Мекеменің атауы Ж. Құдайбергенов А. О. М мұғалімнің аты жөні



бет1/3
Дата09.06.2023
өлшемі378,57 Kb.
#100095
  1   2   3

Мекеменің атауы

Ж. Құдайбергенов А.О.М

Мұғалімнің аты жөні

Акурпикова Г.

Күні:




Сынып:8.9

Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Балалық шақты -бірге қоғайық ( ақпараттық сабақ)

Сабақтыңмақсаты

Бала құқығы», «адам құқығы», «құқық» теминдерінің, балалардың құқықтары туралы балалардың құқықтары бойынша Конвенция туралы балалардың ақпарат алуын арттыру

Сабақтыңбарысы

Сіабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының
әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру «Балалар құқығы туралы» заңдары жайында не білеміз?



Сабағымызды жалғастыру үшін мынадай сұрақтарға жауап береміз:
1) Бала құқығы дегенге қалай түсінесің?
2) Баланың қандай құқықтары бар?
3) Бала құқығын қорғалуына жауапты адамдарды ата?
4) Бала құқығына байланысты қандай заңдарды білесің?
Оқушылар өз білгендеріңше сұрақтарға жауап береді.
Әрі қарай мұғалім оқушылардың айтқан жауаптарын толықтырады.
Керек дерек ! Ақпаратпен таныстыру , дәптермен жұмыс


Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар.
Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 - тарау, 53 - бап - тан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді
Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан
*Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;
*Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;
*Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;
*Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;
*Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;
*Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;
*Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;
*Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;
*Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;
*Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет