Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін бекіту туралы



бет1/2
Дата02.03.2022
өлшемі42,68 Kb.
#26829
  1   2

 Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін бекіту туралы

      Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бір ай мерзімде Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру жоспарын бекітсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі А. Мамин

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 15 наурыздағы
№ 137 қаулысымен
бекітілген
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі педагог

      44. Құбылмалы әлемде педагогтің үнемі даму, балаларды тыңдай білу, сұрақтар қою, дәлелдер іздеу, оларды сыни тұрғыдан талдау және шығармашылық эксперименттер жүргізу қабілеті маңызды. Педагогтер белсенді зерттеуші және балалармен жұмыс істеудің жаңа нысандарын жасаушы, жаңашыл және жауапты болуы тиіс.

      45. Модельді іске асыру жоғары оқу орындары мен колледждердің қатысуымен мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің сапалық деңгейін арттыру мәселесін шешуде кешенді тәсілдерді болжайды:

      1) жоғары оқу орындары мен колледждердің педагогикалық факультеттерінің білім беру бағдарламалары қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес кадрлар даярлауды көздеуі, тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын іске асыру үшін әдістемелік базаны, студенттердің педагогикалық практикадан өтуін қамтамасыз етуге тиіс;

      2) кадрларды даярлауда теория мен практиканың бірлігі үшін жоғары оқу орындары мен колледждердің мектепке дейінгі ұйымдармен балаларды ерте дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылы қамтамасыз етілуі қажет;

      3) балаларды ерте дамыту саласындағы мамандықтар профессор-оқытушылар құрамының сапасын арттыру арқылы жоғары оқу орындарының институционалдық әлеуетін ұлғайту мақсатында "Болашақ" халықаралық стипендиясының басым мамандықтар тізіміне енгізілетін болады.

      46. Мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері:

      1) көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына мониторинг жүргізуді;

      2) дамытушы бағдарламалардың бағыттарын бірге анықтауды;

      3) балаға арналған дамытушы бағдарламаларды ата-аналармен бірге таңдау мүмкіндігін ұйымдастыру үшін балалардың қызығушылығын зерделеуде педагогке көмек көрсетуді;

      4) педагог практикасындағы нақты мәселелерді анықтауда оған көмек көрсетуді;

      5) педагогтерге ойын аймақтарын ұйымдастыруда, оқу ресурстарын таңдауда әдістемелік көмек көрсетуді;

      6) балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесін әдістемелік сүйемелдеуді;

      7) педагогтердің практикасын тәжірибе алмасуға, біліктілігін арттыруға, өзін танытуға мүмкіндік жасау арқылы жетілдіруді;

      8) инновациялық тәсілдерді енгізуді жүзеге асыруы тиіс.

      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін жағдайларды қамтамасыз ету

      47. Инклюзивтік білім беруді дамыту:

      1) ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қоғамның оң көзқарасының философиясын қалыптастыру;

      2) инклюзивті білім беру процесін ғылыми және оқу-әдістемелік қолдауды жетілдіру;

      3) ерекше білім беруді қажет ететін балаларды білім беру ортасына қосу процесін психологиялық-педагогикалық қолдаудың практикаға бағдарланған технологияларын қолдану тетіктерін, нысандарын, тәсілдерін әзірлеу және енгізу;

      4) ерекше білім беруді қажет ететін балаларды ерте анықтау жүйесін жетілдіру және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;

      5) мектепке дейінгі және мектепте білім беру деңгейлері арасында инклюзивті технологиялар сабақтастығын жүзеге асыру;

      6) инклюзивті білім беруді ақпараттық-консультациялық қолдауды жүзеге асыру; қызметі инклюзивті білім беру мәселелерін шешуге байланысты ұйымдармен әлеуметтік әріптестікті дамыту (инклюзивті практиканы жүзеге асыратын мектепке дейінгі ұйымдар; инклюзивті білім беруді қолдау бойынша ресурстық орталықтар, ғылыми-зерттеу орталықтары, жоғары оқу орындары, арнайы білім беру ұйымдары, қоғамдық ұйымдар);

      7) инклюзивті білім беру теориясы мен практикасының озық тәжірибесін зерделеу мақсатында шетелдік ұйымдар мен әріптестердің ынтымақтастығын тереңдету;

      8) инклюзивті практиканы жүзеге асыратын мектепке дейінгі ұйымдардың қажеттілігін болжау жүйесін дамыту;

      9) ерекше білім беруді қажет ететін балалар келетін топтарды қажетті білікті мамандармен қамтамасыз ету (логопед, олигофренопедагог, тифлопедагог, сурдопедагог және т.б.) арқылы қамтамасыз етіледі.

      Ата-аналармен және ата-аналар қауымдастығымен жұмыс

      48. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда баланың өмірі мен дамуына ықпал ететін барлық факторларды ескеру қажет. Демек, баламен жұмысты ата-аналарымен, қоршаған ортамен өзара ынтымақтастықта құру аса маңызды. Барлық ерекшеліктерді: әлеуметтік жағдайды, отбасы тарихын, елдің мәдени ерекшеліктері мен салт-дәстүрлерін, баланың мінез-құлқы мен ерекшеліктерін ескеру қажет. Ата-аналармен үнемі қарым-қатынаста болу және оларды бейімдеу мен оқыту процестеріне тарту мектепке дейінгі ұйым ұжымының басты міндеттерінің бірі болуға тиіс.

      49. Жаңа нормативтік-мазмұндық тәсілдерді іске асыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың алдына ашықтықты, ата-аналармен тығыз ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды көздейтін нысаналы бағдарлар қойылады. Білім беру жүйесінің алдына қойылған міндеттер оқу-тәрбиелеу процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруды көздейді. Балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту процесіне ата-аналарды тарту мәселесі мынадай бағыттарда шешіледі:

      1) ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;

      2) ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның қызметіне тарту.

      50. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің алдына балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жауапкершілікті іске асыруда ата-аналарға көмек көрсету жолымен оларды педагогикалық процеске белсенді қатысушылар ретінде тарту мақсаты қойылған. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін:

      1) әр тәрбиеленушінің отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнату;

      2) балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру;

      3) өзара түсіністік атмосферасын құру, мүдделердің ортақтығын, мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілері мен педагогтері, ата-аналар арасында қарым-қатынасқа деген оң көзқарас пен тілектестікті қолдау;

      4) балалардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен сындарлы ынтымақтастықта қарым-қатынас орнату үшін педагогтерді даярлау көзделеді.

      51. Ата-аналармен жұмыста ата-аналар жиналыстарының жаңа форматтары пайдаланылатын болады, олар тренингтер, семинарлар, "игі істер күндері", ата-аналардың қатысуымен педагогикалық кеңес, ата-аналар конференциясы, ата-аналармен бейресми байланыс орнатуға, олардың назарын мектепке дейінгі ұйымға аударуға бағытталған дәстүрлі емес қарым-қатынас нысандары түрінде өтуге тиіс, ата-аналар өз баласын жақсы білуі керек, оны басқа, өзі үшін таныс емес жағынан көруі тиіс, педагогтермен өзара қарым-қатынаста болуы қажет. Жеке және топтық консультациялар, ата-аналар жиналыстарын, проблема бойынша пікірталастар, "ауызша журналдар", педагогикалық қонақ бөлмелерін, сұрақ-жауап кештерін, "ток-шоу" өткізу, сабақтардың бейнежазбаларын және режимдік сәттерді қарау, содан кейін талқылау және басқалары ұсынылады. Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың ата-аналары үшін белсенді етудің интерактивті әдістерін қолдану, сұхбаттасу, талқыланатын проблеманы рейтингтік бағалау, әрқилы бірнеше көзқарасты талқылау ұсынылады.

      4-тарау. Күтілетін нәтижелер

      52. Модельді іске асыру:

      1) мектепке дейінгі ұйым деңгейінде:

      мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы бақытты, дені сау, дербес, білуге құмар, тіл табысқыш, сын тұрғысынан ойлайтын балалардың толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға;

      вариативтік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, оқытудың әртүрлі әдістемелері мен технологияларын, білім беру процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалануға;

      баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған трансформацияланатын ойын және тақырыптық аймақтар, инклюзивті дамытушы орта құруға;

      ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыруға;

      отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейтуге;

      теңгерімді тамақтандырудың кешенді бағдарламасын әзірлеуге;

      мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын бағалау өлшемшарттарын әзірлеуге;

      сәби жасындағы балалар үшін жағдай жасауға;

      2) педагогтер деңгейінде:

      қазіргі жағдайларда жұмыс істеу үшін білікті педагогтер даярлауға;

      педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз етуге;

      баланың даму процесін жетілдіру мақсатында кері байланыс орнатуға, зерттеу мәдениетін құруға;

      қазіргі жағдайда жұмыс істеуге қажетті құзыреттерді дамытуға;

      "мамандыққа кіріспе" курстарынан өтуді (жас мамандар үшін) қамтамасыз етуге;

      3) балаларға:

      физикалық аман-саулықты;

      әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттілікті;

      когнитивтік және қарым-қатынас дағдыларын дамытуды;

      таным мен зерттеуге деген жоғары ішкі мотивацияны дамытуды;

      бастамашылдықты, дербестік пен жауапкершілікті дамытуды;

      өзіне және айналасындағыларға қамқорлық көрсетуді;

      өз бетінше саналы таңдау жасай білуді;

      командада жұмыс істей білуді;

      сын тұрғысынан ойлауды дамытуды;

      креативтілікті қолдауды;

      психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етуге;

      4) ата-аналарға:

      білім беру процесінің қатысушылары болуға;

      баланың психикалық және физикалық денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге;

      баланың жеке мүмкіндіктерін дамытуға;

      көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға;

      үйде баланың толық дамуы үшін жағдай жасауда консультациялық көмек алуға мүмкіндік береді.

Музыка жетекшісі – міндетті түрде таным белсенділігінің негізін – ізденгіштігін, өз бетімен шығармашылық (ойлау, көркемдік) және әртүрлі іс-әрекет түрлерінде табысты болуға мүмкіндік беретін басқа да міндеттерді;



  • интеллектуалдық және тұлғалық дамуы ретінде шығармашылық қиял-елесі;

  • коммуникативтік – ересектермен және құрдастарымен сөйлесу қабілеті;

  • рефлексия қабілеті – басты тұлғалық қасиеттердің бірі ретінде;

  • өзін тануы мен ұғынуы (іс-әрекеттер, сөйлеу тәртібі, сезім, жағдай, қабілеттілік) шешу қабілетін дамытуы керек.

Мектепке дейінгі ұйымдарда музыка жетекшісімен қатар тәрбиеші білім беруде жаңа технологияларды игеруі – бала тұлғасының табысты дамуының кепілі. Қазіргі таңда ойынның маңыздылығы заманауи баланың ақпаратпен қанығуынан артады. Теледидар, бейнетаспа, радио, интернеттен алынатын ақпарат ағымын ұлғайтты және түрлендірді.

Балабақша әдіскері Әдіскер (аға тәрбиеші) меңгерушімен бірге бала бақша ұжымын басқарады, кадрларды іріктеуге, педагогикалық жоспарларды әзірлеуге және енгізуге қатысады. Топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жасақтайды. Бас МДҰ-лармен, мектептермен, балалар орталықтарымен, мұражайлармен және т. б. қызметтесуді ұйымдастырады. Педагогикалық ұжымда ауқымды әдістемелік жұмыс жүргізеді. Әдістемелік басшылық түрлі нысандарда жүзеге асырылады: педагогикалық және әдістемелік кеңестер, сабақтарды, серуендерді, ойындарды ашық қараулар, әдістемелік кабинет жұмысын ұйымдастыру, жас топтарына мақсатты түрде бару, олардың жұмысын бетпе-бет және тақырыптық тексерулер, тәрбие жұмысының жоспарларын қарап шығу және талдау, жекелей және ұжымдық консультациялар. Ата-аналармен жұмысқа қатысады: отбасылық тәрбиеге арналған стендтер, жылжымалы папкалар дайындайды, балалардың үйдегі бос уақыты жөніндегі ата-аналардың сұрақтарына жауап береді, балаға арналған кітаптар мен ойыншақтар жөнінде кеңес береді, балабақшадағы оқу жоспарлары мен бағдарламалары туралы айтады және т. б. Оқу жылына жұмысты жоспарлауға кірісе отырып, әдіскер өткен жылғы жұмыс жағдайын талдайды және бағалайды, педагогикалық кадрлардың жағдайларын, құрамын және олардың іскерлік қасиетттерін есепке алады. Осыған орай, шешу бойынша бүкіл ұжым жұмыс істейтін негізгі міндеттер белгіленеді. Жылдық жұмыс жоспарының бөлімдері: өткен оқу жылындағы жұмысты талдау; әдістемелік тақырып; жылдық міндеттер; педагогикалық кеңестердің, әдістемелік семинарлардың тақырыптары; «Тілдер туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар; балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар; ашық қарап шығулар; ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; педагогикалық ұжымға арналған консультациялар; ат-аналармен жұмыс; әкімшілік-шаруашылық жұмыс; психолог жұмысы; педагогикалық кадрларды стандарттау, сертификаттау, аттестаттау; басшылық және бақылау. Оқу жылының аяғында атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылады. Бұл үшін тәрбиешілердің есептері, меңгеруші мен әдіскердің жеке бақылауының жазбалары және әдістемелік пен өндірістік іс-шаралар өткізу хаттамалары пайдаланылады. Есептің шешімдері келесі жылға міндеттер айқындалғанда негізгі болулары тиіс.

Источник: https://edu.mcfr.kz/article/483-azastanda-md-mamandaryny-jmysyn-yymdastyru

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки

Тәрбиеші – мектепке дейінгі білім беру саласында арнайы кәсіби-педагогикалық біліктілігі бар педагог. Ол күні бойы балалардың қасында болады, жайлылық пен денсаулық қамын ойлайды, сабақтар (ұйымдастырылған оқу қызметін), серуендер жүргізеді, күн тәртібін қадағалайды, өз әріптестерінің сабақтары мен басқа да іс-шараларына қатысады. Музыкалық жетекшімен және басқа да педагогтармен мерекелер мен түрлі іс-шаралар дайындайды. Балаларды отбасында тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналармен консультациялық жұмыс жүргізеді: Баламен қандай ойын ойнау керек? Баланы немен қызықтыру керек? Артынан жинап жүруге қалай үйрету керек? және т. б. Тәрбиешілерді орналастыру кезінде олардың білім деңгейін, балалармен практикалық жұмыс тәжірибесін, жеке қасиеттерін ескеру қажет. Балабақшадағы музыка жетекшісі Музыкалық жетекші музыкалық және эстетикалық тәрбиеге жауап береді. Музыкалық сабақтар, әдеби-музыкалық ертеңгіліктер, кештер ұйымдастырады және жүргізеді. Музыкалық дарынды тәрибеленушілерді анықтайды және олармен жекелей және топта жұмыс жасайды. Ертеңгілік жаттығу, дене шынықтыру сабақтары мен ойын-сауықтарды жүргізуге қатысады, күннің екінші жартысында ұйымдасқан ойындарды музыкалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, музыкалық-дидактикалық, театрландырылған және ырғақты ойындар жүргізеді. Балалардың музыкалық даму мәселелері бойынша ата-аналар мен тәрбиешілерге кеңес береді.   ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, «Алғашқы қадам» (бірден 3 жасқа дейін), «Зерек бала» (3-тен 5 жасқа дейін), «Біз мектепке барамыз» (5-тен 6 жасқа дейін) және т. б. Республикалық мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды басшылыққа алады.

Источник: https://edu.mcfr.kz/article/483-azastanda-md-mamandaryny-jmysyn-yymdastyru



Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки

Балабақшадағы дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы Дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы дене шынықтыру сабақтарын өткізеді, мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық дамуына жауап береді. Күн ағымында балалардың қозғалыс белсенділігін бақылайды. Медбикемен бірлесіп сабақтар өткізуге арналған гигиеналық жағдайды бақылайды және оларды өткізу кезінде тәрбиеленушілердің қауіпсіздігіне толықтай жауап береді. Дене тәрбиесі мәселелері бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады. Жас ерекшеліктерін ескеретін, бекітілген бағдарламаларды басшылыққа алады, сабақтар кезінде әр баланың дербес мүмкіндіктерін ескереді. Музыкалық жетекшімен және тәрбиешімен бірлесіп спортттық мерекелерді, ырқақтық және би сабақтарын ұйымдастырады. Балабақшадағы түзеу мәселелерімен педагог-психолог және логопед айналысады. Балабақшадағы педагог-психолог Педагог-психолог – оның жұмысы тәрбиеленушілердің психикалық, соматикалық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған. Міндеті – нақты прооблемаларды шешуге балаларға, ата-аналарға және педагогикалық ұжымға көмек. Психологиялық диагностика жүргізеді, мектеп жасына дейінгі балалар дамуындағы ауытқулар (ақыл-естік, физикалық, эмоциялық) деңгейін айқындайды, әлеуметтік даму бұзушылықтарын анықтайды және оларға психологиялық-педагогикалық түзеуді жүргізеді. Білім беру қызметіндегі дамытушылық және коррекциялық бағдарламаларды жоспарлауға және әзірлеуге қатысады. Шағырмашылық дарынды тәрбиеленушілердің дамуына жәрдемдеседі. Педагогикалық қызметкерлердің, сонымен қатар балалар мен олардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады. Құжаттаманы жүйелендірілген түрде жүргізу психологқа өзінің психологиялық жұмысын жоспарлауға мүмкіндік береді (3-қосымша). Мамандандырылған топтары жоқ балабақшадағы логопед жұмысы сөйлеу ақауларын түзетуге бағытталған. Коррекциялық іс-шаралармен қатар, МДҰ-да сөйлеу кемістіктерін ескерту жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүргізеді. Логопед аптасына 5 күн жұмыс істейді. Жұмыс кестесі балалардың күннің бірінші жартысымен қатар, күннің екінші жартысында да бос болуына қарай құрылуы мүмкін. Лауазымдық міндеттеріне сөйлеу патологиялары бар мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс ғана кіруі тиіс. Логопедтік сабақтардың жалпы ұзақтығы тәрбиеленушілердің дербес ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады. Қажеттілікке қарай балаларды логопедтік сабақтардан шығарады және оларды басқалармен алмастырады. Сөйлеуді түзеу жөніндегі жұмыстар аптасына 5 рет жүргізіледі, дербес немесе топтық сипатқа ие. Коррекциялық үдерісті есепке алу үшін тиісті құжаттама жүргізіледі (4-қосымша). МДҰ-да оқшауланған логопедтік кабинет болуы тиіс (5-қосымша).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет