«Мереке» әні. Орындайтын: Иманкулова Альфия, Төлеген Айзере, Сұраужан Нұршуақ 1 — оқушы: Бекзат



бет1/3
Дата15.11.2023
өлшемі18,7 Kb.
#122616
түріПрезентация
  1   2   3

Презентация
«Мереке» әні. Орындайтын: Иманкулова Альфия, Төлеген Айзере, Сұраужан Нұршуақ
1 — оқушы:Бекзат
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
2 — оқушы:Мәди
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
3 — оқушы: Данияр
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
4 — оқушы: Жалғас
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімін.
5 — оқушы: Сабыр
Келешекке алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім.
6 — оқушы:Диас
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
7 — оқушы: Бақбер
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!

1 — жүргізуші: Айзере
Армысыздар, аса қадірменді ұстаздар ұжымы, білім шыңына талпынған оқушылар!
2 — жүргізуші: Елдос
Айзере, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
1 — жүргізуші: Айзере
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтау үшін сахна төріне мектеп директоры Ермекбаева Жанна Омирбековнаны шақырамыз!
Хор: «Ұстазым»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет