Сабақ : № 1
|
Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ
|
Күні :
|
Мұғалім: Меңдібаева С.Ә
|
Сынып: 6 Т1
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақ мақсаты
|
10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу
|
Құндылықтарды игерту:
|
адамгершілік
сыйластық
құрмет
|
Бағалау критерийлері:
| |
Тілдік мақсаттар:
|
Тірек сөздер
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Қызығушылықты ояту кезеңі
Оқушылар үлкен бір шеңберге немесе шағын екі шеңберге тұрады. Мұғаліміне қолына тоқыма жіп алып төмендегі сұрақты қояды:
Сен қандай салалардағы инновацияларды білесің?
Білім саласындағы инновациялар
Ғылым саласындағы
Техника саласындағы инновациялар
Мұғалімнің өзі бір сөйлеммен білімдегі өзгерістерді айтып, қолындағы жіпті келесі оқушыға қарай лақтырады. Қағып алған оқушы алдында айтылған ақпарат, пікір, мәліметтерді қайталамай өз ойын бір сөйлеммен айтады. Тақырыптан ауытқымайды. Соңында айқыш-ұйқыш тор пайда болады. Мұғалім «Бүгін осы өрмекшінің торындай бір ұжымға ұйысып, топта бірлесе жұмыс істейік» деген сөздермен қорытындылайды.
Оқушылар 4 адамнан тұратын 6 топқа бірігеді. Мұғалім сабақты бастамас бұрын, екі адамға бір мәтін таратады. Бір топтағы төрт ооқушы екі түрлі мәтінмен жұмыс істейді.
|
|
Сабақтың ортасы
5 – 7 минут
5 минут
7 минут
Ауызша кері байланыс 3 мин
10
минут
Ауызша кері байланыс беру
2-минут
|
Мағынаны тану кезеңі
тапсырма
Мәтінді оқы. Берілген үлгіге қарай отырып, мәтіннің түрін анықта.
МӘТІННІҢ ТҮРЛЕРІ
|
Мәтіннің түрлері
|
Ерекшелігі
|
Мысал, үлгі
|
1
|
Ақпараттық мәтіндер
|
Белгілі - бір ақпарат беру үшін жазылады.
|
- жаңалық;
- кеңейтілген ақпарат;
- жазбалар (заметки);
- жарнамалық –ақпараттық мәтін;
- хабарландыру;
-кестелер;
- мақала ;
- Комментарий (түсініктеме)
|
2
|
Талқылау мәтіндері
|
Белгілі бір мәселе көтерілген мәтіндер бойынша мәселенің екі жағы қарастырылады.
|
Проблемалық сұрақ.
Мысалы: Мектепте каникул уақытының болғаны дұрыс па, жоқ па?
|
3
|
Түсіндіру мәтіні
|
Белгілі бір нәрсені түсіндіру үшін жазылатын мәтіндер
|
Мысалы: Субмәдениет деген не?
Жанартаулардың пайда болу себептері.
|
Тапсырма
Мәтіннің мақсаты мен көзделген аудиториясын анықта.
Мақсатына қарай талдауда «Бұл мәтін не үшін жазылған немесе айтылған (құрылған)? Мәтіннің қызметі қандай?» деген сұрақ төңірегінде ойлануы тиіс. Мақсатына қарай мәтін ақпарат беру, қызықтыру, сендіру, дауласу, талқыға салу, суреттеу, ақыл-кеңес беру, нұсқау беру, сын пікір беру, баға беру, тәрбиелеу, хабарлау болып жіктеледі.
Көзделген аудиторияда мәтін кімге арналып жазылған немесе айтылған құрылғандығы туралы ойланады. Бұл тұрғыда мәтін түрлі жастардағы топтарға, яғни, өте кішкене балаларға немесе зейнеткерлерге, арнайы топтарға: мысалы, тарих немесе футболға қызығушы адамдарға, кәсіби мамандарға: мұғалімдерге немесе дәрігерлерге, әртүрлі әлеуметтік топтарға: жұмыссыздарға, еріктілерге, жас қызметкерлерге, жалпы аудиторияға, соның ішінде барлығына арналған танымал газеттерге арналып жазылуы мүмкін.
3-тапсырма
Мәтін – жанры бойынша мақала екенін дәлелде. Мақала түрін анықта.
Проблемалық мақала
|
Қоғамда маңызды бір көкейтесті мәселе төңірегінде болады.
|
Ақпараттық мақала
|
Бір нәрсе туралы ақпарат береді.
|
Мақала - зерттеу
|
Қызықты бір тақырып алынып, сол нәрсе зерттеледі.
|
Теориялық мақала
|
Ғылыми стильде жазылады. Шаблон сөздер болады. Бір сөздердің шығу төркіні, мәні, мағынасы беріледі.
|
4-тапсырма
Тапсырманы жүзеге асырмас бұрын оқушылар қарсы жұптың мәтінімен ауысады. Мәтінмен оқып танысуға уақыт беріледі.
«Төрт сөйлем» тәсілі бойынша тақырып бойынша пікіріңді қорытындылап жаз.
«Төрт сөйлем» тәсілі
1. Пікір. Оқылған мәтіндегі тақырып туралы ойын бір сөйлеммен жазады.
2. Дәлел. Мәтіннен үзінді келтіре отырып өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарып, түйіндеп жазады.
5-тапсырма
Қарсы жұптағылармен дәптеріңді айырбаста. Қарсы жұптың 3-тапсырмасын тексер. Қасыңдағы жұппен ақылдасып, тапсырма жауабын талқыла.
|
презентация
|
Сабақтың соңы
3 минут
|
Сабақ рефлексиясы
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі
____________________________қызықты болды.
____________________________ қиын болды.
_______________________тапсырманы мен орындадым. ________________________ екенін түсіндім.
Мен енді _________________________ білемін. Мен____________________________ сезіндім
Мен_______________________________ білім алдым. Мен________________________________үйрендім.
__________________________ менің қолымнан келді. Мен________________________ жасай алдым.
Мен________________________ жасап көруге талпынамын. _________________________________мені таң қалдырды.
Бұл ақпараттар менің өміріме__________________берді.
|
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
|
|
|
|
Ойлан
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?
Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?
Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
Конспектілеуді пирамидалық тәсіл арқылы бергенім дұрыс, ұтымды болды
2.
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|