Механика және мұнайгаз ісі” факультеті глоссарий пән: Өлшемдердің жалпы теориясы Орындаған: ммг-20-6К Әбдуәлі Адина



Дата04.11.2022
өлшемі15,14 Kb.
#47360

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК
ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
МЕХАНИКА ЖӘНЕ МҰНАЙГАЗ ІСІ” ФАКУЛЬТЕТІ

ГЛОССАРИЙ

Пән: Өлшемдердің жалпы теориясы


Орындаған:ММГ-20-6К Әбдуәлі Адина
Қабылдаған: Бекибаев Н.

Шымкент 2021-2022




1.Өлшеу - дегенiмiз физикалық шаманың мәнін тәжірибелік жолмен техникалық құралдардың көмегімен табу.
2.Статикалық - өлшеу процесс кезінде өлшенген шама уақытка байланысты түрақты болып қалады.
3.Динамикалық - өлшеу процесс кезінде өлшенген шама уақытқа байланысты өзгеріп отырады.
4.Тікелей өлшем – деп шаманың сандық мәнін тікелей өлшеп табуды айтады.
5.Жанама өлшем – деп өлшенетін шаманың мәнін тікелей өлшеніп алынған шамалар арқылы табуды айтады. Яғни жанама өлшемде керекті шама тікелей өлшенбей, онымен функционалды байланыста болатын басқа шамалар өлшенеді. Керекті шаманың мәнін мына формуламен табылады.
Q = f ( X1, X2, X3, ....)
мұндағы Q – ізделініп отырған шаманың мәні, X1, X2, X3,...- тікелей өлшенетін басқа шамалардың мәндері.
6.Біріктірілген өлшем – деп біртекті шамалардың біріктірілген бірнеше топтарын жеке – жеке өлшеп, іздеп отырған шаманы өлшенген топтардың негізінде құрылған математикалық теңдеулер жүйесін шешіп табуды айтады.
7.Қатар өлшем – деп әртекті шамалардың екеуін немесе одан да көбін бір мезгілде қатар тікелей немесе жанама өлшеуді айтады. Қатар өлшемнің мақсаты әртекті шамалардың арасындағы функционалды байланысты табу.
8.Өлшемнің дұрыстығы – деп өлшем нәтижелерінің жүйелі қатесінің нөлге жақын болуын, яғни өлшем жұмысының сапасын айтады. Берілген шаманы бірнеше рет қайталап өлшегенде жүйелі қатенің мәні әр өлшеуде тұрақты болады немесе белгілі бір заңдылықпен өзгереп отырады. Өлшем дұрыстығы қолданылатын өлшем құралдарының
9.Негізгі қате – деп өлшем құралының нормаланған жағдайда пайдалануының жүйелі және кездейсоқ қателерінің қосындысын айтады.
10.Эталон – көшірме бірліктерді сақтау және размерлерін жұмысшы эталонға беру үшін қолданылады. Ол ылғида мемлекеттік эталонның тура көшірмесі бола бермейді.

11.Эталон – салыстырма бір-бірімен тікелей салыстырыла алмайтын эталондарды салыстыру үшін қолданылады.
12.Эталон – куә мемлекеттік эталонның сақталуынтексеру үшін немесе мемлекеттік эталон бұзылған және жоғалған жағдайда оның орнына пайдалану үшін қолданылады. Эталон – куә мемлекеттік эталондармен салыстыру мұмкін болмаған жағдайларда ғана пайдаланылады.
13.Жұмысшы эталон-бірліктерді сақтау үшін олардың размерлерін өлшемнің үлгілік құралдарына, ал қажет болған жағдайда өте дәл өлшемдер мен өлшем аспаптарына беру үшін қолданылады.
14.Физикалық шама бiрлiгi – ол пропорционалдық коэффициент 1-ге тең деп алынған шамалар байланысын бейнелеитiн негiзгi шамалар жүйесi.
15.Физикалық шама жүйесi деп - өзара бiр бiрiмен байланысқан физикалық шама жиынтығы.
16.Физикалық шама - сапасы жағынан көптеген физикалық объектілерге бірдей, сандық мәні жағынан әр объект үшін әр түрлі.
17.Өлшем анықтығы – ол өлшем нәтижелерінің сенімділігін көрсетеді. Өлшем нәтижелерін олардың шын мәндерімен ауытқуына қарап анық және анық емес нәтижелер деп екі топқа бөлінеді. Анықтығы белгісіз нәтижелердің ешқандай құндылығы жоқ, олар көбінесе жалған деректерді беруі мүмкін.Өлшемнің қатесінің болуы өлшем анықтығына шек қояды, яғни өлшенетін шаманың сандық мәнін қөрсететін цифрдың дұрыстығын шектейді, сөйтіп өлшем дәлдігіне әсер етеді. Қатені есептеп бағалау үшін ықтималдық теориясының заңдары мен математикалық статистика әдістері қолданылады.
18.Өлшем ұқсастығы – деп бірдей жағдайда орындалған өлшем нәтижелерінің бір – біріне жақындығын айтады. Бірдей жағдайларда алынған нәтижелердің бір –бірінен айырмашылығы тек кездейсоқ қатенің әсерінен болуы тиіс.
19.Физикалық шаманың нақты мәні – деп тәжірибе жолымен табылған, шаманың шын мәніне өте жақын мәнін айтады.
20.Абсолюттік қателік - физикалық шаманың шын мәні мен өлшенген мәнінің айырмасы айтады.
21.Салыстырмалы қателік – абсолюттік қатенің шаманың өлшенген мәніне қатынасын айтады және пайызбен алынады.
22.Дәлдік - өлшеу сапасын сапаттайды
23.Өлшем дәлдігі – деп өлшеніп отырған шаманың шын мәніне жақын болу дәрежесін айтады. Өлшемнің салыстырмалы қатесі неғұрлым аз болса, соғұрлым оның дәлдігі жогары болады және пайызбен анықталады.
24.Әдістемелік қате -өлшеу әдісінен пайда болады. Өлшем әдістерінің қатесі -өлшем әдістерінің теориясы дұрыс емес немесе жетілдірмеген жағдайда және өлшем жүргізуді өте жеңілдетіп жіберген жағдайда пайда болады.
25.Дәлдік класы - өлшем құралдарының сипаттамаларының жиынтығын айтады, ол негізгі және қосымша қателердің рұқсат етілген шектерімен, және өлшемнің дәлдігіне әсер ететін басқа да қасиеттердің жиынтығымен анықталады.

Құрастырғандар: Ешанкулов А.Ә., Тажибаева У.К. «Өлшемдердің жалпы теориясы» пәнінен дәріс жиынтығы. -Шымкент: М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҚУ, 2021ж. 103бет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет