Байланысты: Мектепке дейінгі ұйымның табысты имиджін қалыптастыру
Мектепке дейінгі ұйымның табысты имиджін қалыптастыру Бүгінгі таңда білім беру ұйымдары мен педагогтардың беделеін көтеру өзекті мәселе болып табылады. Педагогтардың беделін көтеру мақсатында мемлекет тарапынан да жүйелі қолдау табуда: «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»: «Педагогтардың кәсіби беделін көтеру мақсатында қоғамда педагогтің оң имиджін қалыптастыру жұмысы жүргізілетін болады: «Жыл мұғалімі» конкурсы, акциялар, БАҚ-пен ортақ жобалар, шеберлік сыныптары, жаңашыл педагогтер форумдары, конкурстар, педагогтер әулеттерінің слеттері, ғылыми-педагогикалық семинарлар мен симпозиумдар, семинар-тренингтер және дөңгелек үстелдер» деп атап көрсетілген. «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»: мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагогтар кәсібінің беделін және олардың сапалық құрамын арттыру мәселесі білім беру саласының негізгі міндеті ретінде көрсетілген. Білім беру ұйымдары мен педагогтардың беделін көтерудің бір жолы ретінде табысты имидж қалыптастыруды қарастыруымызға болады.
«Имидж» түсінігі ХХ ғасырдың соңында қоғам назарының және ғылыми талдаудың пәні болды. 90 жылдардың ортасында имиджді қалыптастырудың психологиялық аспектілеріне арналған, имидж жайында алғашқы отандық өңдеулер Р.Ф. Ромашкина, Е.И. Манякина, Е.В. Гришунина, П.С. Гуревич, Ф.А. Кузин және т.б. еңбектерінде жарық көрді. Имидж – тұлғаның өзін-өзі әрекеттеуімен ерекшеленеді
Имидж – ағылшын тілінен аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағына береді. МДҰ беделі – көбінесе саналы түрде қалыптастырылған, мақсатты бағытталған, берілген сипаттамаларды иемденген және социумның нақты топтарына белгілі бір бағытталған психологиялық ықпал ететін, эмоцияналдық жағынан реңкке толы бейне.
Имиджді құраушылар туралы қарастырсақ: біріншден, адамның өзі, оның әлеуметтік ортада өзі туралы қандай мәліметтерді жеткізу мақсатында әрекеті, айналсындағыларға қандай қырынан көрінетіндігі.
МДҰ-ның табысты имиджін қалыптастыру не үшін қажет? Яғни себептері қандай:
МДҰ-дар арсында бәсекелестік қуатын жоғарлату.
Мүмін болатын: қаржылық, ақпараттық, үздік ресурстарға оңды қол жетімділік.
Педагог үшін тартымды, тұрақты, еңбекке деген белсенділгін оятуға түрткі болады, кәсіптік жоғарлауға ынта тудырады.
Орнықты белгілі бір күшке ие болу әсері: болып жатқан өзгерістер мен иновациялық үрдіске бейімділік қалыптастырады.
МДҰ имидж төмендегі ұғымдарға тікелей байланысты, яғни:
Өнім сапасына яғни балалрдың (түлектердің) білім сапасына.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет парақтарындағы ақпарат
Ата-аналар мен қоғам(басқада білім беру мекемелері, ақпарат құралдары) тарапынан МДҰ-ға берегн бағасына тікелей байланысты.
Имидж түрлері:
Вербальды имидж: (verbum- сөз) адам туралы туындайтын ой-пікірдің вербалды іс-әрекет негізінде қалыптасуы.
Кинетикалық имидж: Грек тілінен аударғанда қозғалыс. Яғни адамның қимыл қозғалысына байланысты туындайтын имидж.
Габритарлық имидж: латын тілінен аударғанда сыртқы пішін, көрініс. Адмның сыртқы ерекшеліктерін есепке алу, дене пішімі, сыртықы түрі, киімі, шаш үлгісі.
Вербальды емес іс-әрекет имиджі. Ымдау, миммика, дененің кеңістіктегі орнын есепке алу.
Іскерлік имидж: адамның өз қолымен жасаған дүниелері арқылы беделін қалыптастыру.
Корпоративті имидж (ұйымның имидж) – субъектілердің өзара байланысы процесінде пайда болған ұйымдардың, қауымдастықтардың симводық образын айтамыз.