Мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының психологиясы



Дата27.03.2023
өлшемі117,72 Kb.
#76312
Байланысты:
Мектеп оқушысының психологиялық дамуы

Бастауыш сынып оқушыларының психологиясы

Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектеп оқушыларының өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.

Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектеп оқушыларының өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.


Отбасының бала тәрбиесіндегі міндеттері:
— баланың дене және танымдық дамуы үшін максималды қауіпсіз жағдайлар мен түрлі мүмкіндіктер жасау; — баланы эмоционалдық қолдауды қамтамасыз ету; — баланың тіршілік іс –әрекетінде қауіпсіздік туралы алғашқы білім қалыптастыру; — балаларды өз – өзіне қызмет етуге және жақындарына көмектесуге бағытталған қолданбалы дағдылар мен іскерлікке үйрету; — тілдік қатынастың дамуын қамтамасыз ету; — баланың бейімі мен қызығушылығын дамыту.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде ( 3 -7 жас) бала организмінің дамуы қарқынды түрде өседі. Бала организмінің жалпы өсумен жекелеген мүшелерінің анатомиялық түрде дамуы, олардың функцияларының жетілуі де байқалады. Бала дамуының ерекшеліктері оған тән іс –әрекет түрлерінен ,әсіресе сюжеттік – рөлдік ойындардан көрінеді. Бала өзімен қатар басқа балалармен қарым – қатынас жасай бастайды. Бұл кездегі баланың жетекші іс – әрекеті – ойын. Ойынның арқасында балада сапалы психологиялық өзгерістер пайда болады, онда үйрену әрекетінің негіздері қаланады.
Ойын барысында баланың ырықты зейіні мен ырықты есі дамиды,оның өзі тілдің дамуына септігін тигізеді.
Ойынмен қатар бала психологиясының дамуында іс – әрекеттің тағы бір түрі – жемісті, өнімді еңбек ету іс – әрекеті атқарылады. Оған — сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру жатады. Осының нәтижесінде бала оқу әрекетінің элементтерін игереді.
Бала психологиясының даму деңгейі
Базалық тәжірибесін анықтау
Сөйлеу тілінің даму деңгейін бағалау
Қарым - қатынасқа түсу қабілетін бағалау
Физикалық даму деңгейін бағалау
Эмоционалды даму деңгейін бағалау
Таным қабілетінің даму деңгейін бағалау

Американдық психолог Джеральдин Чейпидің ұсынған тестін қолдана отырып, ата - аналар балаларын бақылай отырып, қарапайым сұрақтардың жауабын қорытындылай келе психологиялық даму деңгейін шамамен болжай алады.

Американдық психолог Джеральдин Чейпидің ұсынған тестін қолдана отырып, ата - аналар балаларын бақылай отырып, қарапайым сұрақтардың жауабын қорытындылай келе психологиялық даму деңгейін шамамен болжай алады.

1. Таным қабілетінің даму деңгейін бағалау 1. Бала негізгі ұғымды меңгерген бе, мысалы: оң жақ, сол жақ, үлкен, кіші т. с. с 2. Аяқталмаған оқиғаның соңын болжай алады ма? 3. Үш нұсқауды есіңе сақтап, орындай алады ма, мысалы: қуыршақты алып кел т. с. с 4. Әріптерді танып, атай алады ма?


2. Базалық тәжірибесін анықтау 1. Балаңыз сізді банкке, поштаға немесе магазинге шығарып салған ба? 2. Балаңыз кітапханада болды ма? 3. Хайуанаттар бағына, музейге т. с. с барған ба? 4. Сіз балаңызға үнемі ертегі немесе қызықты оқиғалар оқып бересіз бе? 5. Хоббиі бар ма?
3. Сөйлеу тілінің даму деңгейін бағалау 1. Өзін қоршаған ортадағы негізгі заттарды атай алады ма? 2. Үлкендердің сұрағына оңай жауап бере алады ма? 3. Заттардың не үшін керек екендігін айта алады ма? 4. Заттардың қайда тұрғанын айта ма? 5. Оқиғаларды немесе ертегі - әңгімелерді әңгімелеп айтады ма? 6. Сөздерді анық, дұрыс айтады ма? 7. Грамматикалық жағынан сөздерді дұрыс айтады ма? 8. Басқа балалармен қарым - қатынасқа оңай түсе алады ма?
4. Эмоционалды даму деңгейін бағалау 1. Көңіл - күйі қандай болып жүреді? 2. Өзін жеке тұлға ретінде сезінеді ме? 3. Күн тәртібі өзгерген жағдайда тез бейімделеді ме? 4. Өз еркімен жұмыс жасайды ма, достарымен жарысқанды ұнатады ма? 5. Қарым - қатынасқа түсу қабілетін бағалау
1. Басқа балалармен ойнайды ма, ойыншықтарымен бөліседі ме? 2. Кей жағдайларға байланысты кезек сақтайды ма? 3. Басқалардың сөзін бөлмей тыңдай алады ма?
6. Физикалық даму деңгейін бағалау 1. Есту қабілеті жақсы ма? 2. Көру қабілеті жақсы ма? 3. Бірнеше уақытқа дейін тыныш отыра алады ма? 4. Жалпы қимыл – қозғалысы жақсы дамыған ба, мысалы: доп еркін ойнау, баспалдақпен жүру т.с.с 5. Белсенді, шымыр, шапшаң көрінеді ме?

Жағдаят №1

  • Екінші сынып оқушысының анасы мұғалімге «Уақыт өткен сайын ұлым қырсық болып келе жатыр. Ұлымның әкесі мен атасы да қырсық болған. Мүмкін, бұл тұқымқуалаушылық шығар?»- деген сауал тастады. Осы жағдайдағы Сіздің іс-әрекетіңіз (қалай жауап бересіз)?

Жағдаят №2

  • Сіздің сыныбыңызда ақыл-есі төмендеу оқушы оқиды. Сіздің қойған сұрақтарыңызға күлкімен жауап қайтарады. Сабақтарда рұқсатсыз орнынан тұрып кете береді. Сіздің іс-әрекетіңіз қандай?

Жағдаят №3

  • Сыныпта өте бұзық оқушы бар. Ол барлығына тиісіп жүреді. Оқушыларды ұрып, қыздардың шаштарынан тартады. Ата-ананың балаға қарайтын уақыты жоқ. Сіздің әрекетіңіз?

Назарларыңызға рахмет!

Мампаева Аяулым

ПМНО 20-1



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет