Мәңгілік ел алыптары Талғаттың ерліктері



Дата30.12.2022
өлшемі38,69 Mb.
#60206
түріӨмірбаяны

Мәңгілік ел алыптары Талғаттың ерліктері


«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов (5.08.1922 ж. т.) - Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған (26.10.1944 және 27.06.1945), Ақмола облысы, Ақмола ауданы, Майбалық ауылында шаруа отбасында туған. Балалық және жастық шағын Фрунзе қаласында өткізіп, 16 жасында аэроклубта оқыды. Чкалов әскери авиация училищесін бітірді (1942). 1943 жылдың қаңтарынан 144-гвардиялық шабуылшы авиация полкінің құрамында Калинин, Воронеж, Далалық, 1 және 2-Украин майдандарында шайқасты. Соғыстың соңғы айларында оның штурмовиктері Одер мен Нидтегі ұрыстарға және жау ордасын талқандауға қатысты. Ол Ұлы Отан соғысында қатардағы ұшқыштан авиация полкінің командирі дәрежесіне дейінгі майдан жолынан өтті. Жауға қарсы 305 дүркін ұшып шықты. Сан рет батылдық пен ерліктің, тапқырлық пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, даңққа бөленді.
Өмірбаяны
Батырдың балалық шағы қалай өтті дегенде, соншалықты бір тауқымет, қиын­шылық көрді деуге келмес. Ел қатарлы күн кешті. Бәлкім, басқа құралпыластары­нан бақуаттырақ та болған шығар. Атасы Жүсіпбек “Кожа-Синдикат” мекемесінде жұмысшы боп, кейін мал базарында істеді, әкесі Жақыпбек арбакеш болды. Екі отбасы Пішпектің шет жағында, бөлектенбей, бір қорада тұрды. Асып кетпегенмен, ашқұрсақ емес. Береке-бірлікте, тату-тәтті. Мейір де жеткілікті. Төрт-бес бала. Ең кішкентайы Талғат. Райхан, Рахима, Кәрім деген бауырларымен ойнайды.
Сол кезде Пішпекте орыс, ұйғыр, татар мектептері болып, қырғызша және қазақша мектептер болмаған екен. Сөйтіп, Талғат татар мектебіне барып тіл сындырады. Осы жағдай қазақшасына ара-тұра қырғыз және татар мәнерін араластыра сөйлейтін Талғат ағамыздың лексиконынан әлі күнге байқалады. Әрі сонысы, батырдың тағы бір ерекшелігіндей, құлаққа әуезді де жағымды естіледі.
.

.
Тек сонау қаһарлы соғыс жылдарында Сталиннің жарлығы бойынша 80 жауынгерлік ұшуды табысты орындаған ұшқышқа Батыр атағы берілетін болып белгіленген екен.
Талғат ағамыз болса, 305 мәрте жауын­герлік тапсырмамен ұшып шығып, жауға соншама рет ойран салып шайқасқан, соншама рет өліммен беттесіп, арпалысып айқасқан.
ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені,

Екі мәрте І дәрежелі
Отан соғысы ордені
Соғыс жылдарында
Екі рет Қызыл Ту ордені,
Александр Невский
ордені,
ІІІ дәрежелі Даңқ,
“Қызыл Жұлдыз”,
.
“Жеңіс” ордендерімен,
Поляк Әскерінің
“Алтын Кресімен”

марапатталып үлгерді
1944 жылдың 26 қазанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Талғат Бигелдиновке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді,






1945 жылдың 27 маусымындағы Жарлық оның төсіне екінші Жұлдызды жарқырата тақты.
Бір өзі алғашқы он ұшу жорығында-ақ дұшпанның Демьян тобындағы
10 автомәшинесін,
2 зеңбірек,
4 дзотын,
100 шақты гитлершіл мен
бір жойғыш-қырғиын құртып жіберген.

Сол ерлігі үшін ең алғаш рет Екінші дәрежелі Отан соғысы орденін алды.
2014 жылы 9 қарашада Алматы қаласында дүниеден өтті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет