Мерекелік концертке арналған мерекелік сценарий



Дата12.02.2023
өлшемі25,35 Kb.
#67298
түріСценарий
Байланысты:
8 наурыз


Мерекелік концертке арналған мерекелік сценарий
Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.
Балалар музыкамен залға кіреді

Бахтияр:Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұр құйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған «Сазды сәлем» бағдарламасы бастауға рұқсат етіңіздер.

Айсауле: Армысың мейірімді аналарым,

Мейірбан ашық көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың

Бахтияр:

Ару ана өмірдің асылдары,

Жайнаған көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй

Сіздер үшін мереке шашулары

Айсауле:Олай, болса асыл аналар, аяулы қыздар мерекелеріңіз құтты болсын. (БІРГЕ)

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.

Бахтияр: Айсауле біздің бағдарламаның жас ақындары өлең жолдарын жолдаса қалай қарайсың.

Айсауле: Ия ана, қыздар туралы өлең жолдары көп онсыз болмайтын сияқты шақырсақ шақырайық.
1. Балалар тақпақ айтады.

Мирас:


Ана деген – адамзаттын данасы.

Ана деген сәбилердің панасы,

Ана деген- жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген- қайнар ыстық бұлағың.

Бақытжан:

Құрметтейік о, адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі, ана асыл жан гой.

Ойлауменен істелік әр қадамы.

Бахтияр:


Наурыз мейрамы жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем.

Жарығымен, шуағымен Күн Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Бахтияр: Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-деп қазақтар жай айтпаған. Айсауле тақпаққа шашу ретінде келесі кезекті қыздардың орындауындағы «Шаттық» биін сыйласақ дұрыс болар.

Айсауле: Ия, келісемін бисіз тойда мерекеде өтпейді. Берсек, берейік.

2.Би «Шаттық»

Айсауле:


Құрметті көрермендер сіздер біздің хабарымызға қоңырау шалып, құттықтау жолдай аласыздар. Біздің байланыс телефонымыз 271-35-45 Жақын жандарыңызды құттықтауға асығыңыздар.

(Қоғырау соғылады)

Бахтияр: Мінекей біздің хабарымызға хабарласып отырған алғашқы көрерменіміз де бар екен. Тыңдайық!

3. Батырдың дауысы: Алло сәлеметсіз бе? Менің атым Батыр. Мен 8 «Ә» оқушысымын осы сыныптың қызғалдақтай қыздарын, алтындай аналарымызды халық аралық әйелдер мерекесімен құттықтағым кеп отыр.

Айсауле:

Аналарға, қыздарға қандай тілек айтасың?

Батыр: тақпақ айтып беремін.

Аналарды ардақтап қуантатын келді күн.

Құттықтаймын қуанып мейрамымен мен бүгін

Балалардын тілегі қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүз жасап жүрші ана қымбаттым.

Батыр:


Енді менің құттықтауыма қоса әдемі ән орындалса екен деймін.

Бахтияр: Жақсы, Сау болыңыздар!

4.Ән «Мамантенок»

Бахтияр: Осы бір тамаша әннен соң біз хабарымызды одан әрі қарай жалғанстырамыз.

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген қуанышы көңілдің

Ана деген әрбір үйдің жылуы

Ана деген гүлі туған өңірдің

Айсауле:Ана бір қолымен бесік тербетсе бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді екен ендеше асыл аналарды құттықтауға асығыңыздар. Ал біз хабарымызды студиямыздың қоржынына келіп түскен мына бір хатпен жалғастырамыз.

Бахтияр: Кімнен екен?

Айсауле: 8 сынып оқушысы Мусин Диастан.

5.«Құрметті сазды сәлем бағдарламасы» деп басталады бұл хат. Менің атым Диас мен сіздердің хабарларыңызды үзбей көремін. Мен 8 сынып оқушысымын. Сіздерге хат жолдап отырған себебім сіздердің бағдарламаларыңыз арқылы аяулы анамды және жанындағы қыз-келіншектерді 8 наурыз аналар мерекесімен құттықтаймын! Мен оларға зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір тілеймін,-депті.

Бахтияр: Қандай тамаша тілек.

Айсауле: Тілегіне қоса музыкалық сәлем ретінде ұлдар биін жолдасаңыздар екен. Құрметті көрермендер ұлдардың биін тарту етеміз қабыл алыңыздар.

6. Би «Ұлдар биі»

Бахтияр: хабарымызға сәл үзіліс жасап ойын ойнап алайық. Ал біз сіздермен ойыннан соң жолығамыз.

7.Ойын «Бес орындықтың бірі артық»

Жүргізуші:

Асыл анам жасыл бағым жайнаған

Сол бағымда асыр салып ойнағам

Пәк жүрекпен жыр жазды перзентің

Бар тілегі сіздерге арналған.

Айсауле: Құрметті көрермендер! Хабарымызға тағы бір көрермен хабарласқан екен. Қоңырау қабылдайық.

Бахтияр: Алло біз сізді тыңдап отырмыз.Кімді құттықтайын деп едіңіз.

7. Ата-ана немесе әжесінің құттықтауы: Сәлеметсіздер ме? Менің аты-жөнім ................................. Мен сіздердің бағдарламаларыңыз арқылы осы мектептің мұғалімдерін мерекелерімен құттықтағым келіп отыр. Біздің балаларымызға тәлім-тәрбие берумен қатар олардың саналы білімді өнерлі де өнегелі боп өсуіне үлесін қосып орасан еңбек жасап жүрген апайлардың дені сау болсын , бастарына бақ қонсын, ұстаздық деген ұлы жолда талмай шаршамай еңбек ете берсін дегімі келеді. Апайлардың құрметіне арнап тамаша би тарту етіңіздер деймін.

Айсауле: Расыменде мектептегі апайлардың, ата-аналардың арқасында көптеген балалар болашаққа самғап биіктерден көрінуде .

Бахтияр: Осындай апайлардың құрметіне тамаша ән сұраған екен.

9. Ән «Қазақ қыздары»

Жүргізуші:

Асыл аналар! Мінекей сіздерді әлпештеп аялап отырған балапандарыңыз болашақта осындай беделді азаматтар болатынына біз сенеміз. Әлемнің бастауы мен таусылмайтын қазынасы өздеріңіз. Мәпелеп отырған балапандарыңыз сіздерге деген шексіз алғысын «ана мен бала» валісі арқылы жеткізгісі келеді.

Бахтияр:

Біз ғана емес қадыр тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі



Мерекеңмен қасетті аналар

Айсауле: Құрметті көрермендер осымен «Сазды сәлем» хабарымыз аяқталып қалды. Аяулы да ардақты аналар! Бүгінгі айтылған әдемі әндер мен әсем билер және жақсы тілектер тек сіздерге арналды. Хабарымыздың соңында балаларыныздың өздеріңізге арнаған шағын сыйлығын қабыл алыңыздар. Ал біздің бағдарламамызды тамаша әуен жалғайды. Келесі эфирде кездескенше қош сау болыңыздар!(БІРГЕ)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет