МҰхтар әуезов әҢгімелерін оқыту г. Д.Қоспанова



Pdf көрінісі
Дата11.01.2017
өлшемі176 Kb.
#1661

МҰХТАР ӘУЕЗОВ ӘҢГІМЕЛЕРІН ОҚЫТУ 

 

Г.Д.Қоспанова  

Ақтөбе қ. 

                                                        

Мектепте көркем шығарманы оқытуда оның көркемдік ерекшеліктерін жан-жақты терең талдай 

білудің маңызы зор. Шығарманың ішкі құрылымы, кейіпкер бейнелері, әдеби танымдық маңызы және 

көркем айшықтарын таныту әдебиетші мұғалімнен үлкен дайындықты қажет етеді. Осы орайда, белгілі 

әдіскер-маман Қ. Мырзағалиев еңбектерін ерекше атап көрсетуге болады [1]. 

Ғалым-әдіскердің  жазған  оқулықтарында  әдеби  шығарманы  оқытудың  әдістемелік  мәселелері 

ғылыми  тұрғыда  жүйеленгенін  байқауға  болады.  Сондықтан  мектепте  көркем  шығарманы  оқытуда 

оның  көркемдік  ерекшеліктерін  таныту  бағытында  әдіскер-маман  Қ.  Мырзағалиев  еңбектерін 

басшылыққа  аламын.  Қазақ  әдебиеті  сабағында  жазушы  М.Әуезовтің  әңгімелерін  оқытуда  оның 

көркемдігін  танытуға  ерекше  назар  аударамын.  Заманымыздың  заңғар  жазушысы,  қазақ  әдебиеті  мен 

мәдениетінің  ХХ  ғасырдағы  биік  шыңы  –  Мұхтар  Омарханұлы  Әуезовтің  артында  қалған  ұланғайыр 

мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізіп, танып-білу - әр ұрпақтың міндеті. 

Жазушы,  ғалым,  қоғам  қайраткері  Мұхтар  Әуезовтің  көркем  мұрасы  біздің  төл  әдебиетіміздің 

ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі болып табылады. Оның «Абай жолы» романы мен 

асқан шеберлікпен жазған шағын әңгімелері, повестері қазақ әдебиетінің алтын қорына енген. Қазіргі 

кезде оқыту мен білім беру, тәрбие мәселелерінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Осыған орай, қоғам 

өмірінің  жаңа  сапасының  негізін  құрайтын  қазіргі  білім    беру  жүйесі  және  тәрбие  болып 

табылатындықтан,  шығармаларында  ұлттық  тәрбие  мәселелері  көп  көрінетін  М.Әуезов 

шығармашылығын оқыту маңызды болып келеді. «Рас, әңгіме  – шеберлік мектебі, ірі жазушылардың 

бәрі  қаламын  осы  «мектептен»  ұстартып  шықты»,  -  деп,  З.Қабдолов  айтқандай,  М.Әуезовтің  де 

суреткерлік шеберлігі әңгіме жанрын игеру үстінде қалыптасты [2, 302-б.].  

Жазушы  алғашқы  әңгімелерінен  бастап-ақ  халықтың  тұрмыс-жағдайын,  жастардың,  қазақ 

әйелдерінің  тағдырын  суреттеді,  тіпті  сан  алуан  күнделікті  өмірде  кездесетін  күйкі  көріністерді 

сипаттай отырып, нақтылы өмір құбылыстарын типтік дәрежеге көтере білді. М. Әуезов әңгімелерінің 

басты  ерекшелігі  «...алдымен  айналадағы  өмір  құбылыстарын  бейнелеудегі  шыншылдық,  реалистік 

суреттеу  әдісін  шебер  қолдана  білетіндігі  дер  едік.  Әңгімелерде  баяндалатын  оқиғалардың, 

бейнеленетін  кейіпкерлердің  бәрі  өмірден    алынған,  сол  ортада  болатын  оқиғалар,  іс-әрекеттер,  әр 

жерде кездесетін адамдарға ұқсас, бейтаныс таныстар, типтік мінез, типтік характерлер. Әрине, кейбір 

жайлар әсірелеп көрсетілген. Бірақ, тіпті айналадағы табиғат көріністері – даланың қысы, желі, бораны, 

айлы  түні,  тау-тасы  –  бәрі  нақтылы,  дәл,  анық  бейнеленген.  Және  олар  құр  жай  ғана  сурет,  адамдар 

өмір сүретін орта ғана емес, әңгімедегі кейіпкердің көңіл күйі, қайсысымен үндес келетін, кейде оның 

тағдырымен ажырамас бірлікте көрінетін дүние болмыстың нақтылы ақиқат белгілері» [3, 138-б.]. 

Жазушы әңгімелерін екі топқа бөліп қарауға болады: 

1)

 



 30 жылдарға дейінгі. 2) 30-40 жылдары жазған әңгімелері: 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



                                                               

 

 



 

 

 



 

 

30-жылдарға  дейін  жазған  әңгімелерінде  төңкеріске  дейінгі  қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігі, 



әйелдер  тағдыры  сөз  болса,  ал  30-40  жылдарда  жазған  әңгімелерінің  бәрі  дерлік  төңкерістен  кейінгі 

«Оқыған азамат» 

«Сөніп – жану» 

«Қорғансыздың күні» 

«Қаралы сұлу»

 

М.Әуезовтің 30- 



жылдарға дейінгі 

жазған әңгімелері 

«Ескілік көлеңкесінде»

 

«Жетім» 



«Кінәшіл бойжеткен» 

«Қыр суреттері» 



өмірді,  колхоз  тұрмысын  суреттеуге  арналған.  М.  Әуезов  әңгімелерін  оқыту  барысында  сол 

кезеңдердегі тарихи жағдайларды да, әңгімедегі оқиғалармен де байланыстыра түсіндіріп отырамын. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Негізінен  М.Әуезов  шығармаларының  ішінде  мектеп  бағдарламасы  бойынша  «Қараш-қараш 

оқиғасы»,  «Көксерек»  шығармалары  орта  буында  оқытылып  келеді  де,  11-класқа  келгенде  жазушы 

шығармашылығы  толық  қарастырылып,  «Абай  жолы»  романы  талданады.  М.  Әуезов 

шығармашылығын  11-класта  оқыту  барысында  әңгімелеріне  арнайы  тоқталып, талдауды  қажет  етеді. 

Өйткені, біріншіден, жазушының үлкен эпопея тудыру жолында осы әңгімелерден бастау алды дейтін 

болсақ,  екіншіден,  оларды  оқытудың  өзіндік  тәрбиелік,  дамытушылық  мәні  бар.  Мысалы,  бұл  арада 

Жақып  болысқа  әйел  үстіне  баруға  көнбегені  үшін соққыға жығылып, құсадан  өлген  Ғазиза  тағдыры 

туралы  «Кім  кінәлі?»,  өзі  сүймеген  кісіге  тұрмысқа  шығуға  үлкендердің  күштеуімен  амалсыз  көніп, 

соның  күйігінен  көзі  жасқа,  көкірегі  шерге  толған  Жәмилә  туралы  «Сөніп-жану»  және  «Кінәшіл 

бойжеткен» әңгімелерін талдап оқытуға болады. 

«Көркем  шығармаға  талдау  жасау  деген  -  оның  бейнелі  ойына  бару  деген  сөз»,  -  деп, 

Т.Ақшолақов көрсеткендей, әңгімені талдау, ең алдымен, мазмұнын меңгеруден басталады [4, 27-б.]. 

Әңгімені  талдау  барысында  белгілі  педагог  Қ.  Бітібаева  әдістемесіне  жүгіне  отырып,                    

М.  Әуезов  әңгімелерін  оқыту  алдында  қызығушылығын,  ынтасы,  таным  белсенділігін  арттыру 

мақсатында, әңгімедегі оқиғалардың өмір шындығынан алынғаны туралы айтып, әңгімелеу керек. «Кім 

кінәлі?»  әңгімесін  класта,  «Сөніп-жану»  және  «Кінәшіл  бойжеткен»  әңгімелерін  үйде  меңгеруге 

тапсырылады. Оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыру мақсатында, тарауларға тақырып қойып, 

ол тараулардағы басты оқиғаларды кестеде көрсетіп қою тиімді.  

Бөлімдер 

Тақырып 


Басты оқиғалар 

 



 

 

 

II 

 

 

III 

 

Тас 



қылып 

мұздатқан 

суық, қатал ой. 

 

 

Байласқан уәде. 

 

 

Үзілген жас. 

 

 

 



1.Ысмайылдың Ғазизаға ашулануы. 

2.Қонақтардың келуі. 

3.Ысмайылдың Қалиманға қатал мінез көрсетуі. 

 

1.Ісламның Айшаның үйіне келуі. 



2.Іслам мен Ғазиза арасындағы ашық әңгіме. 

 

1.Күйеулердің Ысмайыл ауылына келуі. 



2.Ісламның Ғазизамен кездесуі. 

3.Жақыпбектің Ғазизаға көрсеткен қорлығы. 

4.Ғазизаның науқастанып қалуы. 

5.Үзілген жас ғұмыр. 

6.Ел ішіндегі лақап әңгіме. 

7.Батима әңгімесі. 

8.Қабір басындағы құран. 

«Білекке білек» (1933) 

«Іздер» (1932)

 

«Асыл нәсілдер» (1947)



 

«Бүркітші» (1937)

 

М.Әуезовтің  



30-40 жылдары 

жазған әңгімелері 

«Шатқалаң» (1935) 

«Құм мен асқар»(1935) 

«Қасеннің құбылыстары» (1933

«Үш күн» (1934) 



 

Шығарманың  мазмұнын  класта  оқыған  кезде  оқылып  жатқан  бөлімдердің  басты-басты 

эпизодтарын  ашатын  сұрақтар  қойып,  тұжырымдап  отыру  керек.  Ал  үйге  беретін  бөлімдердің 

мазмұнын  қысқа  түрде  айтып  беріп,  өз  беттерімен  оқуды  тиімді  ұйымдастыру  үшін  сұрақтар  беріп, 

соған жауап беру талап етіледі. Мысалы: 

1.

 



Ысмайыл Ғазизаға не үшін ренжіді? Қалиманға қандай мінез көрсетті? 

2.

 



Іслам мен Ғазизаның арасында не туралы әңгіме болды? 

Мәтінмен  жұмыс  кезінде  мұғалім,  әсіресе,  оқиғалармен  қабаттаса  келіп  отыратын  суреттеу, 

портреттеуге  ерекше  көңіл  бөлуі  керек.  Сол  себептен  де  осы  үйге  берілген  бөлімді  сұрақтар  арқылы 

талқылай  отырып,  кітаппен  жұмыс,  яғни  практикалық  жұмыс  арқылы  портреттеу,  суреттеулерді 

толтырып, олар қандай тілмен берілген, оның шығармадағы орны, маңызына да тоқталып отыру тиімді 

болып табылады. 



Көркем шығарма 

Пейзаж, суреттеу 

Дәлелдеме 

«Кім кінәлі?» 

 

Іслам – қызыл шырайлы, ұзын қара шашы бар, 



әйел пішінді жіңішке, ұзын бойлы жігіт. 

 

 



 

Үйге  тапсырма  ретінде  беріліп,  класта  талданғалы  отырған  шығармалардың  санына 

байланысты  топ-топқа  бөліп,  берілген  әңгімелерді  өз  бетттерімен  оқып  келуге  жұмылдыру  керек. 

Жазушының  алғашқы  әңгімелері  қысқа,  оқиғасы  қызықты  болғандықтан,  өз  беттерімен  талдауға 

ұсынудың  күрделігі  жоқ.  Жоғары  кластарда  көркем  шығармаларды  өз  беттерімен  талдауға  көп  көңіл 

бөлу дұрыс [5, 107-б.].  

Әңгімелер  негізіндегі  осындай  басты-басты  проблемаларды  дөп  тауып,  тұжырымды,  нақты 

ғана  талдау  жасау  –  жоғары  кластарда  әңгіме  жанрын  өтудің  ең  бір  өзекті  мәселесі.  Проблемалық 

шешу төмендегідей сұрақтар арқылы жүзеге асырылмақшы. 

1.

 



Еркелетіп өсірген қызы Ғазизаға әкесі мен шешесі Ысмайыл, Қалиманның мінез көрсетуі 

не себепті? 

2.

 

Іслам Ғазизаға деген сезімін неге ашық көрсетпейді? 



3.

 

Жазушы осы оқиға арқылы нені көрсеткісі келген? т.б. 



Сонымен қатар оқушыларға алдын-ала берілген тапсырмалар беруге болады: 

1.

 



«Кінәшіл бойжеткен» әңгімесі бойынша тұжырымды қысқа аннотация, талдау жазу. 

2.

 



Әңгімедегі суреттеу мен портреттеуге назар аудару. т.б. 

М.  Әуезов  әңгімелерін  оқыту  барысында  осындай  талдау  жасау  арқылы  әңгімені  жан-жақты 

түсіндіріп, танымын қалыптастыруға болады. 

М.  Әуезов  шығармалары  бүгінмен  ғана  өмір  сүруге  болмайды  деп  үйретеді,  өткен 

қиыншылықтардан  сабақ  алу  арқылы  бүгінгі  күн  мәселелерін  шешуге  және  келешекте  кездесетін 

қиыншылықтарды  жеңетін  жолдарды  көрсетеді.  Қазіргі  заманғы  жастарға  тигізер  әсері  мол,  өзінің 

күнделікті  алып  жүрген  білімін,  ерік-жігерін,  шығармашылық  белсенділігін  іс-әрекеттің  белгілі  бір 

түрін  меңгеруге  жұмылдырып,  өмір  ағымына  икемделеді.  Мұхтар  Әуезовтің  бай  рухани  қазынасын 

мектеп бағдарламасында түгелдей шолып өту мүмкін емес. Әйтсе де, жазушының әңгімелеріне талдау 

жасап,  оқытуға  міндеттіміз,  өйткені,  жеткеншек  ұрпаққа  ұлттық  тәрбие  беруде,  танымдық  деңгейін 



арттыруда М. Әуезов шығармаларының маңызы зор. 

 

Әдебиеттер 

1. Мырзағалиев Қ. Қазақ әдебиеті. Алматы: Мектеп, 1987. 

2. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Санат, 2002. 

3. Қазақ әдебиетінің тарихы: Кеңес дәуірі (1941-1956). Алматы, 2004.  

4. Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы: Рауан, 1994. 

5. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту  әдістемесі. Алматы: Рауан, 1997.  

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет