Мифологиясы


Мифтердегі мәдени нысандар



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата03.03.2017
өлшемі13,35 Mb.
#6392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Мифтердегі мәдени нысандар
тиологиялық мифтердің бір саласына мэдени объектілердің шығу 
туралы  мифтер  жатады.  Бұнда  «табиғи  нысан  -   мәдени  нысан»
жасалған
құндылықгардың  мэні, сыр-сипаты түсіндіріледі
1. 
Құрал-саймандардың пайда болуы туралы. 
Бұған  ұстаның  қысқашы,  диқанның  кетпеніі 
туралы мифтерді жатқызамыз.
Мәдени
Бұған
туралы мифтер
туралы миф
оттың қалаи
60

4.  «Қонақасы» салтының пайда болуы.
Бұнда 
элеуметпк қатынасты реттеуші итілікті салттың пайда болуы 
туралы әңгімеленеді. 
>
Құрал-саймандар.
  Қазақта  ұстаның  қысқашы  мен  диқанның  қара 
кетпенінің қалай пайда болғандығы жөнінде әңгіме бар.
Әлемдік  мифологияда  жасампаз  қаһарман  қауымға  мәдени  игі- 
лікгерді  тауып  береді  немесе  өзі  жаңадан  жасап  береді.  Ол  алғашқы 
отты  табады,  еңбек-кәсіп  құралдары  мен  мәдени  өсімдіктерді  өмірге 
әкеледі,  көпір,  баспана  тұрғызады,  қайық  істейді,  сонымен  қатар  қа- 
уымның өмір сүру ереже-ырымдарын жасақтап, оларға азық-түлік табу 
тэсілі  мен  қолөнерді  үйретеді.  Осылайша  жасампаз  қаһарман  екінші 
санаттағы,  яғни  жасанды  қолтума дүниелерді  өмірге  әкеліп,  қауымды 
табиғаттан  оқшаулап,  адамға  тэн  өмір  сүру  салтын  қалыптастырып, 
мәдени  құндылықтарды жүзеге асырады.  Бұл  істері  арқьшы жасампаз 
қаһарман  жаратушы  мен  адам  қауымының  ортасына  дәнекершілік 
қызмет атқарады екен [155, 67-6.].
Бір сөзбен  айтқанда,  екінші  санаттағы  мәдени  нысандардың  пайда 
болуына  жасампаз  қаһарман  белсенді  эрекет  жасап,  осы  игілікті  іс- 
терден соң табиғат  пен  адамның аражігі  алшақтағаны  көрініс табады. 
Осы  тақырыптағы  мифтерде  адам  әлеуметтік  тіршілік  иесі  ретінде 
өмір  сүруге  қадам  басып,  хайуанатгар  әлемінен  бөлінуі  таңбаланады. 
Игіліктерді  көбінде  түрік-моңғол  халықгарының  ежелгі  тотемдері  -
(Гфг
қарлығаш, ит, жылан, кірпі секілді «жартылаи-хаиуан, жартылаи адам» 
тәрізді  кейіпкерлер  атқарып,  архаикалық  жасампаз  қаһарманға  үндес
әрекеттер жасайды.
Айтылған жайттардың сілемін қазақгағы ұстаның қысқашы мен ди- 
қанның  кетпенінің,  сондай-ақ  алғашкы  от  пен  бидайдың,  қымыздың 
пайда болуы туралы мифтерден байқауға болады. Бұл мифтерде ежелгі 
дәуірде түрік-моңғол халықтарына тотем болған ит пен жылан  немесе 
қарлығаш  құсы  жасампаз  қаһарманға  үндес  қызметтерді  атқарады.
Мысалы:
«Ежелгі  заманда  Дәуіт  ұста  киелі  өнерінің  шарапатымен  қалың 
қауымын  асыраған  екен.  Оның кереметтігі  сондай,  жалаңаш  қолымен 
қызыл  шоқты  көсіп,  нарттай  қызған  темірді  ұстап,  ие  біледі  екен. 
Өкініштісі,  осы  өнері  баласына  қонбайды.  Себебі  баласы  ұсталықтың 
сертін бұзып, елден ақының сыртында пара алып, күнә жасайды. Соны 
сезген Дэуіт: «Мен өлген соң халық қиналады, сонда, балам, сен менен 
жұқпаған өнерді иттен үйреніп, жан бағарсың», —деп өсиет қалдырады. 
Айтқандай-ақ, ұста баба өмірден өткен соң қауымы күйзеле бастайды. 
Ал  баласы  дүкен  құрып,  темір  соғайын  десе,  жалаңаш  қолымен  отты 
көсеп,  балқыған  темірді  алуға  алақаны  күйіп,  жарамайды.  Ол  әбден 
тарығып, қарап отырса, ит алдыңғы сирағымен сүйекті қысып ап, мүжіп
ІІ

отьфғанын көреді. Әкесінің айтқаны есіне түсіп, ол итке еліктеп, оньщ 
сирағына  ұқсатып  қышқаш  соғып,  сонымен  қызған  темірді  ұстап,  іс 
соғатын  болыпты.  Осылайша ұстаның  қышқаш  сайманы  алғаш  пайда
болса керек» [78,126-6.;  107]. 
;  • 

Щ
Бұл сюжеттен ұсталардың ілкі бабасы Дэуіттің керемет қасиеттерін 
көреміз.  Ұстаның  қысқашы  итке  еліктеуден  пайда  болып,  ит  қауымға 
үлғі  көрсетуші  жасампаз  қаһарманға  ұқсас  міндетгі  атқарып  тұрғаны
қызықгы жайт.
Әлем  халықтары  Жаратушыны  ең  ұлық  шебер  ретінде  елестетеді 
[54,  Б.208-209].  Қазақ тәңіріні  «Жаратқан»,  «Жасаған»  деп  те  атаған. 
Мифтік таным  заңдылығына  сай  бүгінгі  ұста қолына  балғасын  ұстап, 
Дэуітке сыйынып, ырым жасағанда ежелгі замандағы ілкі-ата ұстаның 
-чянпы 
мирасқорына айналады.  Яғни тарихи уақыт  пен  мифологиялық 
уакыт тоғысып, казіргі ұста  бағзы рух-иенің атынан іс соғады. Осындай 
ежелгі  түсініктерге,  ырым-кэделерге  байланысты  ұста  культі  өмірге 
келғен.  ¥ ста  -   отты  игеруші,  қара  темірді  қамырдай  илеуші  керемет 
иесі.  Ал  Тэңір  ең  ұлық  шебер  болып  саналады.  Әлем  халықтарының 
мифологиясында  сол  себептен  жасампаз  қаһарман  ретінде  ұстаға 
табыну сарыны мол кездеседі [156, Б.21-22]. Қысқасы, ұста жаратушы 
мен  адам  қауымының  арасын  жалғастырушы  дәнекерші  тұлға  болып
саналады. 
^
Қазақ  халқы  да  ұстаның  дүкенін,  көрігін  киелі  санаған.  Аурушаң
адамдар көрікке ақгық байлап, тэу еткен, дүкендегі темірдің қақтарын 
эйелдер  шипалы деп ырымдап, суға қайнатып ішкен соң, жүкті  болған. 
Ежелгі  түсінікте  ұста  мен  бақсы  кереметке  ие,  тылсыммен  тілдесе 
алады.  Екі  тұлға да  дәнекерші,  қауымнан бір саты жоғары  әлеуметтік 
мэртебеге  ие  екендігі  ғылымда  дәлелденген.  Сондықтан  да  қазактар 
ертеде бақсы мен ұстаны қауымнан оқшау жерлеген [157, 319-6.].
Қазақта  ұстаның  пірі  — Ер  Дәуіт.  Ол  күніне  тоқсан  әскерге  сауыт- 
сайман соққан деген аңыз бар. Дэуіт пайғамбар туралы Құран Кәрімнің 
Бақара  сүресінде:  «Алла  Дэуітке  патшалық,  даналық  берді.  Әрі  оған 
қалағанын  үйретті.  (Темірден  сауыт жасау,  құстардың тілін  білу т.б.)» 
деген  [91,41-6.].  Бақсы сарынында:
«Әуеден көмір түсірген,
От жақпай темір пісірген!
Қау көрігі бақылдап,
Балға төсі шақылдап,
Ер Дәуіт пірім, сен қолда!
Сен қолдасаң, мен мұнда», -
деген жолдар бар [158,224-6.].
62

Алагіда,  ұстаның  қысқашы  туралы  сюжет  пен  Дэуіт  пайғамбар 
есімі  моңғол фольклорында  кездеспейді.  Өйткені бұл сарынның арғы 
төркіні  иелам дінімен  байланысып  жатқандығы  байқалады.  Моңғолда 
ұста  культі  бар.  Рашид-ад-дин  моңғолдардың  жаңа жыл -  Шаған  айы 
келғенде  Эрғенекөң  өлкесінде  темір  қорытып,  тар  шатқалды  тесіп 
шыққан  деген  аңызды  елестетіп,  хан  әулеті  көмір  дайындап,  темір 
кыздырып,  төске  қойып,  балғамен  ұрып  рәсім  жасайтынын  жазады
[
159
,
154
-
6
.].
Диканның  кетпенінің  пайда  болуы,  нақтырақ  айтқанда,  «Қара  кет- 
пеннің  маңдайындағы  тесіктің  пайда  болуы  туралы»  сюжет  те  моң- 
ғол  халқында  жоқ.  Қазақта  «Қара  кетпеннің  маңдайындағы  тесік  қа- 
лай  пайда  болган?»  деген  сауалға  жауап  беретін  этиологиялық  миф 
сақталған.  Ол былай:
«Ерте,  ерте,  ертеде бір адам  кездейсоқ оқ жыланның ордасына тап 
болып,  оларды  жазықсыздан  жазықсыз  талқандап,  қастық  жасайды. 
Жапа  шеккен  жаралы  жыландар  сол  адамның  соңына  түсіп,  шағып 
өлтіруге серттеседі. Қаскөй пенде жыландардан қашып, шыбын жаны- 
на  сауға  тілеп,  дүниенің  төрт  бұрышын  шарласа  да,  қуғыншылардан 
құтыла  алмайды.  Қайда  барса  да,  алдынан  ысқырынып,  заһарын  ша- 
шып,  қаптаған  қалың жылан  өріп  шығады.  Шарасыз халге тап болған 
пақыр  бұл  жайтты  айтып,  әулиеге  барып  паналайды.  Қария  «Жайына 
жатқан  жыланның  құйрығын  өзің  басқан  екенсің.  Ордалы  жыланның 
жолына  ешкім  тосқауыл  бола  алмайды.  Атылған  оқжылан  тасты  да, 
болат  темірді  де  бордай  үгітіп,  тесіп  өтеді.  Бірақ  дүниеде  ешкімнің 
аттауына,  таптауына  болмайтын  бір  ғана  ұлық  нәрсе  бар.  Ол  -   нан. 
Нанды  өсірген  диқанның  кетпені  де  қасиетті»,  -   дейді.  Содан  қария 
ауылдастарын жедел жинап, қазанға салып, қарыма нан пісіртіп, жігіт- 
ті  жатқызьш, сол  нандармен оны  қаптап тастайды.  Жыланның келетін 
жолына  кетпенді  қарсы  қойып,  адамдар  Аллаға  сыйынып,  қарап 
отырады.  Бір заманда  ысқырынып,  айбат  шегіп, тұқым-тұяғын  бастап 
ордалы  жыланның  патшасы  келеді  де,  бар  пәрменімен  қара  кетпенге 
қарай атылады. Кетпеннің темірін қас-кағым сәтте қағаз ғұрлы көрмей, 
қақ  ортасынан  тесіп  өткен  оқжыланның  тұмсығы  нанға  тигенде 
майырыльш,  ирелең  ете  түседі.  Бұны  көрген  адамдар  «тэуба,  тэуба!» 
деп жаратқанға жалбарынады. Осылайша жеңіліс тапқан жыландар кері 
шегініп,  кайтып  кетеді.  Содан  кейін  қазақ баласы  нанды  бұрынғыдан 
да  кадір тұтып,  касиетіне бас  ұратын  болыпты.  Ал диқан  атаның қара 
кетпенінің маңдайындағы жалгыз тесік осыдан  кейін  пайда болыпты-
мыс» [ 151; 2 1, Б.65-66].
Бұл сюжет моңғол халқында жоқ.  Миф Сыр бойында ежелден егін- 
шілікпен айналысатын халықі ың арасында айтылатындығы тегін емес.
63

Осы өлкенің бақсылары  науқас адамды кетпенмен ұшықгайтын болған
[160,147-6.]. 
м 
Щ
Сонымен,  бұл  өңірде  диқаншылық  кэсібіне  байланысты  кетпенге 
табыну  жосыны  қалыптасқандығын  андаймыз.  Ал  малшылықпен  ай- 
налысатын  моңғолдарда жэне  қазақ даласының басқа өңірлерінде бұл 
сюжет эзірше белгісіз. Рас, ит пен жылан түрік-моңғол халықтарының 
ежелгі  тотемі  болғандықтан,  оларға табыну  салты  екі  халықга  ортақ
кездесетіні ақиқат. 
і
Мифте мәдени объект кетпен мен нан табиғи нысан жыланға қарсы
қойылғанын  көреміз.  Нэтижесінде  жылан  жеңіліске  ұшырал,  адам 
еңбегінің  өнімі  кетпен  мен  нан  ұлықгалады.  Мифтің  құрьшысынан 
«жылан-кетпен», «жылан-нан» деген кереғар түсініктердің шендескенін 
байқаймыз.  Бұнда  ежелгі  тотем  жылан  адамның  қолтума  өнімі  -  
наннан  жеңіліс  табады.  Еңбек  құралы  кетпеннің  маңдайындағы  тесік 
жьшанның  шабуьшынан  пайда болады.  Бірден  айтарымыз,  бұл  мифте 
жылан  жасампаз  қаһарман  емес,  ол,  керісінше,  адам  туындысы  — 
кетпенге қарсы шабуылдаушы, оның маңдайын тесуші. Мифтің мэнінен 
«кетпен  киелі,  ол  адамды  жыланнан  қорғап,  содан  маңдайы тесілген, 
ал  кетпен  өсірген  нан  одан  да  киелі,  оған  жыланның  элі  жетпеген» 
деген  түсініктерді  білуге  болады.  Жылан,  негізінен,  мэдени  нысанға 
қарсы  келуші  емес,  ол  күнаһар  адамнан  кек  алушы  ғана.  Түйіндесек, 
бұнда  жылан  мәдени  құндылықгы  жүзеге  асырушы  жасампаз  қа- 
һарман емес, тек қана кездейсоқ жағдайда кетпеннің маңдайын тесуші. 
Бірақ, қайткенмен де, кетпеннің маңдайындағы тесіктің пайда болуына 
төменгі элем өкілі жыланның эсері болғаны мифте бейнеленген.
Әлемдік  мифологияда  тотем-баба  құрбандыққа  шалынғанда  құн-
дылықгар  пайда  болатын  сарын  бар  екенін  айттық.  Ал  қазақ  мифо- 
логиясының  поэтикалық  ерекшелігі  сол  -   қандай  бір  құрбандық  қас- 
көйліктің, жауыздықтың нәтижесінде атқарыл ып, соның эсерінен кейб ір 
мәдени  нысанның  кескін-келбеті,  түр-іұрпаты  пайда  боп,  құндылық 
жасалып жатады. Яғни ежелгі түсініктегі қасиетті құрбандық сананың 
дамуына  байланысты  жауыздық  эрекетке  трансформацияланып  кет- 
кен болу керек.  Бір қызығы сол -  қазақ пен түрікмен мифологиясында 
жауыздық  әрекет  жасалғанымен,  мэдени  нысан  күйреп-жойылмайды, 
керісінше,  бүгінгі  қажетті  өтейтін  кемелденген  қалпына  келеді. 
Мысалы, қазақта Шыңғыс хан домбыраның  көмейіне қорғасын құяды, 
нэтижесінде оның шанағындағы тесік пайда боп, қазіргі эйдік қалпына 
келеді.  Ал  түрікменде  Хазірет  Әли  дауысы  ерекше  зор  дутардың 
бұрынғы  72  пернесін  шауып  үзіп,  12  перне  қалдырып,  аспапты 
реттегені  айтьшады  [272,  58-6.].  Біз  талдап  отырған  сюжетге  жылан 
кетпенге  атьшады,  есесіне  диқанның  қүралы  қазіргі  үздік  пішінге
64

ие  болады.  Кетпеннщ  түр-тұрпатына  өзгеріс  енгізгенімен,  бұндагы 
жылан  жасампаз  қаһарман  емес  екендігін  айттық.  Бұның  өзі  қазақ 
мифологиясының  поэтикалық  бір  ерекшелігін  көрсетеді.  Жылан  қас- 
көйлік  багытта болғанымен,  бұл  мифтің  мәнінен  «Жылан -  қасиетті, 
ол күнаһарды жазалаушы. Бірақ жыланнан -  кетпен, одан нан қасиетті» 
деген түйіндерді байқаймыз. Осылайша ежелгі тотем-жылан жасампаз 
қаһарман  міндетін  тікелей  атқармағанымен,  мэдени  нысан  кетпеннің 
пішінін  жасауға  қатынасып,  бір  сөзбен  айтқанда,  кетпеннің  қасиетті 
сипатқа ие болуына көмектесіп тұр.
Мэдени  өсімдіктердің,  қымыз  бен  айранның  шыгуы.
  Қазақ- 
моңғолдағы  кейбір  дэнді  дақылдардың  шығу  тегінің  арғы  төркіні 
ежелгі құрбандық салтымен сабақтас болуы ықтимал. Мысалы, қазақта 
күрішті  пайғамбардың түскен тісінен  өнген,  шие жемісі  мен алманың 
гүліне  қасиетті  жанның  қаны  тамған,  көкнәр  шөбі  жыланның  уы 
араласқан  пайғамбар  түкірігінен  өнген  деген  сюжеттер  кездеседі  [79, 
98-6.;  104,  22-6.;  105,  111-6.;  107].  Қазақ мифологиясының ерекшелігі 
сол, онда эдетте құрбандық жаудың немесе мергеннің қатыгездігі деп си- 
патталады, бірақ түпкі нәтижеде кейбір өсімдіктің түр-түсі қалыптаса- 
ды, басқаша айтқанда, әрекет жауыздық деп түсіндірілгенімен, игілік- 
тер пайда болатын сюжеттер бар (Қосымша Б).  Мәселен, катал мерген 
шие ағашына  қонған  көгершінді  атқандықтан,  оның қаны тамады да, 
шие  жемісі  қызыл  түсті  болады  немесе  бала  мерген  көгершін-рухты 
атқандықтан,  алма  гүліне  қаны  шашылып,  қызыл  өңге  боялған  деген 
сарын  қазақга  бар.  Ал  дэл  бұндай  сарын  моңғолда  кездеспегенімен, 
апиын,  темекілер  қайтыс  болған  эйелдің  жамбас  сүйегіне біткен  деп 
кейбір  дақылды  аруактар  элемімен  байланыстырып,  жанның  басқа
тұрпатта тірілуін тұспалдайтын дерек бар [45, Б. 164—165; 68, 32-6.; 65, 
Б.42-44].
Қазак пен моңғол халықтарында қымыз бен айранның пайда болуы
туралы үқсас сарындар бар.
Қазақта  Қамбар  ата  жылқыны  алғаш  рет  қолға  үйретеді,  тұңғыш
қымызды  ашытады,  өйткені  биенің  сүті  не  айран,  не  ірімшік,  не  сүт 
болмайды  отка  піспейді,  содан  Қамбар  ата  ашытып,  қымыз  жасап
үйретеді [161,100-6.;  162,226-6.].
Сахада жоғарғы элемнен келген рух-ие Эллэй алғашқы қымызды, ак 
қүюға арналған ыдыс-аяқтарды, сонымен бірге бие байлағанда аткаруга 
тиісті ысыах салтын өмірге әкелуші жасампаз каһарман  [86, 296-6.].
Ал қымыздың шығу тегі туралы моңғол сюжеті былай:
«Ертеде жалғыз биесі бар бір адам көл жагасын мекен етеді. Бір күні 
жалғыз биесі құлындап, ол аяқтана алмай, көлге құлап өліпті.  Биесінің 
желіні сыздағандықтан, олар сүтін сауып, жия беріпті. Бір күні таудағы
әулиеге зекет бергелі барған үЙ иесі:
65

— Бір  бием  бар  еді.  Құлыны  өлген  соң  сүтін  сауып,  жинай  берген
едік. Сүті ащы, бір түрлі дэмді, -  дейді.
Сонда әулие: -  Е, оны қымыз дейді, маған алып келіңдер. Содан кейін
күш-қуаты  барларың  ағашқа  арқан-жіп  байлап,  дайын  отырыңдар,  —
дейді». Көп кешікпей аспаннан қалың жылқы түскенде адамдар шама-
шарқынша  байлап-матап  алыпты,  жылқы  мен  қымыз  алғаш  солай
пайда болған екен [45, 85-6.].
Бүдан алғашқы жылқыны ұстап, тұңғыш қымызды ашытып үйретуші 
қазақта  Қамбар  ата,  сахада  жоғарғы  әлем  өкілі  Эллэй,  моңғолда  тау
эулиесі екендігін білдік.
Моңғол мифінде жылқы аспаннан түскендігі айтылады. Бұған ұқсас
сарын қазақта да бар.  Мысалы,  «Жылқыны алғаш ұстап  экелгенде бір 
ақсақал:  -  ЖаЛ-құйрығы  қанат екен, төрт аяғы  болат екен,  жануардың 
жүрген жері жаугершілік екен,  шырақтарым, осыны тапқан жерлеріңе 
апарып тастаңдар, — деген екен» деген аңыз бар [163, 60-6.].
Бұнда  жылқының  «жал-құйрығы  қанат  екен»  деп  құсқа  балануы 
ол  аспан  текті  хайуан  деген  түсініктен  туса  керек.  Өйткені  арғы 
бабаларымыз  хуннуларда  аспан  жылқылары  туралы  аңыздар  болған. 
Ол  жайында  ғалым  Л.П.  Потапов:  «Ежелгі  хуннуларда  Давань  деген 
биік  таудың  ұшар  басында  аспан  жылқылары  мекен  етеді,  оларға 
биелерді  жіберу  арқылы  шағьшыстырып,  құлынын  алуға  болады» 
деген  наным-сенім  болғанын  жазады.  Сондай-ақ  ғалым  сахалардың 
эпосы  мен түсінігінде  жылқы көктен  жаралғандығы  бейнеленгендігін
айтады [164,176-6.].
Моңғолдарда  айранның  пайда  болуы  туралы  миф  бар.  Бұл  сюжет
қазақта  жоқ екендігі  белгілі.  Онда:  «Ертеде  бір  кемпір  сиырын  сауса,
оның  сүті  күндегіден  қышқьштым,  эдемі  болған.  Себебін  сиырынан
сұраса,  ол:  «Балжин бүбінің сүті тамған Онон  арасанын  ішкен  едім», —
дейді.  Содан  бастап  адамдар  Балжин  бүбінің  киелі  сүті  тамған  Онон
арасанынан ұйтқы алып, айран жасайтын болған екен» [45,  170-6.].
Түйіндеп  айтқанда,  қазақ  пен  моңғол  халықгары  жылқыны  аспан
текті  хайуан  деп  түсінген  жэне  де  жылқыны  қолға  үйретуші  ілкі
бабаның  (қазақта  —  Қамбар  ата,  моңғолда  — тау  әулиесі)  қымызды
да  алғаш  ашытуға  ықпалы  болған  деп  ұққан.  Сонымен  бірге  айран
туралы  сюжеттің  қазақта  жоқ  екендігі,  яғни  біздің  мифология  кейбір
ерекшелікке ие екендігі де анықтала түсті.
Қазақ  пен  моңғолда  мәдени  өсімдіктердің  пайда  болуы  туралы 
мифтер бар. Моңғолда арақ пен темекі, апиынның пайда болуы  туралы 
мәтіндер  кездеседі.  [65,  Б.42—
44].  Мәселен,  бурятта  шарапты  алғаш 
жасаған  Шыңғысхан  деп  аңыздайды  [68,  Б.91-94].  Ал  бұндай  сюжет 
қазақта  некен-саяқ.  Әйткенмен  көкнәрдің  шығу  тегі  туралы  мынадай 
сюжетті  ел  аузынан  жазып  алдық:  «Діни  кітаптарда  Мұхаммед  пай-
66

ғамбардың жүзін  көрген  адамдар  мен  айуандар тозақ отына күймейді 
деген  тэмсіл  бар.  Бір  жылан  Алла  тағалаға  мінэжат  еткен.  «Ақырғы 
пайғамбардың  жүзін  көрсем»  деген  соның  тілегін  қабыл  етіп,  Апла 
тағала:  «Пәлен  жердің  пәлен  деген  тауында  үңгір  бар.  Пайгамбар 
қасында бір жолдасымен сол тауға түбінде бір кіреді» деген екен. Жы- 
лан сол үңгірде күтіп жатып, пайғамбардың жүзін көру үшін көптеген 
тесік тесіп,  ін жасаған екен.  Күндердің күнінде пайғамбар үңгірге ке- 
ліп кіреді. Қасында бір досы бар. Екеуі келіп кірсе, артында бір қуғын- 
шы келе жатыр. Қуғыншының қүмырсқаның ізін шығаратын ізшісі бар 
екен. Айтады,  осы үңгірге кірді деп.  Өрмекші деген жәндік бар. Ол да 
Мұхаммед пайғамбардың жүзін көрмекші-ау енді. Пайғамбар кірісімен, 
өрмекші  үңгірдің  аузына  өрмегін  тоқып  жөнеледі.  Ізші  келіп,  көріп: 
«Мүхаммед  пайғамбар  осы үңгірде», -  дейді.  Сонда жаудың патшасы 
айтады:  «Әй, ол осында болса,  анау өрмекшінің өрмегін бүзып кірмей 
ме?!  Сенікі  өтірік»,  -  деп,  ананың  сөзіне  сенбейді.  Баяғы  жылан  сол 
үңгірге  адам  кіргенін  байқайды.  Ол  «Пайғамбар  келген  шығар»  деп, 
көруге  ниет  етіп,  баяғы  дайындап  кеткен  тесіктің  бэріне  барса,  бэрі 
пгүберекпен тығындалған екен. Себебі пайғамбардың қасындағы досы 
тесіктің бэрін киімін жыртып, бітеп, сақгық жасаған. Сонда бір тесікті 
бітеуге  киімдері  жетпей  қалған  екен де,  сол  тесікті  алақанмен  жауып 
түр екен дейді. Барлық тесікті жылан тіміскілесе, бітеу. Ақыры, жылан 
бостау  тесік  осы  деп  шағып  алса,  ол  элгі  пайғамбардың  досының 
алақаны  болады.  Жыланның  уы  тиген  соң,  жолдасы  шыркырап,  ма- 
засызданғанда  пайғамбар  жьшан  шаққан  жарақатты  сорып  ап,  жерге 
түкіре  берген.  Сол  жерге  соңынан  көкнәр  деген  шөп  шыккан  деп 
үлкендер айтып отырады.  Әлгі жылан  пайғамбардың жүзін көрмек-ау, 
шамасы, бірақ «Мен өмір бойы күткен қонағыма қастық қылдым» деп
өкініп, басын тасқа үрыпты деседі» [107].
Ал  арақ  пен  темекі  туралы  мәтіндер  қазақта  кездеспейді,  өйткені 
бүндай зиянды заттарға дінде қатаң тыйым салатыны белгілі. Бидайдың 
пайда  болуы  туралы  қазақ  пен  моңғол  халықтарындағы  сюжет  ортақ 
екендігіне көз жеткіздік. Оның моңғолдағы нұсқасы былай:
«Ертеде  ауа  райы  жылы  болып,  адамдар  молшылықга  өмір  сүріп, 
аспаннан  аппақ  ұн  жауатын  тоқ  заман  болған  екен-мыс.  Сол  уақытта 
бір кесір эйелдің көргенсіз баласы ауыр дэреттен соң  құйрыгын аппақ 
ұнмен тазалаған. Соның кепиеті атып, жаратушы қаһарланып, аспаннан 
ұн орнына ак қар жауғызған екен дейді.  Адамдар аштықган қырылып, 
үсіп  өле  бастайды.  Сол  кезде  ит  жаратқанға  жалбарынып,  несібе 
сұрайды. Құдай оған бір тал бидайдың масағын береді. Осылайша иттің 
арқасында адамдар алғашқы дэнге ие боп, содан бастап оны жерге егіп, 
ырыздық  ететін  болған  екен.  Біздің  қазіргі  жеп  жүрген  нанымыз  сол 
иттің  несібесі  екен,  сондықтан  ит  жеті  қазынаға  жатады.  Ал  зауалға
67

ұшыраған адамдар бидайды молайтып егіп, азық-Түлігін ауыр еңбекпен
дайындайтын болған екен»  [45,229-6.; 68, 28-6.].
Түрік-моңғол халықтарына кең таралған бұл мифтің қазақтағы  нұс- 
қасы  «Этнографическое  обозрение»  журналында  жарияланған  [165, 
69-6.].  Осы  сюжетті  1889  жылы  Тарбағатайдағы  қазақтар  мен  моң- 
ғолдардан  жазып  алған  А.Ивановский:  «Киргизский  вариант  того  же 
сказаний  представляет  собою  странное  соединение  легендарных  мо- 
тивов», — деп түсінік жасап, осы сюжеттің басқадай халықгар арасында 
бар  екендігі  туралы:  «Из  сказаний  такого  рода,  как  уже  указано  бы- 
ло  известны:  великорусское,  малорусское,  болгарское,  польское,  мон- 
гольское,  малоазиатское  и  др.»,  -   деп  жазады  [165,  Б.264-265].  Бұл 
мифтің моңғол тіліндегі нұсқалары «Моңғол халқының мифологиясы» 
деген  кітапта- жарияланған  [45,  167-6.].  Келесі  бір  нұсқасы  Г.Н.  По- 
таниннің  «Очерки Северо-Западной Монголии» деген еңбегінде жарық
көрген [79,352-6.]. 


^
Біздің ойымызша, алдымен  бұл сюжетте тарихта болған табиғаттың 
күрт  тондану  кұбылысы  көрініс  тапқан.  Сонымен  бірге  терімшілік 
дәуірі  аяқталып,  енді  егіншілік  басталғандығы  әңгімеленген.  Қолға 
үйретілген алғашқы хайуандардың бірі,  адамның серігі — ит ілкі дәнді 
жаратқаннан  сұрап  алушы  мифтік  жасампаз  қаһарманға  айналып 
отырғандығы қызғылықты. Осылайша, бізге белгілі болғандай, ұстаның 
қысқашы  мен  бидайдың  масағының  итпен  байланыстырылуы  ежелгі 
тотемдік түсініктен  анық хабар береді.  Итгің түрік-моңғол халықтары
үшін тотем-баба екендігі айқын.
Бұл мифте ит жаратушы мен адам қауымының ортасына дәнекерші-
лік ететін жасампаз қаһарманға үндес қызмет атқарып тұр. Әйткенмен, 
рух-иелік  стадиядағы  кезеңінде  элемдік діндердің эсерімен  ыдыраған 
қазақ -   моңғол  мифологиясында,  эдетте,  жасампаз  қаһарман  Тэңірге 
тікелей  қарсы  келіп  немесе  белсенді  күрескерлікпен  игіліктерді  адам- 
дарға әпере алмайды, тек қана Құдайдың шапағатының арқасында ғана 
жақсылыққа  қол  жеткізеді.  Сондықтан  бұнда  ит  жартылай  жасампаз 
қаһарман  міндетін  атқарушы,  яғни  Құдайға  жалбарыну  арқьшы  ғана 
құндылыққа ие болушы екендігі айқындалып тұр.
Қазақга мақтаның шығу тегі туралы миф бар.
«Әзірет  Адам  мен  Хауа  ана  әжеміз  жұмақтан  шыққанда  өздерінің 
жалаңаш  денелеріне  құрма  жапырағын  жамылған...  Қазіргі  уақытта 
біздің  киімдеріміз  мақтадан  дайындалған  материалдан  жасалады. 
Мақта алғаш рет құрма пальмасынан жерге түскен тамшыдан өсе бас- 
таған  да,  кейіннен  біз  одан  мақта  өндіре  бастаппыз.  Ал  біз  киім-ке- 
шекті мақта кездемесінен осы себеппен кие бастаппыз, мұның өзі бізге
ежелгі заманнан мұра болып қалған»  [126, 226-6.].
Бұл сюжет моңғолда мүлде жоқ.  Өйткені  бұл  ислами сюжет будда
дінін ұстанатын моңғолдарға таралмаған болса керек.
68

Алтіицы  оттың  жануы.
  Кез  келген  мифологияда  негізгі  мэдени 
объектілердің  бірі  -   от.  Моңголдар  жер  ананы  «Этугэн  эх»  (Этугэн 
ана), оттың рух-иесін «Отхан, Г алайхан», бақсы әйелді «Удган», отқа ие 
болатын кенже баланы «Отчигин» «Отхан», жұлдызды «Од» деп атайды. 
Өзара  үйкелеп, от шыгарып алатын агашты «Уд мод» (Уд агаш)  деген. 
«От  ұрлағалы  шамды  айнала  ұшып  жүр»  деп  аңыздалатын  көбелекті 
«удған эрвэхий» (удған көбелек) дейді. Ал шумерлер от құдайын «Уту» 
деп атаған.  От сөзінің ежелгі тек-тамырында ортақ негіз бар екендігін 
осы мысалдардан-ақ байқауға болады. Моңғолдағы «Еіи§еп еке, о!е§еп 
еке»,  түріктердегі  ¥май  ана  сияқгы,  жер-ана  бейнесі,  көк  Тэңірдің 
зайыбы.  Ол  ана  мен  баланың,  өсіп-өнудің  қамқоры.  Моңғолдың  отты 
мадақгау  жырында  оның  есімі  аталады:  «От  ананың  бұлтқа  түтіні, 
Этүгенге  жылуы  жететіні»  дәріптеледі.  Біздің  ойымызша,  Этүгэн 
сөзінің түбірі түріктің «Отана», «Отхан» деген сөздерінен бастау алуы 
ықгимал.  Өйткені,  көне  мэдениетте  от  пен  ошақтың рух-иесі  көбінде 
эйел  бейнесінде  болатыны  ғылымда  дәлелденген.  Белгілі  ғалым 
Д.Банзаров: «Богиня огня у монголов носит туреңское название ут или 
от,  т.е.  огонь»,  -   деп  жазады  [166,  с.72].  Моңғолдар  оттың  рух-иесін 
«Отхан», ал ошақ дегенді «голомт» дейді, бұл түрік тіліндегі «қоламта» 
сөзімен парапар.
Қазақ пен моңғол халықгарында отқа табыну салтына  байланысты 
бағзы  ырым-кәделер  бар  екендігі  ғылымда  дәлелденген  [166,  72-6.;
150, Б. 169—196].
Екі  халықга  да  отау  көтергенде  арнайы  «от  жағарға»  сайланған 
бәйбіше  қара  шаңырақган  от  әкеліп,  алғашқы  отты  жағып,  «от  бөлу» 
рәсімін жасайды.  Осылайша ғұрыптық от бөлінген соң отау пайда бо- 
лады.  Бэйбіше  қара  шаңырақтың  ошагынан  шоқгы  қалақшаға  салып 
әкеп,  отауға  от  жағып,  кәде  алады.  Реті  келсе,  әкесінің  шақпағымен 
де  тұтататын  жосын  бар.  Моңғолдар  қазір  де  әкесінің  шақпагымен
отаудың отын жағады.
От  бөлу  рәсімінін  ертектерде  орын  алған  іздерін  С.А.  Қасқабасов
кешенді түрде талдаған  [90, 74-6.].
Ел  отты  қастерлегендіктен  түнде  үйден  отынның  қалдыгын  шыға- 
руға  тыйым  салған.  Жанып  бітпеген  шаланы  су  құйып  сөндіруге ты- 
йым. Егер үнемдеу үшін сөндіретін болса, «отауға жағамыз» деген жал- 
барынуды айтуға тиіс  [13,  79-6.].  Бұның бэрі  отты тірі деп  елестеткен
анимистік танымның сіпемдері екендігі анық.
Г алымдар тұңғыш оттың пайда болуы туралы мифтерден ежелгі дэ- 
уірдің тұрмыс-тіршілігін аңғаруга болатындығын айткан  [167, 538-6.].
Олар бұл тақырыптағы мифпгерді екі топқа жіктеген:
1. Отты алғашқы сақгап отырған  иесінен  құстың ұрлап алуы.
2. Оггы адамдар екі ағашты үйкеп шығарып алуы.
Қазақта отты  алғашқы  сактап отырған түп  иеден  ұрлап  алу туралы
69

мифтің  жұрнағы  сақталған.  Біз  бұл  сарындас  екі  мифтін  мэтінін 
кездестіріп  отырмыз.  Біріншісін  А.Ивановский  «Этнографическое 
обозрение»  журналына  жариялаған.  Онда  Фрук деғен  дуананың  отты 
Құдайдан  тіленіп  тозақтан,  яғни  ежелғі  түсініктегі  төменғі  элемнен
әкелгендігі жөнінде мәлімет айтылған.
«Ертеде  адамдар  отты  білмеген.  Олар  Құдайдан  от сұрағанда  күн
мен айды жаратқан. Сол кезде адамдар арасында Фрук деген бір ақылды
дуана  бар  еді.  Ол  жаратқаннан  от  сұраса,  «Адам  үшін  күндіз  күнді,
түңде  айды  жараттым»  дейді.  Сонда  Фрук  адамдар  жылынып,  тамақ
пісіретін  оттың  қажет болғандығын түсіндіреді.  Құдай  Фрук дуананы
тозаққа жібереді, ол сол жерден оттың ұшқынын алып шығып, адамдар
арасында от пайда болады» [165,265-6.].
Екінші нұсқаны ел аузынан өзіміз жазып алдық. Бұл шайтан көбелек
туралы миф.
«Ертеде  адамдар  отқа  ие  болған  соң  төменгі  қараңғы  әлемнің 
патшасы от әкел деп шайтан көбелекті біздің ортаңғы әлемге жұмсаған 
екен. Ол өз еліне жарық сәуле апарса, патшасы қызын беруге уэде етіпті. 
Содан  кеш  болса жынды  көбелек  от ұрламақшы  боп  шамды  айналып 
ұшады. Бірақ отгы қалай алудың айласын білмейді. Сөйте тұра пәруана 
қызға қызығып, көзсіздікпен отқа өртеніп өле береді-мыс» [76].
Бұл  мифтің толық  нұсқасы  моңғол  фольклорында сақталғандығын 
байқауға болады.  Енді соны келтіріп, салыстырулар жасайық:
«Ертеде адамдар  элемінде  от болмаған.  Адамдар кешке жақын  жо- 
ғары  әлемде от жағылғанын  байқап,  аспаннан от ұрлауға қарлығашты 
жұмсаған. Ол аспанға ұшып барса, отты жоғарғы әлемнің кемпірі күзе- 
тіп  отыр  екен.  Қарлығаш  отты  іле  қашқанда,  кемпір  қолындағы  қыш- 
қашпен  қарлығаштың  құйрығын  қысып  қалған.  Содан  қарлығаштың 
қүйрығы  айыр  болған.  Енді  біздің  әлемде  от  пайда  болғаньга  көрген 
төменгі  элем  патшасы  от  әкелуге  жынды  көбелекті  жұмсаған.  Соқыр 
көбелек  оттың  өзін  емес,  ұшындағы  көкшіл  жалынын  шымшып  ап, 
төменгі  элемге  апарған.  Содан төменгі  элемнің  отында  қызу  жоқ,  тек 
қана көкшіл жалын шығарады. Ал нағыз отты ұрламақшы болған соқыр 
көбелектің кеш болса отқа өртеніп өле беретіні содан»  [45, Б .161-162;
8 1 ’ 
7 5
- б *з- 

Шшшшж
Хакаста  қарлығаш  кұсы (харачхай) аспан элемінен немесе төменгі 
элемнен  от  ұрлап  экеледі.  Моңғолда  қарлығаш  тек  қана  жоғарғы 
әлемнен от экеледі. Ал бурятта, эдеттегідей, отты ұрлаушы — қарлығаш 
[264,  195-6.].  Хакаста  төменгі  элемде  от  күзетіп  отырған  айдаһар
жылан деген де түсінік бар [265,  148-6.].
Қазақга  қарлығаштың  отты  әкелгендігі  туралы  сарын  өзгеріске 
ұшырап,  көмескіленіп  кеткен  болу  керек.  Дэл  бұндай  мэліметгі  эзірге 
кездестіре  алмай  отырмыз.  Бірақ  «Қазақ  совет  энциклопедиясында»
70

мифология  туралы  жазылған  мақалада  «Прометейге  сэйкес  келетін 
бейне -  қазақта қарлығаш» деп, бұл құстың төменгі әлемнен адамдарға 
от  экеліп  бергендігін  айтады  [168,  67-6.].  Қарлығапггың  масаның 
тілін  жұлып,  төменгі  элем  патшасы  жыланның  қаупінен  адамдарды 
құтқарғаны  туралы  мотив  кең  таралғаны  белгілі.  Түйіндеп  айтқанда, 
қазақга да  оттың  пайда болуы  туралы  мифтің жұрнақтары  сақталған. 
Жекелеген  деректермен  эрі  моңғол,  бурят,  хакас  мифімен  салыстыра 
отырып,  оттың  пайда  болуы  туралы  қазақ  мифіне  реконструкңия 
жасауға болатын сияқты. Сонымен, қарлығаш -  жоғарғы әлемнен отты 
әкелуші, ал шайтан көбелек төменгі әлемге отты апармақшы қаһарман 
екендігін аңдаймыз.
Қазақ пен моңғол халықтарында  екі ағайынды жасампаз қаһарман- 
ның қос ағашты үйкеп, от шығарып алу мотиві мүлде сақгалмаған.
Австралиялық,  африкалық  байырғы  тайпаларда  екі  ағашты  үйкеп, 
от шығарып алу сарыны мол таралған [54,22-6.]. Осындай от шығарып 
алуга арналған ағаштың біреуін еркек, келесісін үрғашы рэмізі ретінде 
елестету әлемдегі дәстүрлі  мәдениет өкілдеріне тэн  ортақ түсінік  [64,
177

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет