Мектептегі жазба жұмыстарын жүргізу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата02.05.2023
өлшемі462,78 Kb.
#89136
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
Abai University 
СИЛЛАБУС 
1. Пән туралы ақпарат: 
Пәннің атауы: Мектептегі жазба жұмыстарын жүргізу әдістемесі 
Кредит саны: 

Курс, семестр: 2-курс, 4-семестр 
Білім бағдарламасының атауы және шифры: 6В01701 - Тіл мен әдебиет мұғалімін 
дайындау (қазақ тілі мен әдебиеті)
Институт:_ Филология және көптілді білім беру институты 
Кафедра:_ Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі: 
Райгүл Сәдуақасқызы 
Рахметова – педагогика ғылымдарының докторы, доцент. 
Контактілік ақпарат: (8-705-181-23-27 
raigul.67@mail.ru
 
Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)
*
 
Критериалды бағалау: 
Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес 
жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) 
ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар 
жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады: 
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек. 
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді. 
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады. 
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз 
СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ 
қабылданбайды. 
Жиынтық бағалау: 
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: 
(АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4 
3. Курстың академиялық презентациясы: 
«Мектептегі жазба жұмыстарын жүргізу әдістемесі»» курсы студенттерге жалпы 
білім беретін орта мектептерде жазба жұмыстарын жүргізуде қойылатын мақсатты, оған 
жету жолдарын ұйымдастыруды, оларды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін, жолдарын 
көрсетеді. Студенттер мектепте қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын жазба 
жұмыстармен танысады. Оны жүргізудің әдістемесін игереді. Ғалымдардың ғылыми- 
әдістемелік тұжырымдарымен танысады. Жаңартылған білім беру бағдарламасында 
ұсынылған жазба жұмыстарды іске асырудың жолдарын үйренеді, жазба жұмыстарды 
жүргізудің әдіс-тәсілдерін меңгереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет