Мектепке дейінгі және бастауышта ақпараттық технологияларды қолдану изтурганова Жулдыз Назарбекқызы



бет1/2
Дата24.10.2022
өлшемі22,27 Kb.
#45158
  1   2

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШТА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Изтурганова Жулдыз Назарбекқызы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы
«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 2 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Аюпова Назым
Жоғары санатты информатика пәнінің оқытушысы

Аннотация. Мақалада ақпараттық-коммуникациялық технологияны (АКТ) балабақшада қолдану – қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті мәселесі, компьютерлік технология біртіндеп мектепке дейінгі білім беру жүйесіне білім берудің аса тиімді тәсілі екенін, қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың өзектілігі, АКТ мектепке дейінгі білім берудегі негізгі бағыттары қарастырылған. Сабақта ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге мүмкіндік береді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үдерісі оқушының жаңаша ойлау 175 қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашатындығы туралы айтылған.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны (АКТ) балабақшада қолдану – қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті мәселесі болып отыр. Компьютерлік технология біртіндеп мектепке дейінгі білім беру жүйесіне білім берудің аса тиімді тәсілі ретінде жәймен еніп келе жатыр. Бұл заманауи әдіс оқуға деген қызығушылықты арттырып, өз бетінше жұмыстануға тәрбиелеп, интеллектуалдық қызметін дамытады, қазіргі заманның рухында дамуға жол ашып, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің оқу – тәрбие жұмысын сапалы түрде жақсартуға мүмкіндік туғызып, оның тиімділігін арттырады. Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың өзектілігі ақпараттық қоғамның қарқындылығымен, мультимедиялық технологиялар, электрондық ақпараттық қорлардың кеңінен тарауы, оқытуда, қарым – қатынас жасауда және тәрбиелеуде желілік технологиялардың мәжбүрлі қолданылуында болып отыр. Осыған байланысты Ақпараттық коммуникациялық технологияны мектепке дейінгі оқыту процесінің ажырамас бөлігі деп сеніммен айтуға болады. Бұл балалардың жаңа ұрпағына үйреншікті және қолжетімді болып қана қоймай, сонымен қатар қазіргі заман педагогтарына өте қолайлы.


Өз жұмысында компьютерлік технологияларды қолдану педагогке көмектеседі:
 енжар тыңдаушыларды белсенді түрде қызмет етуге тартады;
 оқыту қызметінің одан да көрнекі әрі жедел болуына;
 балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға;
 танымдық қызығушылық белсенділігін арттыруға;
 тәрбиешінің өзін тәртіпке шақырып, оның жұмысқа деген қызығушылығын арттырады.
 ойлау процесін жеделдетеді.
Біздің ойымызша, мектепке дейінгі білім беруде компьютерлер мен ақпараттық технологияларды пайдаланудың келесі негізгі бағыттарын ажыратуға болады:
1. АТ баланы дамыту мен тәрбиелеу құралы ретінде. Психологиялық-педагогикалық міндеттерге сәйкес және мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой және психофизиологиялық даму заңдылықтарына негізделген жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттерін дамытуға бағытталған бағдарламалық жасақтаманы қолдану.
2. АТ бала ағзасының әртүрлі функционалды жүйелерін диагностикалау құралы ретінде.
АТ үшін: балалардың жалпы интеллект деңгейін анықтау; балабақшаға, мектепке баруға дайындық деңгейін анықтау; балалардың қалыпты дамудан ауытқуын ерте диагностикалау; есептеу дағдыларын меңгерудегі қиындықтарға байланысты жазу дағдылары бұзылған балаларға көмек және т.б.
3. АТ зерттеу нысаны ретінде (мектеп жасына дейінгі балаларға арналған информатика курсы). Компьютер мен ақпараттық технологияны бастауыш білім беру жүйесіне қосу үрдісіне қатысты келесі аспектілерді бөліп көрсетуге болады: — компьютер баланың жүйелі меңгеруді қажет ететін жаңа объективті ортасының ажырамас компонентіне айналады; — оқытудың ақпараттық технологиясы оқытудың әдістемелік жүйесіне белсенді түрде енгізіліп, оның компоненттерін өзгертеді және өзін өзгертеді.
Бастауыш мектепте АТ мүмкіндіктерін қолданудың келесі бағыттарын бөліп көрсетуге болады:
- оқушының ақыл-ой әрекетінің негізгі әдістерін игерудің бастапқы дағдыларын қалыптастыру (ұғымдарды, заттарды, құбылыстарды талдау, синтездеу, жіктеу, жүйелеу және т.б.);
- кіші жастағы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;
- оқушының жеке қасиеттерін дамыту (қабылдау, зейін, визуалды есте сақтау, шығармашылық және логикалық ойлау, парасаттылық пен іс-әрекетті жоспарлау және т.б.);
- ақпараттық сауаттылықтың бастапқы дағдыларын қалыптастыру (алғашқы компьютерлік басқару, компьютерді адамның мүмкіндіктерін кеңейту мен дамыту құралы ретінде алғашқы түсіну);
- тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
- эстетикалық даму (музыка, бейнелеу өнері);
- экологиялық білім (әлем туралы түсінік, табиғат, қоршаған шындықты модельдеу).
Біздің ойымызша, бастауыш мектепте компьютерлер мен ақпараттық технологияларды пайдаланудың келесі негізгі бағыттарын ажыратуға болады:
1. Компьютерлік және ақпараттық технологиялар зерттеу объектісі ретінде (информатиканың пропедевтикалық курсы).
2. Компьютер әр түрлі пәндерді оқыту құралы ретінде, пәндік сабақтарды және басқа да қызмет түрлерін қолдау құралы ретінде (бастауыш мектеп бағдарламасының базалық курстары шеңберінде АТ қолдану).Қазіргі уақытта бастауыш сыныптардың әр түрлі курстарына арналған бағдарламалық жасақтама белсенді түрде жасалып жатыр.
3. Компьютер баланы дамыту және тәрбиелеу құралы ретінде (психологиялықпедагогикалық міндеттерге сәйкес және жеке бастауыш мектеп жасындағы балалардың психикалық-психофизиологиялық дамуының даму заңдылықтарына негізделген жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттерін дамытуға бағытталған бағдарламалық жасақтаманы қолдану).
4. Оқу және өмірлік тапсырмаларды орындау және әр түрлі іс-әрекеттерді орындау үшін компьютерді пайдалану
5. АКТ бала организмінің әртүрлі функционалды жүйелерін диагностикалау құралы ретінде.
Ақпараттық-коммуникативтік технология кез-келген педагогтың әдістемелік көмек сұрап ақпараттық кеңістікке тікелей шығуына, өз тәжірибесін таратуға мүмкіндік береді. АКТ тәрбиешіге әртүрлі әдістемелік бірлестіктерде кеңірек пікір алмасуға мүмкіндік береді, мысалы бейне-шебер сыныптар т.б, қағазбен жұмыстың мөлшері азаяды, өйткені жазба хабарламалардың бәрі құрылып, электронды түрде сақтаулы болады, көрнекі – дидактикалық құралдарды дайындауға да көп уақыт кетпейді.
АКТ-ның көмегімен өзіндік кәсіби дамуға қолайлы жағдай туады: электронды оқулықтар, мақалаларды қолданып, Интернет желісінде электронды пошта арқылы әріптестермен пікір алмасулар жүргізуге болады. АКТ-ны білм беруде қолдану:
 педагог балалармен өткізілетін ұйымдастырылған оқу қызметтеріне көрнекіліктер таңдап алады;
 қосымша танымдық материалдарды таңдап алады;
 тәжірибе алмасып, басқа педагогтармен танысады;
 топтың құжаттарын, есеп берулерді көркемдейді;
 Рower Рoint бағдарламасы бойынша презентациялар әзірлейді.
Сабақта ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге мүмкіндік береді.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
1. Интерактивті тақта;
2. Бағдарламалар;
3. Интернет кеңістігі;
4. Электронды оқулық.
Мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану педагогтың шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашып, мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық дамуының әртүрлі жақтарының дамуына оң әсерін тигізеді. Оқу қызметінің жоғарғы динамикасы балалардың материалды тиімді меңгеруіне, есте сақтауларын, қиялдауын және шығармашылығының дамуына септігін тигізеді. Слайдтар мен бейнефильмдер қоршаған ортадан бақылауларды: гүлдің өсуі, планеталардың Күнді айналуы, толқынның қозғалысы, жаңбырдың жаууы сияқты мезеттерді көруіне мүмкіндік береді. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Мультимедиялық оқулықтар балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге, яғни, әдемілікке, әсемдікке әуес болады. Кез келген сабақта әр түрлі әдемі, ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникативті технологиялар мектепке дейінгі жастағы балаларға білім берудің ең тиімді құралы болып келе жатыр. АКТ – бұл сандық және коммуникациялық технологиялардың кеңінен таралған түрлері. АКТ-ны пайдалану мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу әрекетінің мақсаттылығын дамытуға және жекелеп оқытуға мүмкіндік береді. Балабақша сабақтарында
АКТ-ын пайдалану педагогқа бірден бірнеше педагогикалық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді:
-фонематикалық есту қабілетін дамытады;
-лексикалық сөздік қорын дамытады;
-қарапайым сөйлеу дағдыларын дамытады.
Қазіргі уақытта білім берудің мейлінше өзекті міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) қазіргі заманғы балабақшаның білім беру кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік беретін мейлінше тиімді құралға айналып келеді. АКТ – бұл ақпаратты жасау, беру және тарату үшін пайдаланылатын сандық және коммуникативтік технологиялар жиынтығы (компьютерлік құрал-жабдық, мультимедиялық құралдар, аудио және бейнетехника, әр түрлі коммуникациялық технологиялар). Менің пікірімше, ең өзекті ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бұл: аудио, бейне күйтабақ ойнатқыштар, мультимедиялық құралдар, сондай-ақ әр түрлі ойындар, онда балалар бірнеше тілді қатар алып жүруге үйренеді. Оқу іс-әрекетінде АКТ-ын пайдалану екі түрлі мотивацияны дамытады: өзіндік мотивация, онда беріліп отырған материал өз бетінше қызық және мектепке дейінгі жастағы балаға үйреніп жатқан тілді түсіне алатынын көрсету арқылы қол жеткізілетін мотивация. Бұл қуаныш сезімін және өзін-өзі одан әрі жетілдіруге күшіне сенімділік пен ниет тудырады. Балаларға оқыту бағдарламасын қарағаннан гөрі ертегі, әңгіме немесе танымдық фильм көрген немесе тыңдаған әлдеқайда қызығырақ. Олар тілдің семантикалық негізін жылдам ұғып алады және өздері сөйлей бастайды. Әсіресе, оқыту кезінде толық ену әдісі пайдаланылса, әсері көп болады. Бұл баланың қазақ тілімен тұрақты және терең байланыс жасауын білдіреді. Бала санасының астары өте алғыр және айқын нәтиже дәл қазір көрінбесе де, бір-екі жылдан кейін баланың өте дамыған лингвистикалық қабілеттерін әбден байқауға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тікелей білім беру қызметінде қолданылатын барлық ақпараттық құралдарды төмендегідей бөлуге болады:
 аудио;
 бейне;
 мультимедиялық құралдар.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның көмегімен ұйымдастырылған оқу қызметін қалай өткізуге және не істеуге болады деген сұраққа мынандай бағыттарын ұсынуға болады:
- Ақпараттық видео роликтерді құру және көрсету;
- Слайд шоу,ертегілер;
- Электронды ойындар;
- Электронды логикалық тапсырмалар;
- Ғажайыпстанға саяхат;
- Электронды слайд шоу;
- Электронды дыбыстар;
- Айналамен таныстыру,экология бойынша бейне сюжеттер;
- Биленгвалды компоненттерге арналған слайд шоу;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет