әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Механика – математика факультеті
Механика кафедрасы
МӨЖ 4
Тақырып: Өткен сабақтарыңыздың мазмұнына байланысты өз мамандығыңыздың студенттеріне арналған іскерлік ойын сабағын өткізу жоспарын құрыңыз.
Орындаған: Серік Айдана
Қабылдаған: Қоңырбаева С. С.
Алматы-2022
Іскерлік ойын
Іскерлік ойын – білім алушылардың түрлі жағдаятта дұрыс сөйлеуін қалыптастыратын, диалогтық және монологтық сөйлеу үлгілерін жетілдіретін, көшбасшылық қабілеттерін дамытатын ойын түрі.Қазіргі кезде іскерлік ойындардың қолданылу деңгейі өркендеуде. Іскерлік ойындар ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдана отырып, басқару қабілетін үйретудің ажырамас бөлігі болып табылады.
Іскерлік ойынның мақсаты:
Білім сапасын арттыру аясында қалыптасқан оқытудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесінде қолдану арқылы оқу үдерісінің даму деңгейін қалыптастыру.
Білім беру бағдарламасында жазылған оқу бағдарламасынан күтілетін нәтижелерді анықтау;
Нәтижесі:
Оқыту процесін ұйымдастыру барысында кездесетін түрлі қиындықтарды жеңе білу мақсатында ұстаздар арасындағы ынтымақтастық.
Оқытудың жеті модулін сабақ барысына кірістіре білуге бағыт береді.
Топпен ынтымақтаса жұмыс жасаудың заман қажеттілігі екенін ұғынады.
Іскерлік ойын 3 кезеңнен тұрады:
І кезең – дайындық (рольдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарын жинау).
ІІ кезең – ойын кезеңі (тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау).
ІІІ кезең – қорытындылау ( проблеманы шешуді тиімді жолдарын іздестіру.
Іскерлік ойындарының дидактикалық, тәрбиелік өркендетушілік (әлеуметтендірушілік) маңызы зор.
« Мұнай фракциясы» тақырыбына арналған іскерлік ойын сабағын өткізу жоспары:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Мұнай фракцияларын салыстыра отырып, оқушылардың білімін тереңдету.
Дамытушылық - Студенттердің сақталған ақпаратты қайта қолдану қабілетін және өз ойын қорыта айта алу біліктілігін дамыту.
Тәрбиелік – Студенттерді фракциялардың басты ерекшелігін, ажырата алуға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру бөлімі: Студенттермен сәлемдесіп, түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру.
Өткен сабақ бойынша сұрақ-жауаптар:
Мұнайдым химиясы
Табиғатта таралуы
Мұнайдың физикалық қасиеттері.
Студенттерді топқа санақ арқылы бөлеміз.
І кезең – Дайындық:
Жалпы сипаттама. Мұнай және мұнай өнімдері көмірсутектер мен басқа қосылыстардың өте күрделі қоспасы. Оларды кәдімгі айдау әдістері бойынша жеке заттарға бөліп алу мүмкін емес. Әдетте, мұнайды және мұнай өнімдерін айдау арқылы жеке бөліктерге бөледі, бұлардың әрқайсысы көмірсутектердің күрделі емес қоспасынан тұрады. Мұндай бөліктерді фракциялар немесе дистилляттар деп атайды. Мұнай фракцияларының жеке қосылыстар сияқты тұрақты қайнау температуралары болмайды. Олар белгілі бір температуралар аралығында қайнайды, яғни қайнаудың басталу (қ.б.) және қайнаудың аяқталу (қ.а.) температуралары болады. Қайнаудың басталу және аяқталу температуралары фракцияның химиялық құрамына байланысты болады.
Алынуы:
Фракциялары
|
Қайнау температурасы C
|
Бензин
|
90-200
|
Легроин
|
150-230
|
Керосин
|
180-300
|
Жеңіл газойль
|
230-350
|
Ауыр газойль
|
350-430
|
Мазут
|
>430
|
ІІ кезең – ойын кезеңі
Студенттер тақырыбы бойынша 2-топқа бөлініп, жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып тапсырмалар орындайды.
І-топқа:
Kahoot ойыны арқылы берілген 10-сұраққа топ дұрыс жауап таңдауы керек
ІІ-топқа:
Шын немесе жалған ойыны (10-сұрақ) студенттер берілген ақпараттың рас немесе қате екенін жылдам топ болып шешім қабылдауы керек.
ІІІ кезең – қорытындылау:(проблеманы шешуді тиімді жолдарын іздестіру)
Проблемалық сұрақтарды шешуде SWOT- талдауын жасау
1. Мықты жағы.
2. Әлсіз жағы.
3. Мүмкіндіктері.
4. Қауіп - қатері.
Достарыңызбен бөлісу: |