Мектебі Кафедра: Химия есеп



бет1/5
Дата16.05.2023
өлшемі0,88 Mb.
#93397
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5



С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет: ІТ және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі
Кафедра: Химия


ЕСЕП
Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибе бойынша
(іс-тәжірибе түрі)
6В01507 – «Химия-Биология» білім беру бағдарламасы бойынша (орта білім негізіндегі күндізгі оқу түрінде білім алатын) 2 курс білім алушысы


Каухар Лаура Жамбылқызы
(білім алушының А.Ә.Т.)

Іс-тәжірибе өткен орны:


Өскемен қ. ШҚО ББ «Ш.Құдайбергенов атындағы №1 орта мектебі» КММ
(Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы)

Іс-тәжірибе мерзімі:


2022 ж. «10» мамырынан бастап 2022 ж. «20» мамырға дейін

Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) іс-тәжірибе жетекшісі


Сахариева Балнур Назымовна _________________
(А.Ә.Т., лауазымы) (Қолы)
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің
іс-тәжірибе жетекшісі:
К. Канапиянова _______________ А.Ә.Т.
(қолы)
Қорытынды баға: ________

Өскемен, 2022ж




Психологиялық-педагогикалық практика есебі


Білім алушы: Каухар Лаура Жамбылқызы
Курс: 2
Жоғарғы мектеп: IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі
Бөлімі: күндізгі
Мектеп: Өскемен қ. ШҚО ББ «Ш.Құдайбергенов атындағы №1 орта мектебі» КММ
Сынып: 7 «А»
Уақыты: 10.05.2022 – 20.05.2022ж аралығы


Студенттердің психологиялық-педагогикалық тәжірибесі жоғары кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады және студенттерді оқытуға жүйелі және заманауи оқу процесі туралы белсенді көзқарасты қамтамасыз ете отырып, болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытуға және тұтас идеяларды қалыптастыруға ықпал етеді.
Педагогикалық мамандық студенттерінің психологиялық - педагогикалық іс-тәжірибесі білім алушылардың ұстаздық кәсіпке деген тұрақты қызығушылығы мен оң көзқарасын қалыптастыруға, білім алушылар ұжымының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу тәртібімен практикалық танысуға, сонымен қатар сабаққа психологиялық талдау жүргізу қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған (тәрбие шараларына қатырсты да психологиялық-педагогикалық талдау жүргізу).
Психологиялық-педагогикалық тәжірибе бағдарламасы барлық педагогикалық мамандықтар үшін бірдей.
1.1. Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибенің негізгі мақсаты студенттерді кәсіби болашақ мамандығына табысты бейімделу үшін қажетті құзіреттіліктерді меңгеру үшін білім беру ұйымының әлеуметтік ортасымен таныстыру болып табылады.
1.2. Тәжірибенің незігі міндеттері:
- Студенттердің теориялық білімдерін бекіту және тереңдету;
- Ұстаздық кәсібіне тұрақты қызығушылық пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
- Еңбек нарығында сұранысқа ие, «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасына сәйкес құндылықтарды меңгерген және өзіне-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі дамытуға қабілетті құзыретті тұлғаны дамыту;
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін, психикалық және психофизиологиялық дамуын ескере отырып, бірлескен білім беру ортасын жобалау дағдыларын дамыту;
- оқытуға шығармашылық, зерттеушілік көзқарасты дамыту;
- білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу жағдайында педагогикалық шеберлікті қалыптастыру;
- белгілі бір психологиялық эксперименттік әдістемелерді, бақылау және эксперимент дағдыларын, алынған мәліметтерді өңдеудің элементарлық әдістерін меңгеру;
- балалар тобын зерттеу және оның психологиялық-педагогикалық сипаттамасын құрастыру технологиясын меңгеру;
- мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерін және үздіксіз кәсіби және тұлғалық өсу қажеттілігін қалыптастыру.

Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында жоспарланған нақты міндеттер мынадай болды:


 Мектеп және сынып ұжымымен танысу;
 Мектептің даму тұжырымдамасымен танысу;
 Мектептің оқу тәрбие үрдісінің ерекшеліктерімен танысу, талдап зерттеу;
 Сынып жетекшісімен әңгімелесу арқылы сынып ұжымының тауқыметін және атқарылып жатқан жұмыс бағыттарын анықтау;
 Сынып ұжымының бас құжаттары,күнделіктері,сынып журналымен танысу;
 Сынып ұжымының құрамын,өзара қарым-қатынасын, анықтап,оларды бақылауға алу;
 Оқушылармен қосымша диагностика, тренинг сабақтар өткізу;


Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында орындалды
1. Психологиялық-педагогикалық практика бойынша анықталған мақсаттар, міндеттер жоспары орындалды.
2. Қатысқан сабақтарға қысқаша сипаттамалық талдау, мұғалімдердің озат педагогикалық тәжірибелері ескерілді.
3. Өтілген сабақтардың ұтымды жағы, кездескен қиыншылықтары қаралды.
4. Бекітілген сыныбы, ондағы тәрбие жұмыстары, өткізген сынып сағаты/тәрбиелік шараның сипаттамасы (артықшылығы, кемшіліктері) қаралды.
5. Психологиялық-педагогикалық практика үрдісінде қандай білім, іскерлік және дағдыны игергенің қаралды.
6. Практика жөнінде жалпы қорытынды. Практиканың болашақ педагогтың жеке басын қалыптастырудағы маңызы жазылды.
7. Психологиялық-педагогикалық практиканы ұйымдастыру және мазмұның жетілдіру бойынша ұсыныстар жазылды.
8. Психологиялық-педагогикалық практиканың қорытындысы шығарылды.
Мен, Каухар Лаура Жамбылқызы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті ІТ және Жаратылыстану ғылымдарының жоғарғы мектебі факультетінің 6В01507 «Химия-биология» мамандығының 2 -курс білім алушысымын. Ағымдағы жылдың 10-20 мамыр аралығында Өскемен қ. ШҚО ББ «Ш.Құдайбергенов атындағы №1 орта мектебі» КММ-де психологиялық-педагогикалық іс-тәжірбиеден өттім.
Іс-тәжірбиенің мақсаты – білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан студенттің педагогикалық дағды мен құзіреттілігін қалыптастыру.
Міндеттері: жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру; жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету; оқу бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету; студенттің бойында жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Мен, іс-тәжірбиенің алғашқы күні мектеп ұжымымен, жетекшіммен және мектептің жалпы ережелерімен таныс болдым. Менің практикалық жұмысыма жетекшілік жасаған мұғалім Сахариева Балнур Назымовна болды. Ол кісі ең алдымен, мені мектеппен, мектептің жалпы ережелерімен, нормативтік құжаттармен таныстырды. Сосын өзінің сабақ жоспарымен, өзі жетекшілік ететін сыныппен таныстырып, оқушылармен қалай тіл табысу керек екенін, және басқа да мағлұматтар берді. Жетекшінің нұсқауы бойынша мен сынып оқушыларының толыққанды сабаққа қатысуын, білім деңгейлерін, бақыладым. Және оқушылардың өздерін сабақта ұстай білуін, яғни мінез-құлықтарын, мұғалім мен оқушы арасындағы және оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты, байланысты саралап, бақыладым.
Мен өзіме берілген 7 «А» сыныбының биология сабағына қатыстым. Сабаққа қатысу барысында байқағаным, жетекшім көптеген жаңа әдіс-тәсілдер қолданылды.
Іс-тәжірибе барысында мен жалпылай оқыту, әңгімелесу, жазба жұмыстары және саралап оқыту, модульдік оқыту технологиясы сияқты әртүрлі оқыту формаларын жете түсіндім.
Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттерімен, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушының психологиялық даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Жетекшіме оқушылардың күнделіктерін, дәптерлерін тексеруге, жіберілген қателіктерді түзетуге көмектестім.
Сабақты жаңа түрде өткізу оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытады. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектісін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасымен белсенділігін қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал жасау, оқушының табиғи қасиеттерін, әр пән білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылатынына көз жеткіздім. Сонымен қатар, оқушылардың педагогика ілімдеріне сүйене отырып – жас және жеке тұлға ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргіздім. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенділігін пайдалана отырып, іс-тәжрибе жетекшімен әр түрлі оқыту әдістерін үйреніп, болашақ мұғалім өмірімен етене таныстым.
Қорыта келгенде, мен өзімді он күндік іс-тәжірбиеде мұғалім ретінде айқын сезіне алдым деп айта аламын. Мен маған жүктелген және болашақта жүктелетін жауапкершіліктің ауыр әрі қиын екенін сезініп те үлгердім. Себебі, әрбір сыныпқа пән мұғалімі ретінде кіргенде сан алуан түрлі оқушылар, олардың әрқайсысында әртүрлі көзқарас, әртүрлі мінез-құлық байқадым. Кейбір бала мені жылы қабылдаса, кейбірі сыни көзқараспен қабылдады. Кейбір оқушылармен туындаған қиындықтарды жетекшімнің көмегімен шеше алдым. Кейіннен оқушылармен жақсы тіл табысып кеттік. Оқушыларымның білім алуға деген ынталары жоғары, көпшілігі алғыр, зерек балалар.
Жалпы айтқанда мен іс-тәжірибені өте отырып ұстаз болып, балаларды тәрбиелеп, білім беру әрі қызық, әрі қиын екеніне көз жеткіздім. Және өзімді әлі де жан-жақты жетілдіру керек екендігін түсіндім.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет