Мақсаты: Оқушыларға алдыңғы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру, мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру
Міндеті:
Қазіргі заманға қажетті кәсіптерді таңдауына, қоғамдағы әр түрлі проблемаларды жеңе білуге тәрбиелеу. Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру
Мамандық дегеніміз не?
Мамандық (профессия) - латын сөзінен шыққан анықталған іс дегенді білдіреді. Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау – адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдерінің бірі. Қуанышы да, ауыртпалығы мол үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың, оқу орнының ішінен өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Таңдайтын мамандығың өзіңе, қоғамға қажетті, әрі қолыңнан келетін,көңіліңнен шығатын жұмыс болуы керек
Мамандық таңдауда 6 кеңес
Қандай мамандықтардың болашағы зор?(перспективный)