Менің өмірлік ұстанымым



Дата29.09.2022
өлшемі16,11 Kb.
#40739

Менің өмірлік ұстанымым
Бүгін мен сіздермен ойыммен бөлісуді жөн көрдім. Бірінші, «мен қандай қызбын» деп көп ойланатын болып жүрмін. Білем, маған әлі олай ойлану ерте шығар.Бірақ осылай ойымды жазуға сыныптастарыммен арақатынасым себеп болып отыр. Ойымды тарқата түсіндіріп өтсем... Мен сыныптың топ басшысымын.Үнемі сыныптастастарыма өз пікірімді ашық айтамын.Осы шыншылдығым өзіме көп зиянын тигізуде. Бірде Абай атамыздың «Құдайшылық — жүректе. Қалпыңды таза сақта,» - деген сөзін тәрбие сағатында алғаш есітіп, сол сөздің мағынасын сынып жетекшімнен сұрап, ойыма түйдім. Ойлана келе, адам бойындағы ең бір жақсы қасиеттердің бірі шыншылдық,адами қасиеттен айнымау екенін ұқтым. Қандай жағдай болмасын ойымды ашық айту, жанымдағы адамдарға қөмектесу - менің өмірлік ұстанымым,қағидам болады деп шештім. Бірақ менің ашықтығым көбіне ұнай бермейтін сияқты. Сыныптастарым «сен жақсы қызсың, бірақ адамның көңіліне қарап сөйлемейсің» деп ренжіп жатады. Міне, осындай жағдайлар орын алғанда өзімді қалай ұстарымды білмей қаламын. «Менің атым Қожа» шығармасындағы басты кейіпкерлердің бірі Жанардың Қожаны жиналысқа салғандағы әрекеті менің басымдағы жағдайға ұқсайды. Шындықты айтайын десем жақын құрбым, айтпайын десем өз-өзіме қарсы шыққаным болады.
Менің ата-анам маған еркіндік,ашықтық туралы үнемі айтып,менің пікіріммен санасып отырады. Еркіндік дегенде, не істесем,соны істеу емес. Еркіндік - адамдардың түрлі ойлары, тұжырымдары. Өз ойымды жасырмай неге көп айтамын деп бірінші өзімнен сұрадым. Өзім әрқашан әділдіктің болғанын, адамдардың ойы таза болғанын қалаймын. Бұл - нақ сену керек деген сөз.
Сонымен «Мен қандай адаммын?» Мен шын сөйлеуге тырысамын, мен кейде сеніп қаламын, өзімді батыл деп ойлаймын, жауапкершіліктен қашпауға тырысамын... Маған ұнайтын адамгершілік қасиеттер: адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік, намысты қорғай алу, ар-ұят,имандылық.Осы қасиеттер адам бойындағы асыл қасиеттер екеніне сенімдімін.Осы қасиеттер туралы айналамдағы достарыма айтудан шаршаған емеспін.Маған адам бойындағы ұнамайтын қасиеттер: жаман немесе арам ойлайтын адам, түсінгісі келмейтін адам, өзін аяйтын адам, жауапкершіліктен қашу, Абай атамыз айтқандай «бос күлкі», жалқаулық және адамдардың арасындағы дұшпандық....
Ойымды қорыта келе айтарым, менің өмірлік ұстанымым мүмкін әлі нақты емес. Барлығы болашақта өмірімде болатын оқиғаларға байланысты өзгеретін де шығар.Уақыт өтсе де мендегі өзгермейтін бір мінез шыншылдық пен ашықтық болып қала бермек.
Шымкент қаласы, Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп – лицейі 7 –сынып оқушысы Әбдуайт Аяулым Әлімжанқызы Жетекшісі - Сейтбекова Гулнур Сейтмуратовна

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет