Мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі Тапсырма: «Менің сүйікті ұстазым», «Мұғалім идеалы», «Қазіргі мұғалім Ол қандай



Дата21.02.2023
өлшемі16,79 Kb.
#69735

  1. Мұғалімнің жеке тұлғасы – оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі Тапсырма: «Менің сүйікті ұстазым», «Мұғалім идеалы», «Қазіргі мұғалім... Ол қандай?» және т.б. тақырыпқа өз таңдауыңыз бойынша шығарма жазыңыз. Әдістемелік нұсқау: Онда мұғалім тұлғасының әлеуметтікадамгершілік, кәсіби-педагогикалық және танымдық бағытталу қасиеттеріне сипаттама беріңіз. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Сухомлинский В. А. Сто советов учителю // Избр. Произв.: В5т. – Т.2. – Советы 53, 94-96. 2. Кан-Калик В. А. Учителю о педагогическом общении.-М., 1987. – С.122-137. 3. Ильин Е. Н. Искусство общения. – М., 1988. 4. Натанзон Э. Ш. Приемы педагогического воздействия. – М., 1972. 2. Мұғалімнің кәсіби білімінің ерекшеліктері Тапсырма: Педагогикалық қызметтің мұғалім тұлғасына әсері қандай? Ауыл мектебіндегі мұғалім қызметінің спецификасы неде? Әдістемелік нұсқау. Қалаған тақырыбыңыз бойынша мәнжазба дайындаңыз. 238 Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Сухомлинский В. А. Сто советов учителю // Избр. Произв.: В5т. – Т.2. – 53, 94-96. 2. Кан-Калик В. А. Учителю о педагогическом общении. – М., 1987. – С.122-137. 3. Ильин Е. Н. Искусство общения. – М., 1988. 4. Натанзон Э. Ш. Приемы педагогического воздействи




  2. яСабақтың тақырыбы: Мұғалімнің қарым-қатынас стильдері. Сабақтың жоспары: 1. Қарым-қатынас мәні. 2. Қарым-қатынас стильдері. Теориялық мәліметтер: 77 №10 сабақ. Қарым-қатынас екі жақты мәнге ие: қатынас және өзара әсер ету. Бұл айсбергтің су асты және су үстіндегі бөліктеріне ұқсас. Мұндағы көрінетін жағы – сөйлеу және сөз қимыл-әрекеттері, көрінбейтін ішкі жағы – қажеттіліктер, мотивтер, қызығулар, сезімдер және т.б. адамды қарым-қатынасқа бағыттайтын әрекет-қимылдар, толғаныстар. Зерттеулер нәтижелері төмендегілерді аңғартады: балаларға әрқашанда олардың көңіл-күйіне тұрақты қатынаста болатын, оқу әрекеттері мен мінез-құлқындағы кемшіліктерге іскерлікпен қарайтын, олармен байсалды және бірқалыпты мәнерде қарым-қатынас жасайтын оқытушыларға олар әрдайым еркін, сеніммен тілдесетін болады. Оқушыларға ұнамсыз қарым-қатынаста болу (“сыныптарың жыныма тиді”) , оқытушының тұрақсыз позициясы (көңіл-күйіне қарай жиі өзгеруі) балаларда оған деген сенімсіздік, жағымпаздық, жалған сөйлеу және т.б. ұнамсыз қасиеттерді оятуы мүмкін. Мұндай жағдай жалпы оқу-тәрбие процесіне нұқсан келтіреді. Жалпы алғанда, зерттеушілер оқытушының сынып ұжымына бағытталған негізгі үш түрлі қатынас стилін ажыратып, қарастырады: тұрақты-ұнамды, төменгі дәрежелі ұнамды, тұрақсыз кейде балаларға ұнамсыз, тұрақты ұнамсыз қарым-қатынаста болатын оқытушылар да кездеседі. А.А.Леонтьевтің пікірінше: “ұнамсыз, тұрақсыз” оқытушылар өздеріне ұнамсыз көзқарастар келіп шығуына жағдай жасайды. Демек, олар мектепке қайшы, жалпы қоғамға қарама-қарсы әрекетте болады деген сөз. Психологияда қоғам мүшелерімен қарым-қатынаста болатын әртүрлі басшылық, жетеекшілік ету түрлері анықталған. Оқытушы да өз әсерін жүзеге асырушы басшы болып есептеледі. Басшылықтың негізінде үш стиль кездеседі (әсер ету бағытына қарай). Авторитарлы стиль. Оқытушы өз бетінше , жеке топтың жұмыс бағытын анықтай отырып, кім-кіммен отыруы және жұмыс істеуі қажеттігін көрсетеді, оқушылар тарапынан кездесетін әрқандай белсенділік шектеледі, оқушылар күмәндану үстінде болады. Өзара әсер ету формалары – бұйыру, көрсетпе, инструкция, жазалау. Кейде берілетін алғыс, ризашылық та бұйрық немесе кемсіту түрінде жарияланады. “Бүгін сен жақсы жауап бердің. Сенен мұны күтпеген едім”. Демократиялық стиль. Бұл стиль ұжым мүшелерінің пікірлеріне сүйенген жағдайда көрініс табады. Оқытушы істелетін жұмыстың мақсат-міндеттерін әр бір оқушы санасына жеткізуге әрекеттенеді. Олардың барлығын еңбек процесіне белсенді қатыстырады, өз міндетін тек бақылау мен басқаруда деп білместен, тәрбие беру деп те түсінеді. Әрбір оқушы 78 марапатталып бағаланады, және онда өз-өзіне сенім арттырылады, өзінөзі басқару дамытылады. Либеральдық стиль. Бұл стильдің мәні – тәртіпсіздік, бейғамдық. Оқытушы ұжым өміріне араласпауға әрекеттенеді, белсенділік жоқтың қасы, сұрақтар немқұрайды талқыланады, кейбір қарама-қарсы пікірлерге тосқауыл жасай алмайды. Ұжымда тәртіпсіздік күшейеді. Оқушыларда ұнамсыз пікірлер мен көзқарастар пайда бола бастайды

  3. . Бақылау сұрақтары: 1. Қандай стиль ұнамды деп есптейсіз? 2. Қарым-қатынастың екі жақты мәнін қалай түсіндіресіз? 3. Қарым-қатынасты неге айсбергке теңеуге болады? 4. Зерттеулер нәтижелерінен нені байқауға болады?

  4. Студенттердің үй тапсырмасы: Мұғалімнің үш негізгі стилдерін Венн диаграммасы бойынша салыстыру. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы: Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.. –


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет