Доплер эффектісі — бақылаушы қабылдайтын толқын жиілігінің сол тербеліс көзінің қозғалу жылдамдығына қарай өзгеруі. Мысалы, дыбыс (электромагниттік тербеліс) көзі бақылаушыға жақындаса, онда бақылау орнында жиіліктің артатыны, бақылаушыдан алыстаса, жиіліктің кемитіні байқалады.
Басқа сөзбен айтқанда, егер толқын көзі өзі шығарған толқынды қуып жетсе – онда толқын ұзындығы азаяды, егер алыстаса – толқын ұзындығы өседі.
b) Доплер эффектісіне не мысал бола алады?
Доплер эффектісін қасымыздан сиренасы қосулы көлік өтіп бара жатқанда бақылауға болады. Сирена белгілі тонда өзгеріссіз үн таратып жатыр деп есептейік. Көлік жүргізушіге қарасты қозғалмай тұрғанда ол дәл сирена таратып жатқан тондағы дыбысты естиді. Бірақ көлік бақылаушыға қарап қозғала бастаса, онда дыбыс толқынының жиілігі өседі(ұзындығы азаяды), және естіп тұрған адам сирена таратып жатқан дыбыстан жоғары дыбысты естиді. Көлік бақылаушының қасынан өтіп бара жатқанда ол сиренаның оз тонындағы дыбысын естиді. Ал көлік алыстаған кезде естіп тұрған адам аз жиілігі(ұзындығы көбейеді) нәтижесінде төменірек дыбыс тонын естиді.
с) Доплер эффектісінің медицинада қолданылуы
Бұл эффект акушерлік жұмыста кең қолданылады, өйткені жатырдан келе жатқан дыбыстарды тіркеу өте оңай. Плацентаның қалай орналасқанын, одан ағып жатқан қан ағымының дыбысы арқылы анықталады. Эмбрион құралғаннан 9-10 аптадан кейін оның жүрек соғуын есту мүмкін. Ультрадыбыс қондырғыларының көмегімен эмбрион саны және өлгені анықталады.
Сол тәсілмен, тамырдағы қан ағуын зерттеуге болады. Бұл жүрек қан тамырларының патологиясын анықтауға мүмкіндік береді.
Сол тәсілмен, тамырдағы қан ағуын зерттеуге болады. Бұл жүрек қан тамырларының патологиясын анықтауға мүмкіндік береді. Доплер эффектісін тіркеу үшін қан тамырларға ультрадыбыс жіберіледі. Қозғалыстағы эритроциттерден шағылысып құрылғы қабылдаған ультрадыбыстың жиілігі өзгереді. Бұл қан тамырлардың зерттеген аймағында қан қозғалысының жылдамдығы, қан қозғалысының бағыты, қанның массасы және көлемі туралы ақпарат береді және осы ақпаратқа сүйене отырып қан тамырларының патологиялық ауруларын анықтауға болады. Мысалы: қан айналымының бұзылуы, атеросклеротиялық стеноздың болуы немесе қан тамырларының бітелуі.
Қорытынды
Доплер эффектісі қазіргі кезде физика, медицина салаларында кеңінен қолданылады. Доплер эффекті көмегімен сұйықтық және газдар ағымының жылдамдығы анықталады. Адамның кей
ішкі мүшелері жұмыс істеу барысында тербеліп, дыбыс толқындарын шығарады. Осы құбылысты диагностикада, адам мүшелерінің физиологиялық күйлерін анықтауда қолданады. Ультрадыбыс диагностикада қолданудың бір сыры осында жатыр, яғни «ұлпа-сүйек», «бауырдың тығыздығы әр түрлі
қабаттары», «ішкі мүше - оны қоршаған орта» және т.б. шекаралардан ультрадыбыс шағылысады, оларды өңдеу арқылы шекаралық аймақтың немесе мүшенің шартты түрдегі көрінісін монитор бетінде кескіндейді.
Қолданылған әдебиеттер

  • comsol.ru/blogs/what-is-the-doppler-effect/

  • ru.wikipedia.org/wiki/Эффект_Доплера

  • massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/62472/

http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет