Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз



бет1/3
Дата21.04.2023
өлшемі142,52 Kb.
#85317
  1   2   3
Байланысты:
3 вариант


3 нұсқа.
Науқас А., 42 жаста, кенет ұстама тәріздес оң жақ аяқтың бірінші табан фалангалық буынының шыдатпайтын ауырсынуына, олардың ісінуі мен қызаруына, дене қызуының 38С дейін көтерілуіне шағымданады. Жағдайының нашарлауын соңғы 3 күн көлеміндегі көп мөлшерде ет пен ішімдік қабылдауымен байланыстырады. Жергілікті: буынның үстінде терінің қызаруы, ісінуі, ауырсынудың салдарынан буындардағы күрт қозғалысының шектелуі байқалады. Жалпы қан талдауы: лейкоциттер 11,8х109/ л, ЭТЖ 36 мм / сағ; Биохимиялық қан талдауы: CРБ- ++.Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз:
1.Пәні: «Клиникалық медицинаға ену-2»
Жетекші синдромды таңдаңыз және негіздеңіз.
Буындық синдром - кенет ұстама тәріздес оң жақ аяқтың бірінші табан фалангалық буынының шыдатпайтын ауырсынуы, олардың ісінуі мен қызаруы, дене қызуының көтерілуі, буындардағы күрт қозғалысының шектелуі.
2. Пәні «Топографиялық анатомия»:
Сирақ-табан буынының топографиялық анатомиясы
Сирақ – аяқ басы буыны (articulation talocruralis) аттас аймақта орналасқан, барлық жақтарынан жұмсақ тіндермен қоршалған. Сирақ – аяқ басы буыны сирақтың екі сүйегінің төменгі жиектері мен тілерсек сүйегінен құралған. Асықты жіліктің төменгі беті тілерсек сүйегінің жоғарғы бетімен бірігеді, ал асықты жіліктің тобықтары тілерсек сүйектің тобықтық бетімен бірігіп буын айыршасын түзеді. Тілерсек сүйектің қалған алдыңғы және артқы беттері алдынан қайық тәрізді және төменнен өкше сүйекпен байланысып тілерсек- өкше-қайық тәрізді буынды түзеді. Асықты сүйектің дистальды соңдары бірігіп асықаралық буынды түзеді.
3. Пәні «Гистология»:
Қаңқалық сүйек тінінің негізгі жасушалық құрылымдарын анықтаңыздар, олардың құрылысы мен қызметін, клиникадағы маңызын қысқаша айтып беріңіз.
Остеобласт сүйек тінін түзейтін жас жасушалар. Қалыптасқан сүйекте олар сүйек үсті қабығының тек терең қабаттарында және жарақаттан кейін сүйектің қалпына келіп жатқан жерлерінде болады. Олар бөлінуге қәбілетті, түзеліп келе жатқан сүйекте дамып келе жатқан сүйек сүйек балкасының үстіңгі беткейін, үзіліссіз қабат құрай , жауып тұрады. Олар пішіні әр түрлі текшелі, пирамида тәрізді, қырлы болады. Дене көлемі шамамен есептегенде 15-20 мкм. Ядросы дөңгелекше немесе сопақша пішінді, көбінесе шетке орналаса ығысады, бір немене бірнеше ядрошығы болады. Цитоплазмасында остеобласттардың түйіршікті эндоплазмалық тор, митохондриялар және Гольджи кешендері жақсы дамыған. Онда көп мөлшерде РНҚ және сілтілі фосфатазаның жоғары белсенділігі анықталады. Остеобласттардың құрамында липидтер, Са, сілтілі фосфатаза бар матрикстік көпіршіктерді бөліп шығарады да. Ал сол сүйек тінінің органикалық матрикісінің кальциленуіне алып келеді. Остеоциттер енді бұл жасуша бөліну қәбілетін жоғалтқан, саны жағынан басым болатын сүйек тінінің дефинитивті жасушалары. Олардің пішініне келсек өсінділі, ал ядролары басқаларға қарағанда үлкенірек, тығыз болады, цитоплазмасы әлсіз бозафилді. Органелллалары нашар дамыған. Олардағы ерекшелік центриолдердің болмайды. Сүйек жасушалары остеоциттердің сұлбасын қайталайтын сүйек қуыстарында немесе лакуналаларда орналасқан. Қуыстардың ұзындығы 22 мкм-ден 55 мкм-дейын, ені 6 мкм ден 14 мкм ге дейін жетеді. Сүйек қуыстарының түтікшелері тіндік сұйықтықпен толтырылған, бір – бірімен және сүйектің ішіне кіретін тамырлардың периваскулярлық кеңістіктерімен анастамоздар құрайды. Остеоцит пен қан арасындағы зат алмасу тіндік сұйықтық арқылы жүзеге асады.
Остеокласттар грек тілінен жасуша және уатылған деген сөзден алынған. Даму негізінен бастасақ гематогенді. Бұл жасушалар актенген шеміршекті және сүйекті жойып, бұза алады. Мөлшері 150-180 мкм-ге жетеді. Құрамында 3-тен бірнеше ондағанға дейін ядролар болады. Цитоплазмасы болсы әлсіз базофилді, остеоцит сияқты, бірақ кейде оксифильді. Остеокласттар әдетте сүек балкалары үстінде орналасады. Лостеокласттың қиратылып орналасқан сүйекке жанаса орналасқан бетте микроқатпарланған жиегі болады. Сол жерде гидролиттік ферменттердің синтезі мен секрециясы жүреді. Остеокласттың шеткері аймақтарында сүйек бетіне тығыз түйісу аймағы орналасып, ол ферменттердің әсер ететін жерін саңылаусыздандырады. Цитоплазманың бұл айймағы ашық түсті, актиннен құралған микрофиламенттерден басқа органеллалары аз болады.
Цитоплазманың микроқатпарланған шетінің үстіндегі жерінде көптеген ұсақ көпіршіктер, одан көрі үлкендеу вакуольдар байқалады. Сыртқа ортаға остеокласттар СО2 бөліп, ал осы жерде анықталатын фермент карбоангидраза қышқылының (H2CO3) түзелуіне және кальцийдің қоспаларының ерітілуіне септеседі. Клиникалық маңызы осы. Остеокласттардың ферменттері коллагеназа мен басқа протеазалар коллагенді және сүйек тіні матрикісінің протеогликандарын ыдыратып, митохондрияларды және лизосомалары көп болады. Остеокласттың сүекпен түйіскен жерінде ақырғыда резорбциялық лакуна түзеді. 100 остеоблаттың жұмысын яғни құраған сүйегін, сол мезетте остеокласт бұза алады. Тағы да, остеокласттың, остеобласттың қызметтері сабақтасқан және гормондардың, простогландиндердің, қызметтік жүктемемен, дәрумендермен т.б. қатысуымен корреляцияланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет