Менің арманымдағы Қазақстан



Дата26.10.2022
өлшемі17,67 Kb.
#45423

Менің арманымдағы Қазақстан
Бүгінгі Қазақстан кезінде барша қазақтың арманы болатын. Сол арманның орындалғанын көру біреуге бұйырса, біреуінің маңдайына жазылмады. Әттең...

Менің жасым ұлғайып, ақылым толысқан сайын менің санамдағы мен армандайтын Қазақстан да көркейетін. Бала кезімізде Америкадағыдай Қазақстанды, мектеп жасында үй жұмысын бермейтін, оқушыға еркіндік беретін, бертін келе технологиялық құзіреттілігі дамыған Қазақстанды армандадық. Яғни, біз армандаған мемлекет біздің қажеттілігімізден, өз пайдамыздың ыңғайынан туындаған болатын.


Сөз басында қазіргі мемлекетті аңсағандар жайлы айттым, ал енді қазіргі Қазақстанға қанағаттанбайтындар да кездеседі. Жұрт арасында «...егер біздің кезіміз болғанда («біздің кез»- үкімет сенімін ақтамағанда қолданатын тіркес)» - дейтін сылтау бар. Бір кем дүние...


Мен армандаған мемлекет (тек) өз тілінде сөйлесе екен. Маған «чисто» қазақша сөйлейтін ұлт емес, мемлекеттік тілде сөйлейтін Қазақстан азаматы керек. Осы дүниені талап ету қиын ба екен? Жұмыспен қамтып, жалақы төлеп отырған мемлекет мұны талап етуге әбден құқылы. Жоқ, міндетті! Дегенмен, кінә бізден де бар. Өзге тілде қойылған сұраққа өз тілімізде жауап беруге ұялатынымыз тағы бар. Демек қазақ тілін білмейтіндерге тіл үйрену маңызды емес, себебі оларға тіл білу қажеттілігі тумайды. Мынауымызды Абай, Әлихан, Ахметтер көрсе, бетіңе түкіреді...


Айтпақшы қазақ тілін білмейтіндердің қатарында «қазақтардың» өзі жүр ғой, масқара! Ал жарайды қармақ берсе балық сұрайтын қазақпыз ғой. Тегін курс ашылса, білікті мұғалімдер оқытса, барлық мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелер тек қазақ тілінде жұмыс жасаса, мына дүкенің қазақша сөйлеп тұрса жарамай ма!? Кедей мемлекет емеспіз(тфәй-тфәй), ақша жетпейді емес, жетеді. Негізі тіл мәселесі соңғы жылдары көп қозғалып жатыр. Қоғам екіге бөлініп отыр. Білу міндетті дейтіндер мен «зачем так» дейтіндер.


Негізі армандар көп, әзірге алдағы бес- онжылдыққа осы арманымыз орындалса да ризамыз. Егер эссеміз өтіп кетіп жатса, қазақ тілін жетік меңгерген адам оқитын шығар иә?! Келесі армнадрымды келесі эссе жазу байқауларында айтармын...


Топ: КЯЛ-21-1У


Оспан Жанат

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет