«мектебім-мейірім мекені» Сынып сағатының мақсаты



Дата04.09.2023
өлшемі19,19 Kb.
#105984

«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»

Сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.


Міндеттері:
- білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
- білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;
- отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Ұсынылады:
- балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу
жылынан күтулерін талқылау;
- заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдарды қолдану, мұражай, кітапхана ресурстарын пайдалану.

1-жүргізуші:


Мектеп – бұл ақыл, білім өнер алатын орда,
Үнемі жылулық сезімі төгіліп тұратын жер.
Мектеп! Қандай тамаша сөз! Осы бір сөзде терең ұғым жатыр емес пе? Шіркінай, мектеп өмірі қандай ғажап! Алты жасқа толып, алғаш мектеп табалдырығынан аттаған күн әрбір жас бала үшін үлкен мереке күні ғой. Иә, қалайша ұмыта аласың бұл күнді? Осы күннен бастап сен бір жаңа әлемге тап болғандай сезінесің өзіңді. Мектепте өзіңе дос табасың. Үлгілі, сыйлы болу, жақсы оқу – әрбір мектеп оқушысының ең басты міндеті.
1-оқушы:
Мектеп — сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп – сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп – сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп – сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.
2- оқушы:
Мектеп деген – білім кені, жыр кені,
Мектеп деген — ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген – тәрбиеші адамға,
Мектеп деген – даналардың мекені.
3- оқушы:
Мектеп, мектеп – менің жарқын көңілім,
Мектеп, мектеп – шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің.
Мектеп, мектеп, анам боп та көріндің.
2- жүргізуші:
Мектеп… Осы бір сөзден біздің бүкіл өміріміздің алғашқы баспалдақтары басталады. Кімге де болса он бір жыл білім берген, адалдыққа, кішіпейілдікке, мәдениетке үйреткен, болашаққа жолдама беретін алтын ұя мектебі қымбат. Біздер үшін өміріміздің алғашқы қадамы басталған жер әр кез кімге болса да әр ыстық.
Слайд:1-ші сыныптан бастап
4-оқушы:
Оятып таңның бұлбұлын
Құстары келсе көктемнің,
Кеудеме тағып қыр гүлін
Жайнатты мені, мектебім!
5-оқушы:
Жомарт қолмен жылды аттап
Жинаса жұрт еккенін,
Алтын күзбен құндақтап
Нұрланттың мені, мектебім!
6-оқушы:
Көрсең жазғы даланың
Жұпар желі ескенін,
Жаз болғай деп жанарың
Жырғалттың мені, мектебім!
7-оқушы:
Өмір деген биіктің
Ең алғашқы өткелін.
Сездім тұңғыш, сүйіктім,
Сен – алтын менің мектебім!
1-жүргізуші:
Адам бала боп өз үйінде еркелейді, шаттанады. Содан кейінгі сен үшін жақын орта – мектебің. Ол да сенің бала қылығыңды кешіре алады.
Слайд-:2 мектеп директорлары

15 жыл ішінде мектеп директоры болып еңбектенген жандар: Иманбаева Рысгүл Абдугалиевна, Кумбаев Ескендір Яссавилович,бүгінгі күнде Бөкен Жамал Спанқызы


Слайд:директорлардың суреттері
2-жүргізуші:
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған.
Ұлағатты ұстаздар! Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.
8-оқушы:
Мұғалім – ең құрметті мамандық,
Жас ұрпақты өсіретін адам ғып.
Ұстаздардан азаматқа таралған
Мол мейірім, ізгілік пен адалдық.
9-оқушы:
Бар тәлімін беріп елдің жанына,
Бір кездері қырауланып шашы да.
Ұстаз адам ұстаз болып қалады,
Қол соқтырып заман менен ғасырға.
10-оқушы:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген,
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген.
Айтыңдаршы, адам бар ма өмірде
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген.
Слайд-3: завучтар

1-жүргізуші:


Осы 15 жыл ішінде мектебімізде оқу ісінің меңгерушісінің қызметін атқарған жандар:


11- оқушы:
Ұстаз, ұстаз, қасиетті есімің,
Құттықтайды барша халық осы күн.
Өзің берген біліміңе қандырып
Тала ұлан шәкірттерді өсірдің.
12- оқушы:
Танимын жүзіңнен өршіген күй жалын,
Оятып ынтаны ізгілік сыйладың.
Жаныңнан жайдары жылылық сезіліп,
Халқыңнан әрдайым тек алғыс алғаның.
13-оқушы:
Тағдырдың кеуде тосып жартасына,
Біз үшін түскен ақ шаш маңдайыңа.
Алаңсыз қуанысып шалқып жүрміз,
Біз бүгін ұстаздардың арқасында.
Слайд-4: ардагер ұстаздар суреттері
2-жүргізуші:
Мектебіміздің игі ісіне еңбегің ардагер ұстаздарымыз:
14-оқушы:
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын тойларыңа тарту етем,
Күміс көмей әншіңізден сый алыңыз.
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мерекелік арнауымызды қабыл алыңыздар. Ән:Ұстазым.
Слайд-5: пән мұғалімдері сабақта
15-оқушы:
Слайд- 6: түлектер кеше және бүгін

2-жүргізуші:


Жандары қаламайтын аласаны
Шәкірттер алда талай бел асады.
Әлемге туған халқын танытатын
Осылар – еліміздің болашағы!
2- жүргізуші:
мектепті “Алтын белгімен” бітіріп бүгінде өмірден өз орындарын тауып биік белестерді бағынырып жүрген:

1-жүргізуші:


Слайд-7 Сыныптың суреті
О, ұстазым, ұстаз деген – ұлы ұғым,
Кәусарынан қанып ішкен тұнығын.
Еңбегіңе мен де жеміс тілеймін,
Шалқып өтсін шәкіртің мен ғұмырың.
2-жүргізуші:
Тілейміз біз амандық пен бақытты,
Тілейміз біз қуаныш пен шатықты.
Білім алған ұстаз деген ұлыдан
Біздей шәкірт шынында да бақытты!
1-жүргізуші:
Сіздерге мықты денсаулық пен баянды бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!
2-жүргізуші:
Дария судың ағыны,
Құрметтеген шәкірті.
Кешімізге риза болыңыз,
Мұғалімдер қауымы!
Хор: Мектебім, аяулы мектебім

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет