«Мектептегі байқау сабақтары» тәжірибе жинақтаудың мақсат-міндеттері: Мақсаты



Дата18.04.2023
өлшемі20,65 Kb.
#83726
түріСабақ

М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің
2022-2023 оқу жылындағы І жартыжылдық
қорытындысы бойынша 0108000 – «Музыкалық білім
беру» мамандығы бойынша білім алушы МБ-В-19 оқу
тобында әдіскер А.Кенжегараеваның «Мектептегі
байқау сабақтары» тәжірибе жинақтаудағы атқарған
жұмыстарының
Е С Е Б І

2022-2023 оқу жылының 19.12.2022–04.01.2023ж аралығында қаладағы №264 Т.Есетов атындағы мектеп - лицейі, «№212 Мектеп-гимназиясы, №5 мектеп-интернаты мен №7 мектеп-интернатындағы «Мектептегі байқау сабақтары» тәжірибе жинақтау түрі бойынша тәжірибе жинақтау жұмысы бойынша 0108000 – «Музыкалық білім беру» мамандығының МБ-В-19 оқу тобы машықтанушылары тәжірибе жинақтаудан өтті.


«Мектептегі байқау сабақтары» тәжірибе жинақтау білім алушыларды кәсіптік даярлаудың міндетті мазмұнын меңгерту, тәжірибе жинақтау базаларында машықтану жұмыстарын тиімді жүргізуге бағытталды.
«Мектептегі байқау сабақтары» тәжірибе жинақтау кезінде білім алушылар: музыкалық және сыныптан тыс сабақтардың, сыныптан тыс шаралардың конспектілерін әзірлеу және ресімдеу, музыкалық жетекшінің келешектегі және ағымдағы жұмысын жоспарлау, балаларды музыкалық тәрбиелеудің нақты педагогикалық міндеттерін шешу, критериалды бағалауды (формативті, жиынтық) қолдану, әртүрлі жас топтарында музыкалық сабақтарды бақылау және талдау, балалар музыкалық аспаптарының ансамблін немесе оркестрін, вокалдық ансамбльді немесе хорды ұйымдастыру және басқару, музыка сабағында оқу қызметін ұйымдастыру, сыныптан тыс музыкалық іс-шараларды ұйымдастыру, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың музыкалық-тыңдаушылық және музыкалық-орындаушылық қызметін ұйымдастыру, хормейстерлік шеберлік, вокалдық-хор және аспаптық орындаушылық дағдыларын меңгеруді үйренеді.
«Мектептегі байқау сабақтары» тәжірибе жинақтаудың мақсат-міндеттері:
Мақсаты: білім алушылардың психологиялық- педагогикалық, музыкалық- теориялық цикл пәндері бойынша алған барлық теориялық білімдері, іскерліктері мен дағдылары жұмылдырады және музыкалық тәрбие әдістемесі бойынша білімін ұғынып, сабақта саналы түрде қолдануға мүмкіндік береді.
Міндеттері:

  • мұғалімнің сабаққа даярлықты ұйымдастыруымен және мазмұнымен таныстыру;

  • мектептегі сабақтың алгашқы аптасындагы оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктерін, мазмұнын және әдістемесін ашу;

  • балаларды мектепте оқуға дайындығының диагностикасын жүргізу білігін қалыптастыру және оның нәтижелерін талдау;

  • бірінші—күнгі қабылдауды-ұйымдастыру және білім мейрамын өткізу;

  • баланың бірнеше күнгі сабағында оку-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды бақылау;

  • музыка мұғалімінің музыкалық- педагогикалық әрекеті дағдыларын меңгеру;

  • мектеп әрекетінің жағдайларын және музыкалық өмірін біртұтас қабылдау, педагогикалық ұжыммен танысу;

  • мектеп оқушыларын және оқу ұжымын музыкалық- педагогикалық зерттеу;

  • мектептің педагогикалық кеңесі, мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі жұмысымен танысу.

Машықтанушылар тәжірибе жинақтау барысында көптеген іс-шаралар өткізіп, өз белсенділіктерін көрсете білді. Балалармен тез тіл табысып, ұжыммен бірлесе жұмыс жасай білді. Сонымен қатар, ұйымдастырылған оқу қызметтерін өз беттерінше жоспарлап, өткізе алды. Мәселен, Райбек Сұлтан №264 мектеп-лицейінде 4б сыныбында «Мамандықтар әлемі»-мамандығым мақтанышым, Тағайбек Бағжан 4 и сыныбында «Мамандықтар әлемі»-музыкант болу арманым! №212 Мектеп-гимназиясында Кайрбекова Назгүл 5г сыныбында «Қазақтың дәстүрлі тұрмыс-салт әндері және заманауи музыка» жобаны таныстыру атты ашық сабақтар өтсе, №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернатында машықтанушылар Қуанышқызы Алтынай мен Таңатар Жұлдыз «Қош келдің жаңа жыл» және № 7 арнайы түзету мектеп-интернатында қали Орынша мен Аймұрат Айсұлу «Төрлет төріме жаңа 2023 жыл» тақырыбында сыныптан тыс мерекелік іс-шара ұйымдстырылып мектеп басшылары мен ата-аналар алғысына бөленді. Топ студенттері Алпысбай Парасат, Смағұл Марлен, Еркін айбол, Мырзағұл Аида ашық оқу қызметін жақсы деәрежеде көрсете білсе, Ералиева Мадина, Тәкен Асылжан мектептегі сыныптан тыс іс-шараларды белсене ұйымдастырып сол мерекелік кештердің өтілетін орнын безендіруге, балаларды дайындауға үлкен үлестерін қосып, жоғары деңгейде өтуіне ықпал жасай білді, балалармен іс-шараны бірлесіп өткізді.
Мектеп музыа жеткшілерімен бірлескен қорытынды конференция өткізіліп, машықтанушылардың атқарған жұмыстарына талдау жасалынып, машықтанушыларға бағасын берді.
Әдіскер: Кенжегараева Айкын

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет