Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады



бет1/3
Дата04.04.2023
өлшемі70,73 Kb.
#79237
  1   2   3

Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады. Адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар.
Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 - тарау, 53 - баптан тұрады. Қазақстан Респубикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі-балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Еліміздің басты заңы Конституцияның Жалпы ережелер бөлімінің 1-ші бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы -адам және адамның өмірі , құқықтары мен бостандықтары деп көрсете отырып, 15 баптың 1-ші тармағында Әркімнің өмір сүруге құқығы бар деп нақтылайды. Осы сәттен бастап дүниеге келген баланың өмір сүру құқығынан бастап құқықтары мен бостандықтары заң аясында қорғалады. Қазақстан Респубикасының бала құқықтары туралы Заңы
Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Респубикасының бала құқықтары туралы Заңы
1-бап.
2) Бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
4-бап. Балалардың тең құқықтылығы
1. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет